I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 69.Тың және тыңайған жерлерді игеру



бет82/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   99
§ 69.Тың және тыңайған жерлерді игеру

Соғыстан кейін ел әбден әлсіреп шыққан еді. Сондықтан 1946-1950 жылдардағы бесжылдықтың жоспары соғыстан құлдыраған халық шаруашылығын қалпына келтіруді көздеді. Алайда елдегі азық-түлік қиыншылығын шешу өзекті мәселе еді. Осыны шешу үшін Кеңес үкіметі басшылары 1954 жылғы ақпан-наурыз пленумында «Тың және тыңайған жерлерді игеру» жоспарын бекітті. Яғни бос жатқан Еуразияның кең-байтақ жерлерін жыртып, оны егіс алқабына айналдыру, елде астық өндіруді одан әрі ұлғайту керек деп шешті. Шын мәнінде бос жатқан жер жоқ еді. Қазақстанның далалық алқаптарының бәрі мал жайылымы болатын. Бірақ Кеңес үкіметі ол жерлерге басқа халықтардың өкілдерін көбірек әкелудің жолдарын қарастырды. Олар КСРО халықтарын бір-бірімен араластырып, орыстандырып жіберу саясатын ұстанды.


Қазақстанда тың және тыңайған жерлердің игеруі 1954 жылы басталды. Осы жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Оңтүстік Сібір, Қазақстан, Орал, Еділ бойы, Солтүстік Кавказ сияқты аймақтарда жүргізілді.
Тың және тыңайған жерлерді игеру Қазақстанның алты облысында жүргізілді. Бұлар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар, Ақмола облыстары. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты, интернационалдық елге айналды. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени обьектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар жер жыртылды. Жалпы тың игеру жылдары (1954-1965) Қазақстанда 25 млн гектар жерге егін егілді. КСРО бойынша 42 млн гектар жер жыртылған екен. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді.
Тың жерлерді игеру мақсатында Қазақстанға көптеген жұмысшылар келді. Алғашқы екі-үш жылда Қазақстанға тың игеру деген желеумен Украинадан, Белоруссиядан, Ресейден, Молдавиядан 650 мың жұмысшы көшіп келді. Ал шындығында 130 мың адам ғана керек еді. Тың игеруді жеделдету мақсатында көптеген шаралар қолданылды. Басқа өңірлерден тың игеруге келгендерге көптеген материалдық жеңілдіктер жасалды.
Тың игеруге келген әр адамға 150-1000 сом аралығында бір реттік көмек берілді. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік тағы басқа көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауыл шаруашылық салығынан босатылды. Алайда тың игерушілер қатарында жеңіл пайда табуға келгендер де бар еді. 1954-1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом қаражат жұмысалды. Нәтижесінде ел астықты алқапқа айналды.
Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизатор болды. Нәтижесінде көптеген тәртіп бұзушылықтар, қылмыстар етек алды. Тың игеруге байланысты совхоздарға көбінесе тозған, бүлінген тракторлар мен комбайндар, ауыл шаруашылық техникасы жіберілді. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Оның бетіндегі топырақтың «гумус» деп аталатын құнарлы бөлігі желге ұшып, жер жер эрозияға ұшырады. Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Миллиондаған гектар жерлер жыртылғандықтан, малдың жайылымы, жемшөп дайындайтын жерлер азайды. Мал шаруашылығының шығынға ұшырауынан ет сүт өнімдерінің көлемі де азайды. Экологиялық жағдай күрт нашарлады.
Жалпы алғанда 1954 жылы Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы республикадағы қоғамдық өмірге үлкен әсерін тигізді. Тың жерлерді игеру науқаны барысында кадрлар өрескел түрде алмастырылды. Он жылдың ішінде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы алты рет өзгертілді. Бірінші хатшы Ж.Шаяхметовтың орнына КСРО мәдениет министрі П.Понаморенко тағайындалды. Ал Үкімет басындағы Н.Оңдасынов орнына Д.Қонаев келді. 1955-1957 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарған Л.И.Брежнев П.Понаморенконың орнына көтерілді. Кейінгі басшылар: Н.И.Беляев (1957-1960), Д.А.Қонаев (1960-1962), И.Юсупов (1962-1964) болды. Бұл науқан барысында тағайындалған басшылардың көбі қазақ тарихын, ұлттық табиғи ерекшеліктерін білмейтін. Сондықтан науқан нәтижесі экологиялық, демографиялық, рухани зардаптар алып келді. Тың игеру жылдары қазақ халқының рухани өміріне орны толмас зиян келтірілді.
Қазақстанға тың игеру жылдары 2 млн-нан астам басқа ұлт өкілдері келіп қоныстанды. Бұл тұрғындар арасындағы қазақтардың үлес салмағын 30%-ға дейін төмендетті. Көптеген аймақтарға орыс атаулары беріліп, олардың қазақша атаулары ұмыт бола бастады. Қазақ тіліндегі мектептер саны қысқарып, олардың орнына орыс тілді мектептер саны көбейді. Ұлттық тілдің таралу аймағы шектелді. Қазақ тілінде шығатын әдебиеттер мен мерзімдік баспасөз басылымы кеміді.
Қалай десекте тың игеру кезеңі қазақтың талай-талай қайсар, еңбекқор адамдарын тәрбиелеп шығарды. Соның бірі Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева 1945 жылы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында дүниеге келген. Алғашқы тың игеруші механизатор, Социалистік Еңбек Ері. Ол алғашқылардың бірі болып 1972 жылы облыстық, ал 1973 жылы бүкілодақтық механизаторлар арасындағы жарыста жүлделі орын иеленді. Қазақ қыздарының арасында ауыл шаруашылық техникаларын меңгерудің алғашқы көшбасшысы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет