І-тарау Әр түрлі ортадағы элетр тогы тарауының қысқаша теориясы



бет3/4
Дата05.08.2020
өлшемі345,45 Kb.
#76116
1   2   3   4
Байланысты:
әртүрлі ортадағы электр тогы

Транзистор деп екi p-n-аусуы және электр тiзбекке қосылатын үш ұштары бар жартылай өткiзгiштi приборды атайды. p-типтi өткiзгiштiгi бар екi аймақтың арасында база деп аталатын n- типтi өткiзгiштiгi бар қабат құрады. (7.8 сурет)



7.8-сурет

Базамен бөлiнген аймақтардың бiреуi эмиттер деп, ал екiншiсi- коллектор деп аталады. Екi p-n-ауысуын екi ток көзi жалғастырады.

Жартылай өткiзгiштi приборлардың қолданылуы. Жартылай өткiзгiштi приборларды радиотехника, автоматика және ғылым мен техниканың басқа салаларында кеңiнен қолданылады.

Жердiң жасанды серiктерiнде жартылай өткiзгiштi күн сәулелi батареялар орналастырылған, ондағы электр тогы Күн сәулесi энергиясынан болады. Күн сәулелi батареялардың энергиясын үйлердi жылытуға пайдалану үшiн оларды үйлердiң төбесiне қондыру проектердi көп елдерде зерттеп дамытуда. p-n аусуы бар жартылай өткiзгiштер күн сәулелi батареялардың маңызды бөлiгi болады, онда сәуле энергиясынан ЭҚҚ пайда болады.

1.3. Вакуумдегі электр тогы

Вакуум деп газдың сиретiлуiнiң оның молекулаларының соқтығысуын ескермеуге және еркiн жолының орташа ұзындығы -дiң газ тұрған ыдыстың өлшемi d-дан аса үлкен ( ) болатын деңгейiн айтады.

Вакуум күйдегi электродтар аралығындағы өткiзгiштiктi вакуумдегi электр тогы дейдi.

Термоэлектрондық эмиссия деп қыздырылған денелер бетiнен еркiн электрондардың шығу құбылысын айтады.

Термоэлектрондық эмиссия құбылысына негiзделген құрылғыны электронды-сәулелiк түтiкше дейдi.



7.3-сурет

Электронды-сәулелiк түтiкшенiң схемасы 7.3. суретте келтiрiлген.

Катод электрондар көзi болады. Электондар шоғын фокустеу үшiн басқарушы электродқа терiс потенциалдар жiберiледi. Осы электрод өрiсi электондар шоғын сығады. Үдеткiш анодтарға оң потенциалдар жiберiледi. Анод пен экранның арасында ауытқытушы екi пар пластиналарға кернеу берiледi. Пластинкалардағы кернеу шоқтың вертикаль және горизонталь ығысуын туғызады.

Электронды-сәулелiк тутiкшелер теледидардағы бейнелердi шығару және осциллографтағы кернеулер айнымалыларын зерттеу ушiн пайдаланылады.

1.4 Электролиттердегі элетр тогы

Ток тасушылары иондар болатын сұйық жөне қатты заттарды электролиттер дейдi. Иондар деп бiр немесе бiрнеше электрондарды жоғалтқан немесе өзiне қосып алған атом мен молекулаларды айтады. Қышқылдар, сiлтiлер және тұздар ерiтiндiлерi электролит болады. Электр тогының сұйықтан өтуi электролизбен (электодтарда, электролиттердiң құрамына кiретiн зат бөлiнуiмен) қатар жүредi.

1. Электолиздiң бiрiншi заңы (Фарадейдiң бiрiншi заңы):

электродтарда бөлiнетiн заттын массасы электролиттен өткен q зарядына тура пропорционал

(7.10)

( өйткенi, , I – ерiтiндiден Δt уақытында өткен тұрақты токтың күшi).

2. Электролиздiң екiншi заңы (Фарадейдiң екiншi заңы):

заттардың электрохимиялық эквиваленттерi олардың М мольдық (немесе атомдық) массаларының валенттiлiгiне ( n ) қатынасына тура пропорционал:

(7.11)

- шамасын Фарадейдiң саны дейдi.

1.5. Газдардағы электр тогы

Қалыпты жағдайда газдарда еркiн ток тасушылар (электрондар мен иондар) болмайды.

Газдардың атомадары мен молекулаларына электронның үзiлiп кетуi газдардың иондалуы дейдi. Газдарда электр тогын тасушылар тек газдар иондалғанда ғана пайда болуы мүмкiн. Электронның газ атомдарымен (молекуларымен) соқтығысуынан болатын газдың иондалуын электронды соққыдан иондалу дейдi.

Газдардың иондалу сыртқы әсерленген (сыртқы ионизаторлардан): қатты қыздырудан, әр түрлi сәулеленуден пайда болуы мүмкiн. Электрондардың атомнан бөлiнiп кетуiне қажет минимальдi энергияны иондау энергиясы дейдi. Газдың иондалу үшiн жұлынып кететiн және атомның (молекуланың) қалған бөлiгiнiң арасындағы әсерлесу күшiне қарсы иондалу жұмысын жасау қажет (AИ).

Қарама – қарсы зарядттаған бөлшектердiң қайтадан бейтарап атом (молекула) құрыуын рекомбинация дейдi. Сыртқы ионизаторлар тұрақты болса, ионизациялану мен рекомбинациялану арасында динамикалық тепе – теңдiк қалыпасады. Бұл жағдайда жаңадан құрылған зарядтталған бөлшектердiң саны бейтарап атомға (молекулаға) бiрiккен парлардың санына тең болады.

Газдағы электр ток газ разряды деп аталады.

Сыртқы ионизаторлардан (қатты қыздырудан, әр түрлi сәулеленуден) пайда болатын газдың электр өткiзгiштiгi тәуелдi газ разряды деп аталады.

Электр тогының газдан сыртқы ионизаторларға тәуелсiз өту құбылысы, тәуелсiз газ разряды дейдi. Тәуелсiз разряд болғанда газ атомдар мен молекулардың электрондардың соғуынан болатын иондалуы газдың иондалуының негiзгi механизмi болады. Электрондық соққыдан иондалу электронның еркiң жолының ұзындығы λ болғандағы кинетикалық энергиясы Wk электронның атомнан бөлiнiп кетуiне жұмсаған жұмысына Aи жеткiлiктi, яғни : Wk ≥Aи, немесе



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет