I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 37.Қазақ халқының материалдық мәдениеті



бет45/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   99
§ 37.Қазақ халқының материалдық мәдениеті

Қазақ халқының материалдық мәдениеттері өте көп. Ерте кездердегі ата-бабаларымыздың пайдаланылған заттар материалдық заттар болып саналады. Көшпелі қазақ халқының негізгі баспанасы - киіз үй. Киіз үй көшпелілер үшін өте ыңғайлы болды. Киіз үйде қазақтар ертеде қысы-жазы тұрған. Қыста киіз үйдің сыртын қос қабат киізбен жапқан. Жазда киіз үйдің ауасы таза, күн ыстықта іші салқын, жанға жайлы болды.


Киіз үйлер өздерінің үлкен-кішілігіне қарай: 4 қанатты, 6 қанатты, 8 қанатты, 12 қанатты болып бөлінсе, ал сән-салтанатына қарай: ақ орда, хан орда, қараша үй, лашық, абылайша, ұраңқай, жолым үй деп бөлінеді. Бай дәулетті адамдардың киіз үйлері алыстан өзінің сәнділігімен көзге көрініп тұрған.
Киіз үй - кереге, сықырлауық есік, уық, шаңырақтан тұрады. Кереге деп киіз үйдің шеңбер қабырғасын атайды. Уық - шаңырақ пен керегені байланыстыратын бөлігі. шаңырақ - киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлшегі. Қазақта шаңырақ өте киелі есептелінеді. Осыған байланысты жас шаңырақ құрған отбасыларға арналып тойларда мынандай сөздер жиі айтылатын болған: «Шаңырағың шайқалмасын», «Шаңырағың биік болсын» және тағы басқа. Шаңырақтан кейінгі қазақтардың ерекше қастерлейтін киіз үйдің бөлшегі - босаға. Оны киелі, қасиетті санағандықтан, әдетте, қазақтар балаларына «босағаны керме, аяқпен баспа, бақытсыздық орнайды» деп тыйымдар айтып отырған.
Киіз үйдің сыртқы киізі: туырлық, үзік, түндік деп аталады. Олар күннің сәулесін, жауын-шашын өткізбеу, үйдегі ауаның бірқалыпты сақталуы үшін аса қажет болды. Киіз үйдің бұйымдарын дайындау, оны сәулеттендіру өнері үлкен шыдамдылықты, асқан шеберлікті қажет етеді. Бұл кез келген адамның қолынан келе бермеген.
Ұлттық киімдер. Қазақ халқының киімдеріне келетін болсақ, олар жас шамасына қарай ерекшеленген. Жастар жағы ою-өрнекті қызыл-жасыл киімдер кисе, үлкендер ою-өрнектері аз киімдер киген.
Қазақтың киім-кешектеріне тақия, сәукеле, орамал, кимешек, бөрік, тон, қамзол, шапан, шекпен, мәсі, етік, тағы басқаларды жатқызамыз. Олардың кейбіріне тоқтала кетейік.
Сәукеле– қыздың ұзатқандағы киетін бас киімі. Қыз сәукелені күйеу еліне киіп барарда тіктіретін болған. Сәукеле әртүрлі қымбат асыл тастармен, алтын, күміспен безендірілген.
Тон – қазақтардың малдың терісінен әрі жылы, әрі ыңғайлы етіп тігетін сырт киімі.
Шекпен – түйе мен қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім. Әдетте, түйе жүнінен тоқылған шекпенді бай, дәулетті адамдар киетін болған.
Шапан – қазақтарда оның түрлері көп болған. Сырмалы шапан, қаптал шапан, қималы шапан, тағы басқа. Сыйлы қонаққа құрметіне қарай шапан жауып аттандырған, бұл дәстүр әлі де сақталған.
Үй жиһаздары. Қазақтар әдетте киіз үйлерін әр алуан кілемдермен, небір ғажайып ою-өрнектермен өрнектелген сырмақтармен безендірген. Кебеже, абдыра, жастық ағаш, төсек ағаш - үйдің негізгі жиһаздары болды. Қазақтар мал терісінен, ағаштан саба, торсық, келі, күбі, тағы басқа ыдыстарды жасай білген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет