I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 32.ХІІІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті



бет40/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   99
§ 32.ХІІІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті

Қалалар мен қала мәдениетінің монғол шапқыншылығынан кейін қайта жандануы ХІІІ ғасырдың ортасында басталды. ХІІІ ғасырдың ортасында монғол шапқыншылығынан кейін қала мәдениетінің жандануына Отырарда теңге сарайының жұмыс істей бастағандығы дәлел бола алады. ХІІІ ғасырдың ортасына Қазақстан мен Орта Азияда теңгенің дәстүрлі үш түрін (динар, дирхем, мыс теңге) шығарған мекен - Отырар қаласы. ХІV-ХV ғасырларда Қазақстан аумағындағы ең елеулі сәулет ғимараты Ахмет Яссауи кесенесі болып табылады. Тарихшы Рузбихан Ахмет Яссауи кесенесі туралы «дүние жүзіндегі ең ірі құрылыстардың бірі, кесенеде адамзаттың сәулет өнеріндегі жетістіктері таңғажайып дәрежеде берілген» - деп жазды.


Орталық Қазақстанда орналасқан Алаша хан мен Жошы кесенелері ХІV-ХV ғасырлардағы сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері болып табылады.Осы кезде Сырдарияның оңтүстік жағалауындағы мәдени-экономикалық ірі орталық Сайрам қаласы болды. Ал ХV-ХVІІ ғасырларда Созақ қаласы Қазақ хандығы билеушілерінің басты тірегі және әскери бақылау орталығына айналған болатын. Сондай-ақ, ХVІ-ХVІІ ғасырлардың түйіскен тұсындағы Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болды. Қазақстан аумағында ХІІІ-ХІV ғасырларда халық ауыз әдебиеті мен әдебиет қыпшақ тілінде дамыды. Сол кездері «Ақсақ құлан», «Жошы хан» атты күйлерді шығарған күйші найман Кетбұға. ХV-ХVІІ ғасырларда қазақтар араб жазуын қолданған. Қазақ халқының өмірін жан-жақты бейнелейтін айнасы - халық ауыз әдебиеті болды. ХVІ-ХVІІ ғасырларда қазақ ауыз әдебиетіне мол үлес қосқандар Доспамбет жырау мен Қазтуған жырау.
ХVІІ ғасырларда қазақ тарихи әдебиетінің маңызды ескерткіші «Жами-ат тауарихты» жазған адам Қадырғали Жалаири.
Сыпыра жырау Сұрғылтайұлы ХІV ғасырда Батыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген жырау, суырып салма ақын. ХVІ ғасырда Тоқтамыс пен Едігенің билік құрған жылдары өмір сүрген. Сыпыра жайында «Ер Тарғында», «тоғыз ханды түзеткен кісі еді» делінеді. «Телағыс» жырында ел бірлігінің ұраншысы, ал «Құбағұлда» «Жүз сексенге келген» дана қария ретінде көрінеді. «Едіге би», «Тоқтамыс туралы аңыз» деген жырлар бар. «Қырымның қырық батырын» жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағымын деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет