I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет48/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99
Жиембет жырау ол Алшын руынан шыққан. ХVІ ғасырдың соңы мен ХVІІ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен. Жиембет жырау алшын тайпасына әмірін жүргізген. Жиембет Бортоғашұлы Есім ханның тұсында кіші жүздің биі болды, ойраттарға қарсы және Тұрсын ханға қарсы соғыстарға қатысты. Есім ханның ұлы жорықтарында ерлік көрсеткен. Ол 1620 жылғы ойраттармен болған ірі соғыста Кіші жүз қолын басқарып, қазақтардың жеңіске жетуіне ықпал еткен.
1627 жылы Тұрсын ханмен болған соғыста Жиембет жырау Есім ханды қолдаған. Жиембет жырларында өктем билікті сынау, әділеттілікті, имандылықты насихаттау орын алған. Есім ханға айтылған «Әмірің қатты Есім хан» атты толғауы – осының айғағы. Өмірінің соңына дейін әділеттілік үшін күресіп өтеді. Бізге жеткен шығармаларынан оның майталман сөз зергері болғанын білеміз. «Есім хан туралы толғау», «Қол-аяғым бұғауда» атты туындыларының үлкен тарихи және этнографиялық маңызы бар.
Ақтамберді жырау Сарыұлы 1675 жылы Оңтүстік Қазақстанда Қаратау өңірінде туған. Руы – Орта жүздің найман тайпасы. Жырау, батыр, би болған. Ақтамберді жыраудың өмір сүрген уақыты жоңғар шапқыншылығының уақытымен тұстас келеді. Бала күнінен-ақ суырыпсалма ақын ретінде танымал болды. Ақтамберді жырау жоңғарларға қарсы барлық соғыстарға белсене қатысты. ХVІІІ ғасырдың 50 жылдарында қазақтарды жоңғарлардан қайтарып алған жерлеріне орналастыру қозғалысын басқарды.
Ақтамберді жырау туындылары негізінен нақыл-өсиет түрінде келеді. Олардан көшпелі қазақ халқының ой-арманын, мақсат-мүдделерін білуге болады. Көшпенділердің өміріндегі үй жануарлары, әсіресе жылқының орны мен рөлі туралы ой-толғаулары өзгелерден биік тұрады. Ол жылқы малын «ер қанатты» дей келе, оны жауға қарсы шапқан батырдың серігі ретінде суреттейді.
Ақтамберді жырларының арқауы батырлыққа үндеу, жауға қарсы соғысқа жігерлендіру болып табылады. Көптеген өлеңдерінде қазақ халқын жауға қарсы жан аямай күресуге шақырады. Ақтамберді жыраудың сұрапыл соғыстар мен қызу шайқастар кезінде туындаған өлеңдері ХVІІІ ғасырдағы қазақтардың жауынгерлік өр рухын дәріптейді. Ақтамберді өмірінің ақырына дейін халық тіршілігі, ерлік туралы жырлап өтті. 1768 жылы Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Жүрекжота деген жерде қайтыс болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет