Балалардың спорт киімі
Дене тәрбиесі сабағындағы арнаулы спорт киімі болуы керек. Ауа райы жылы кезінде ашық алаңда да, жабық алаңдада гимнастикамен түрлі ойын барысында оқушылар майка мен шолақ дамбал және спорт аяқ киімін киеді. Майкалары мүмкіндігіне қарай ашық түсті гигиеналық талапқа сай және әдемі көрінуі тиіс. Ал ашық алаңда салқын күндерде жылы спорт киімін, яқтарына арнайы спорт аяқ киімін киеді. Ал қысты күндері қыстық спорт киімін немесе шаңғыға арналған бәтеңке, құлақшын және қолғап киеді. Оқушылар сабаққа арналған спорт киімімен келуі үшін олардың ата – аналарымен кеңесіп, жиналыс өткізу қажет. Балалар сабаққа киініп жығу үшін қыздар мен балаларға бөлек орындар белгіленеді. Егер бұған қажетті жағдай болмаса, балалар сынып ішінде киінетін болса, киініп шешінуге белгілі тәртіп орнатып, киімдері мен аяқ киімдерін реттеп қоюын қадағалап отыру керек. Ендігі бір қойылатын талап, дене шынықтырудың сабақ кестесіндегі орны.
Дене шынықтыру сабағы сабақ кестесінің реті бойынша дұрыс орналасуы қажет. Егер дене шынықтыру өтетін орын бос болмаған жағдайда екінші, үшінші сабақтарда да дене шынықтыру сабағы бола береді. Дене шынықтыру сабағы мүмкін болса бірінші сабақ болмағаны дұрыс. Себебі бірінші ауысымның балалары мектепке ертеңгі астан соң, ал екінші ауысымның балалары түскі ас ішкен соң келеді,бұл сабақтың дұрыс өту мүмкіндігін төмендетеді. Сабақ кестесінің ортасында өткен сабақтар мазмұны жағынан да, құрылысы жағынан да сабақ кестесіндегі соңғы сабақтан кемдігі болмайды.
Егер балаларға арнаулы спорт киімін ауыстыру және спорт алаңынан сыныпқа дейінгі бару үшін бір шама уақытты керек ететін болса, дене шынықтыру сабағын 3 – 5 минут ертерек аяқтауға болады. Балалар асығысыз киініп, келесі сабаққа дайындалып отыруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |