I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері



бет31/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлері

Мектеп оқушыларымен дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын жұмыс түрлеріне:

- дене шынықтыру сабағы;

- күн кестесіндегі дене шынықтыру жөніндегі жұмыстар;сабаққа дейінгі гимнастика, сабақ барысындағы сергіту жаттығулары, үзіліс кезіндегі ойындар мен жаттығулар;

- сыныптан және мектептен тыс дене шынықтыру және спорт жөніндегі жұмыстар;

- отбасында дене жаттығуларымен айналысу жатады.

Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтырумен айналысуы мемлекеттік бағдарлама бойынша мұғалімнің, оқу жоспарына сәйкес,нақты белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Сабаққа өатысуға оқушылардың бәрі де міндетті, оқушылардың денсаулық жағдайы ескеріледі.

Балалардың дене шынықтыру жөніндегі жұмыс түрін ұйымдастыру, дене дайындығының жан-жақтылығы, дене шынықтыру жөніндегі қажетті білім оқу сабақтарында қамтамасыз етіледі.

Оқушылардың күн кестесіндегі дене тәрбиесі жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру маңызды орын алады. Жұмыстың негізгі түрлеріне: сабақ алдындағы ертеңгілік гимнастика, үзіліс кезіндегі ойын-жаттығулар, сабақ барысындағы балалардың шаршағанын басатын сергіту минуттары жатады. Бұл іс-шаралар оқушылардың оқу сабақтарындағы ақыл-ой әрекетін арттыруға, анықталған кейбір міндеттерді шешуге дене дайындығын қалыптастыру үшін қарастырылған.

Дене шынықтыруда жоғарыда аталған іс-шаралардан басқа мектептегі және сыныптан тыс жұмыс түрлерінің алатын орны ерекше. Сыныптан тыс жұмыс түрлері мектептегі дене шынықтыру жайындағы оқу жұмысының мазмұнын кеңейтеді, тереңдетеді. Бұл жұмыс түрлеріне ойындар, серуендер, саяхат, жорықтар, топтарда ұжымдық секция жұмыстары, спорттық іс-шараларда ұйымдастыру жолдары, жарыстар, спорттық мерекелер жатады.

Сыныптан тыс жұмыс түрлерін оқушылар өз бетімен өткізеді.

Дене тәрбиесіне арналған оқушылардың мектептен тыс жұмыс түрлері білім беру бөлімдері, мектептен тыс мекемелерде, оқушылар сарайында, балалар спорт қоғамдарында, демалыс орындарында, стадиондарда, сырғанақ кешендерінде ұйымдастырылады.

Мұндай шаралар балалардың арасында дене шынықтыру және спорт жөніндегі әр түрлі жұмыс түрлерін кең көлемде дамытуға, гимнастика, спорт ойын және т.б. жаттығулар түрлеріне қызығушылықпен қарау қабілеттерін қалыптастырады. Сонымен қатар оқудан тыс уақыттарын, қысқы, күзгі, көктемгі демалыстарын ұтымды пайдалануына көмектеседі.

Балалардың дене шынықтыруымен отбасында айналысуы маңызды орын алады, мысылы радио, телехабарлары арқылы гимнастикамен айналысу, таза ауадағы қимылды ойын, қысқы, жазғы сауықтыру шаралары (шанамен, конькимен сырғанау, шомылу, т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет