I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет2/94
Дата11.10.2023
өлшемі4,07 Mb.
#184723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)

Мезолит дәуірі


Мезолит дәуіріндегі адамдар
Ежелгі тас ғасыры палеолит пен жаңа тас ғасыры неолит арасындағы өтпелі дәуірді орта тас ғасыры немесе мезолит деп атаймыз. Ол б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар кезеңін қамтиды. Мезолит дәуірі 7 мың жылға созылды. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелген Қазақстанда табылған ескерткіштері көп емес.
Мезолит дәуірінде ауа райы күрт жылынып, мұздар еріді. Бұл кезеңде қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптасты. Бірқатар жануарлар (мамонттар, мүйізтұсықтар) құрып кетті. Ірі жануарлар азайып, кішігірім аң-құстар пайда болды. Аң аулау сол кездегі адамдардың негізгі кәсібінің бірі болды. Аңшылық қарулар: жебелі садақ, бумеранг т.б. Садақты алғашында ағаштан жасаған. Жебелері де ағаш, ұштары сүйек. Жебе 80-100 метрге, күрделі жебе 450 метрге дейін жететін болған. Мезолит дәуірінде бумеранг пайда болды. Бумеранг - 100 метрге дейін ұшатын орақ тәріздес ағаш қару. Мезолит кезеңінде жебенің доғал және домалақ оқтұмсықтарын аңшылар терісі бағалы аңдарды аулау үшін қолданған. Балық аулау да жақсы дамыды. Оның себебі мұздар еріп, өзен, көлдер көбейді. Бұл дәуірде адамдар Еуропа, Азия, Америка материгін игерді. Бұл кезеңде жан-жануарларды қолға үйретіп, дәнді дақылдар өсіруді қолға алды.


Неолит дәуірі.


Жаңа тас дәуірінің құралдары
Неолит дәуірі (б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар). Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі немесе жаңа тас дәуірі деп аталады. Бұл кезең тастардың тиімді қасиеттерін тауып, кәдеге жаратқан табысты кезең болды. Еңбек құралдарын жасаудың тәсілдері жетілдірілді. Бұл дәуірде біраз ерекшеліктер болды. Ең алдымен қоршаған орта қазіргідей кейіпке жетті. Адамдар жануарларды қолға үйретумен айналысты. Шаруашылықтың дамуына, оның жаңа түрлерінің көбеюіне байланысты адамдардың кәсіби қаблеті де дами бастады. Жаңа тас дәуірінде адамдар бұрынғы адамдардан барлық жағынан жоғары тұрды. Олардың құралдары: қыш ыдыс, керамика, дән үккіш, балта, кетпен, келі, сәндік бұйымдар т.б. Бұларды саз балшықтан, тастан, граниттен, мыс, алтын, қорғасын сияқты металдардан тағы басқа заттардан жасаған. Адамдар мата тоқып, киім тігуді үйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер салатын болған.
Неолит дәуірінің басты ерекшелігі еңбек өнімдеріне қол жеткізу. Неолит дәуірінде солтүстік-шығыс Балқашта құралдарды яшма мен кварциттен жасаған. Бұл дәуірде әйел еңбегінің маңызы артты, олар қоғамда жетекші орын ала бастады. Осылайша неолит дәуірінде аналық ру қалыптасты. Неолит дәуіріндегі тұрақтар: Сексеуіл тұрағы, Қарақұдық тұрағы. Солтүстік Қазақстанның неолиттік мәдениеті атбасарлық және маханжар болып екіге бөлінеді. Атбасар мәдениетінің тұрғындары Есіл бойының далалық өңірлеріне қоныстанып, негізінен аң аулаумен айналысқан. Ал, Маханжар мәдениетінің ескерткіштері Торғай мен Тобыл алқаптарында шоғырланған. Мұндай ұқсастықтар Еуразияның далалық алқаптарындағы тайпалардың мәдени және этникалық жағынан өзара жақын болғанын көрсетеді. Бұл кезеңде мал шаруашылығы қалыптасты. Сонымен қатар, жерлеу дәстүрінде өзгерістер болды. Атап айтсақ, қайтыс болған адамды өзі өмір сүрген тұрағында жерлеген. Адамның басын солтүстік-батысқа қаратып жерлеген. О дүниеде өмір бар деп сенген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет