Сабақтың толымдылығы
Сабақтың мақсатына жету үшін уақытты тиімді пайдалану қатынасы сабақтың толымдылығы деп аталады. Неғұрлым уақыт тиімді пайдаланылса, соғұрлім сабақтың толымдылығы жоғары болады.
Сабақтың толымдылығы алға қойған мақсаттың оқу бағдарламасының жетістіктерімен орындалуын көрсетеді.
Сабақты толымды болып өтуі мұғалімнің сабақты әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастыруына көңіл бөлуінде. Мұғалім сабақ жоспарын құру барысында сабақтың әр кезеңіне түсіндіруге ерекше көңіл бөлу керек.
Қай жерде жаттығуды қарапайым түрде, қай жерде толық әр аның түрде өзінің орындауымен еөрсетуі, ал қай жерде тек бұйрық қана беру керек екенін анықтап көрсетеді.
Сабаққа керекті құрал – жабдықтар алдын ала дайындалып қойылады. Құрал – жабдық дайындау уақыты үнемдеуге пайдасын тигізеді. Сыныптағы оқушылардың бір уақытта жаттығумен айналысуы сабақтың толымдылық нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда саптағы жаттығулар, жүру, жүгіру, жалпы дамыту жаттығуларын орындатқан тиімді. Әрі жеңіл болып келеді. Секіру, лақтыру, өрмелеу тепе – теңдік жаттығуларын орындату қиындыққа созады.
Жаттығуларды орындау барысында оқушылардың санына құрал – жабдықтардың сәйкес келуін ескеру керек. Егер құрал – жабдықтар жетіспеген жағдайда мұғалім сыныпты топқа бөледі де, әр топқа әр түрлі құрал – жабдық беріп, өзара құрал – жабдықтармен ауысып отыруларын қадағалайды. Толымды өткен сабақ оқушыларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке тәрбиелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |