§ 79.Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық
қозғалыстар
Қазақстандағы қайта құру, жаңару және демократияландыру процесі республиканың саяси өміріне айтарлықтай ықпал еткен көппартиялықтың қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақстан Республикасының Конституциясы «конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, дін, тектік-топтық және рулық астамшылықты насихаттауға жол бермейтін» барлық партиялардың, қозғалыстардың ассоциациялардың тең құқықтығын қамтамасыз етеді. Партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың ісіне мемлекеттің араласуына жол берілмейді. Қазақстанда реформалар стратегиясының мемлекеттік негізі демократияландыру және саяси реформалардың бағдарламасы. Бұл бағдарлама қоғамдық процестерді одан әрі демократияландыру жүйесіне мемлекеттің тиімді әрі ықпалды әсер етуіне жағдай жасайды.
1996 жылғы шілдеден бастап елде «Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар туралы» заң күшіне енді. Соған сәйкес елде аумақтық принцип бойынша партиялық құрылымды ұйымдастыру бекітілген, мемлекеттік органдарда саяси партиялар құруға, сондай-ақ, әскерилендірілген саяси партиялардың құрылуы мен қызметіне тыйым салынады. Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңына сәйкес саяси партияның құрамында 50 000 аса мүше болуы керек. Саяси партиялардың қызметін реттейтін заң, тұтастай алғанда, жалпы демократиялық принциптерге орай елде көппартиялылық жүйені нығайтуды көздейді. Елдегі саяси партиялар туралы қысқаша мағлұматтар. Қазақстанда жалпы ресми түрде 10 саяси партия тіркелген. Атап айтар болсақ:
«Әділет» демократиялық партиясы
Партия төрағасы – Нарықбаев Мақсұт Сұлтановұлы. 2004 ж. 14 маусымда тіркелген. Құрамында 70 000 адам бар.
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы
2002 ж. 3 сәуірінде тіркелген. Құрамында 175 862 адам бар.
Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясы
Қазақстандағы оппозициялық партия. 2005 ж. 29 сәуірінде құрылды.
«Ауыл» Қазақстандық социал-демократиялық партия
Партия төрағасы – Қалиев Ғани Әлімұлы. 2002 ж. 1 наурызында тіркеліп, 2003 жылы қайта тіркеуден өтті. Құрамында 61 043 адам бар.
Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясы
Партия төрағасы – Косарев Владислав Борисович. 2004 ж. 21 маусымында тіркелді. Құрамында 90 000 адам бар.
Қазақстанның Коммунистік партиясы
1991 жылдың күзінде Қазақстан коммунистік партиясы құрылды. Өзін Қазақ ССР Коммунистік Партиясының ізін жалғастырушы партия деп есептейді. Партияның бірінші хатшысы – Әбділдин Серікболсын Әбділдинұлы. Құрамында 55 000 адам бар.
«Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы
Қазақстан президенті жанындағы ірі партия. 1999 жылы Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен «Отан» партиясы болып құрылған. Партия лидері – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 2009 жылдың 22 маусымына Парламент құрамына тек осы партия мүшелері кіреді.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия
Қазақстандағы оппозициялық партия. Партия 2006 ж. 10 қыркүйегінде құрылды. Мемлекеттің барлық облысында бөлімшелері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |