I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Жазғы оқушылар демалыс лагері



бет95/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Жазғы оқушылар демалыс лагері
Балалардың жазғы демалысын қаладан шет, ауылдық тыс жерлерде ұйымдастыру, балаларға дене тәрбиесі жөнінен іс – шаралар ұйымдастыруға жағымды жағдай тұрғызады. Таза ауада болу, күн кестесін қатаң сақтау, дұрыс тамақтану, дене еңбегі, ұжымдық көркем еңбегі, ойындар, ән салу, күнге қыздырыну, ауа ваннасы, шомылу балалардың денсаулығының нығаюын қалыптастырады, денесін шынықтырады.

Оқушылардың жазғы демалыс лагеріндегі бұқаралық дене тәрбиесі және спорттық жұмыс міндеттері:

а) оқушыларды күнделікті ертеңгілік гинастикаға қатыстыру;

ә) дене тәрбиесінен мектепке алған іскерлік дағдыларын жақсату;

б)мектепте мүмкіндік болмаған жағдайдағы жаттығулар ( шомылу, ойындары) жөніндегі білімдерін теріңдету, дағдыландыру.

в) оқушылардың жүйелі түрде дене тәрбиесі мен спорт жөнінде қызығушылығын арттыру;

Оқушылардың жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспарына міндетті түрде ертеңгілік гимнастика, топтармен өткізілетін ойын түрлері, жеңіл отлетиака, жүзу жаттығулары, оқушылардың спорт мерекесі - серуендеу, саяхаттар, лагерьдың ашылуы және жабылуы жөніндегі іс – шаралар жоспарланады.

Күн кестесінде ауа ваннасы, күнге қыздырыну, шомылудың түрлері қарастырылған. Бұл іс – шаралардәрігердің қатақ тәртібі бойынша өткізілген. Іс – шараларды өткізу барысында міндетті түрде дәрігер және мейірбике қатысуы тиіс.

Ертеңгілік гимнастика күнделікті балалар ұйқыдан тұрғаннан кейін арнайы белгіленген орындарда, ал жауынды күндері жабық орында қткізіледі. Ұлдар мен қыздар жаттығуды бірге орындайды. Ертеңгілік гимнастиканы музыкамен көркемдеу маңызды орын алады.

Жас ерекшеліктеріне қарай ертеңгілік гимнастика жиынтығы алдын ала -дайындалады. Гимнастика жүру жаттығуларына басталады. Құрылысы 7-8 жаттығудан тұрады. Алғашқы жаттығу жоғарға қарап созылу сипатында, жай екпінде орындалады. Келесі жаттығулар отырып – тұру, денені оңға, солға бұру, қолды, аяқты сермеу жаттығулары, гимнастиканың срңында бір орында тұрып секіру, жүгіру немесе қимылды ойындар түрлерін жоспарлау қажет. Ертеңгілік гимнастика қатарда жүріп, музыкамен көркемдеу ән айту арқылы аяқталады. Құралдар арқылы және құралдарсық орындалатын жаттығулар түрлерін жоспарлау қажет.

Жаттығулар өткізу барысында балалардың дұрыс дем алып, дем шығаруына ерекше көңіл бөлінеді. Топтардағы сабақ түрлері, ойындар, гимнастикалық жаттығулар түрлері, жеңіл атлетика және түзу аптасына 3-4 рет өткізіледі. Жетекшілікті топ басшылары және дене тәрбиесі пәнінің нұсқаушысы жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет