I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 68.1950-1960 жылдардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы



бет81/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   99
§ 68.1950-1960 жылдардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы

Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп орындары 50 жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті. Осы кезден бастап өнеркәсіпті басқарудың басқа жүйесін енгізу, ғылыми-техникалық жаңалықтарды өндіріске енгізу жөнінде көптеген шаралар нәтижесінде Қазақстан экономикасының өсу дәрежесі де кеңейді. 1954-1958 жылдар аралығында Қазақстанда 730 өнеркәсіп орны салынды.


Жаңадан салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром зауыты, Шымкент гидролиз зауыты, Семей цемент зауыты, Жезқазған кен байыту фабрикасы тағы басқа.1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. Өнеркәсіптердің көптеп салынуы көлік, байланыс жүйелерінің өркендеуін талап етті. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн сом жұмсалды. Республикада теміржол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.
1960 жылы Қазақ КСР теміржолының ұзындығы 11,42 километр болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды.
1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия зауыты Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн кВт/сағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды.
Соғыстан кейін де біршама шаралар қолданылғанымен, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру саласы артта қалды. Өнеркәсіпті дамытуға мемлекет көп көңіл бөлгендіктен, ауыл шаруашылығы артқы орында қалып қойды. 1953 жылы КОКП пленумында ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде шаралар белгіленді. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, бірақ қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді. Индустрияның дамуы, тың игеру ісі республика халқының таптық және ұлттық құрамына үлкен өзгеріс әкелді. Қазақстан КСРО-дағы ең көп ұлтты республикаға айналды. Қазақстанда қазақтар, орыстар, өзбектер тағы басқа ұлттар өкілдері қатар өмір сүрді. Индустрияның кемел дамуы жаңа жұмысшы мамандарды қажет етті. Осыған байланысты жаңа мамандарды даярлау ісі жедел жүргізілді.
Қазақстанның ірі қалаларындағы кәсіпорын жұмысшыларының қатары республикадан тыс жерлерден келушілер есебінен көбейді. Урбанизация күшейді. 1959 жылы Қазақстанда қала халқының үлес салмағы 44%-ға жетті. Жаңа қалалардың саны 15 болды. 1954-1962 жылдар аралығында Қазақстанға Ресей, Украина сияқты республикалардан 2 млн адам қоныс аударды. 1954-1955 жылдары еліміздің индустриялық саласында жұмыс істеу үшін 500 мың адам келді. Осындай жағдайлардың барлығы Қазақстанда республиканың байырғы халқы қазақ ұлтының үлес салмағының төмендеуіне әкелді. 1959 жылы Қазақ КСР-дегі қазақтардың үлесі 29% болды. Коммунистік партияның солақай саясаты кесірінен қазақ халқының ұлттық мүддесі күн өткен сайын аяққа таптала берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет