1.7. Шетел педагогикасындағы халықтық педагогика мәселелерi
1. Этнопедагогика ғылымының теориялық бастауы – классикалық педагогика. Еңбекшiлер отбасындағы бала тәрбиесін тұңғыш рет зерттеген
еуропалық педагог Я.А. Коменский болды. Ол «Ана мектебі>> идеясын
ұсынды. «Ана тіліндегі мектеп халықтың ұлттық сана-сезiмiн көтереді>> деген пiкiрдi алғашқылардың бірі болып айтты. Ұлт (ана тiлi) мектептерi ұлттық мәдениетті дамытатындығын жазып,«табиғатқа сәйкестiлiк принципiн халық тәжірибесіне сүйеніп негiздедi.
Я.А. Коменский пансофиялык мектептегi бiлiмнiн мазмұнына халық шығармашылығынан алынган моральдық тақырыптагы ангiмелердi, жұмбақтарды, салт-дәстүрлердi енгiзудi ұсынды . Я.А. Коменский Еуропа халықтарын ізгілік пен демократия төңірегіне біріктіруге көп күш салды. Өзі түрлi елдерде жұмыс iстеп, ұлтаралық iзгiлiк идеясын жүзеге асырды. Онын жұмыстарының халықтық сипаты болды. Педагогика ғылымының атасы халқына адал қызмет етiп, оның өмiрiн. тарихын, географиясын зерттеп, картасын жасады. Чех мақал-мәтелдерiн жинады. Чех поэзиясы енбегiнде чех халқының тіл байлығын дәріптейді.
<<Чех тiлiнiң қазынасы » деген еңбегiнде халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптары жөнiнде мәліметтер жинайды. Ана тілі халықтың рухани мәдениетіндегі аса құнды игiлiк. «Туыстар қауымдастығы анасының өсиетiнде>> мынадай жолдар бар: «Мен ұлдарыма ата-бабаларымыздың тiлiн сақтауды тапсырамын. Онда халықтың рухы, мінезі,табандылығы бар».Ұлы педагог-гуманист мұғалімдерден халықты, ана тiлiн, ауыз әдебиетін құрметтеуді талап етті.Ж.Ж. Руссо бала тәрбиесінің көзі еңбекте, баланы жан-жақты азамат етіп тәрбиелеуді отбасында еңбекке
Yйpeтyдeн бастауды қажет деп тапты.
2. Я.А. Коменскийдiн ана тiлiндегi мектеп туралы идеялары К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде баса айтылды. Ол халық педагогикасының
тәрбиелiк ықпалын өте жоғары бағалаған.Әйгілі педагог: <<Орыс халқының бала тәрбиесi оның сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты. Тәрбиенiң негiзiн халықтың жақсы-жаман дәстүрiнен iздестiру керек», - дейдi. Ол педагогика ғылымындағы халықтық принцип, тәрбиедегі халықтық принципiн
ұсынады.Орыс педагогика ғылымы орыс халқының тәрбиелік мақсатын, экономикалык, қоғамдық-саяси және мәдени-ағарту мүдделерiн бiлдiру керектігін талап етті. К.Д. Ушинский халықтық деген сөздi ұлттықты сақтау, оның дамуына көмектесу деп білді.Адамды қалыптастырудағы орталық орынды ана тіліне беріп: «Баланы халық тiлiне үйретіп, оны халық ойлары, халық сезiмi, халык емiрi, халықтың жаны саласына енгiземiз>> деген (Ушинский К.Д. О нравственном элементе в русском воспитании. - М.: Педагогика, 1988). К.Д. Ушинский ұлттық мектептерді ашу үшiн аянбай еңбек етті. Ол орыстың ұлттық тәрбие жүйесiн басқа халықтарға мiндеттеген жоқ. Халық сауатын ашуға шығармашылықты қолдануға шақырды. Ұлы орыс педагогі туған халқының әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерiн жақсы бiлдi. Славян халықтары мәдениетiнiн ұқсастығын
мақтаныш етті. Этнографиялык еңбектерiнде басқа халықтардың өмiрi туралы жазды. Ненецтін өз отаны туралы мақтанышпен айтқан әңгiмесiн
келтiредi. «Коми-зырян халықтары өндiрiске, саудаға өте қабілетті, күш-
қуаты мол, мiнездерi жақсы, әйелдері мен ерлерi сымбатты. Өмірге құштар. бiлуге тым ынталы болғандықтан сұрғылт, көңiлсiз солтүстiкке жан бітіруде.Олар өздiгiн сақтап, басқа тайпалармен бiрге дамуда>>, - деп жазды.
3. А.С. Макаренко халықтық тәрбиенiң рөлін жоғары бағалап, кеңес ғалымдарынын iшiнде алғашқылардың бiрi болып, халықтық педагогикада таптық элементтердің анық көрінбейтiндiгiне назар аударды (Макаренко А.С. Проектировать лучшее в человеке. - М.: Университет, 1989). Ол «Халықтық педагогика - ұлттық педагогика>> деген.Ол тәрбие дәстүрлерiне үлкен маңыз берiп, рухани мұрадан бас тартудан сақтандырады. Халықтық тәрбие өмiр салтында, адамдардын бiр-бiрiмен қарым-қатынасында, мiндеттердi жасырын бөлуде, тамақ дайындауда, ойын және ойыншықтарда, жазалау мен мадақтау әдістерінде кездесетiндiгiн атап көрсетті.А.С. Макаренко жұмысшы ортасында өсiп, халықтық педагогикалық дәстүр ықпалын сезiндi. Педагог демократ орыс және украин халықтары арасында рухани құндылықтарды алмасу заңды құбылыс деп санады.Халықтардың рухани мәдениетiн және тілін дамытудағы украинның релi сөзсiз екендiгiн жазды. Өзі орыс мәтiндерiнде украин сездерiн қолданып, парубек, селянин, хлопец, шлях және басқа сөздерiн орыс тілі құрамына енгенiн анықтады. Коммуна және коммунарлар тiлi орыс-украин тілдері болды. Халық дәстүрлерi колония мен коммунада жиi қолданылды. Егiн жинағаннан кейін мерекелер өткiзiлдi.А.С.Макаренко халык ойындары мен билерiн тәрбие факторы тұрғысынан қарастырады. Тәрбиеленушілер халық ойындарын жиi ойнады. <<Ұстаздық дастан>> шығармасында украин халқының
ұлттық ойындарының бiрi болып табылатын <<Гопак>> ойынына бір бөлім арналған.
4. Тәрбиедегі халықтық принципi В.А. Сухомлинскийдiң педагогикалық
мұраларында одан әрі дамытылды. Оның пiкiрiнше, халықтық принцип
халықтың рухани байлығы, оның көп ғасырлық шығармашылық мәдениеті
және iс-әрекеті.В.А. Сухомлинский педагогикалық прогресс халық педагогикасы мұраларын зерттеуге және меңгеруге байланысты дейді. «Халықтық педагогика туралы осы уақытқа дейін ешкiм терең ойланған жоқ, бұл педагогикага көп зиян әкелген болар еді. Мен халықтық педагогика халыктын рухани өмiрiнiң орталығы дегенге сенемiн. Халықтық педагогикада ұлттық мiнез, ұлттың бет-бейнесiнiң ерекшеліктері ашылады»(Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. - Киев, 1969). Халықтық принципте ана тілі орталық орында тұрады. Халық даналығы «сөз арқылы бала туған халқының ұлына айналады. Өзінің ана тiлiн меңгермеген, сұлулығын сезбеген адамның басқа тiлдi меңгере алмайтындығын атап көрсетеді. «Тіл -халықтың рухани байлығы» дей келе,адамның сөйлеу мәдениеті оның рухани мәдениетiнiң айнасы, сөз арқылы бiздiң ата-бабаларымыз өздерiнiң өсиеттерiн қалдырғанын айтады. Жас ұрпақтың туған халқымен ана тiлi арқылы қарым-қатынас жасайтынын ескертеді.
В.А. Сухомлинский басқа халықтардың да тiлiн құрметтеді. «Е. Онегин», «Өлi жандар», «Соқыр музыкант>>, <<Аңшының жазбалары>>, <<Дала>>
шығармаларын, Тютчев, Никитин, В. Маяковский, С. Есенин, А. Ахматова, В. Твардовский елендерiнiн кебiн жатқа білген. Ол чуваш педагогі Яковлев енбектерiмен жете танысты.
А.С. Макаренконы устазым деп санады. К.Д. Ушинскийдiн көзқарастарын
колдады. Ол басшылық еткен мектепте мұғалімдер балаларға ертегілер айтып,олармен бірге халық әндерін орындады, халықтық мерекелер ұйымдастырды. В.А. Сухомлинскийдің шәкірттері ертегілер ойлап шығарып, макалдарды кiрiстiрiп шығарма жазды. халық жұмбақтарын шешті.Халық шығармашылығы элементтерi мектептерді, сыныптарды, кабинеттердi, оқу залдарын безендiруде қолданылды. Ұлы педагогтiн мектебiнде еңбек дәстүрлері, халық өнерi дәріптелді. Оқушылар халкының әдет-ғұрыптарымен танысты. Ол әрбiр ұстаздың мiндетiн жас ұрпақты аға ұрпақ жасаған игiлiктi құрметтеуге тәрбиелеу деп бiледi.
5. «Этнопедагогика»> терминін ғылыми айналымға бiрiншi рет енгiзген -чуваш ғалымы, профессор Г.Н. Волгогоков. Ол «Чуваш халқының этнопедагогикасы》(1971), «Этнопедагогика және өмiр» (1978) атты еңбектерінде
«Халық педагогикасы>>, <<Этнопедагогика>>, <<Ұлттық мәдениет», «Педагогикалық мәдениет>> деген ұғымдарға тұңғыш рет анықтама берді. Оның түсiнiгiнше, халық педагогикасы қоғам дамуының барлық кезеңдерінде болды, ғылыми педагогикалық тәрбие құралының қызметін атқарды. Олай болса, ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсiлдерiнде сабақтастық бар. Ғылыми педагогиканың негiзi халықтық педагогика. Ол этнопедагогиканы «Халық бұқарасынын жас ұрпақты тәрбиелеу тәжiрибесiн, педагогикалық көзқарастарын, отбасы, ру, тайпа,халық және ұлттың педагогикасы>>дейдi. Ұлттық мiнездің ұлттық тәрбие жүйесi, өмiр жағдайлары, педагогикалық мәдениетпен бірге өзгеріске ұшырағанын анықтады. (Г.Н. Волков. Этнопедагогика. - Чебоксары: Кн. Изд.,1974).Г.Н. Волковтың еңбектері халықтық педагогиканын тұжырымдамаларын,пәнiн, педагогикалык негiздерiн, әдістері мен құралдарын анықтауда орасан зор рөл атқарды. Г.Н. Волковтың пiкiрiнше, халықтық педагогика ғылым емес, бірақ ғылым үшiн пайдалы зерттелетін нысан. Этнопедагогика,ғалымның пiкiрiнше, қандай да бір этникалық топтын рухани бiрлiгiне әсер ететiн рудың, тайпаның, халықтың,ұлттың педагогикалык мәдениеті.Этникалық тәрбие - отбасындағы, рудағы, тайпадағы тәрбие. Автор «этникалык» және «халықтық>>ұғымдарын синонимдер деп есептейдi. Халықтық тәрбие - тәрбие саласындағы өмiр, болмыс, ақиқат, педагогикалық практика. Халықтық педагогика -идеялар, педагогикалык ойлар. «Халық педагогикасы - ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн мағлұматтар, іскерлік пен дағдылардың жиынтығы », - дейді.Барша адамзатқа ортақ мәдениетке жету үшін ұлттық ерекшеліктерден бас тартпай, оны жақсы танып, озық элементтерін көп қолдану керек. Тәрбиедегі ұлттық кезендердi, сәттерді ескеру ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн ұлттық жалған сенiмдердi, жалған пiкiрлердi, ұлттық шектелушiлiктi, томаға-тұйықтықты жоюға көмектеседі.Г.Н. Волков: «Халықты таза көрсететiн-балалар, балалардың ортасының өлгенi - ұлттың жойылуы», - дедi. Ұлттық пен интернационализм арасынсындаүы үйлесiмдiлiк тәрбиеде ұлтты күшейтетiн, мәдениетін өсiрiп, рухани өмiрiн байытатын ұлттық элементтердің көп болуын талап етеді. Ол тәрбиеге таптық тұрғыдан келу халықтық тәжiрибенi жете зерттеуге мүмкiндiк бермегенiн атап көрсетті.
Сонымен мазмұны жағынан әр түрлi зерттеулерді пайдаланудын қазақ этнопедагогикасы материалдарындағы халықтың бала тәрбиесі саласында
шоғырланған әдіс-тәсілдерiн, амал-жолдарын оқып-бiлудiң әлеуметтік-педагогикалық маңызы бар. Бiрiншiден,болашақ тәрбиешi, әдiскерлер оқу-тәрбие үдерiсiнде халықтың дәстүрлерін меңгерту арқылы өздерiнiң бiлiм қорын жетiлдiредi. Халықтық тәрбие саласындағы талаптарының
дұрыстығына, пайдалы екендiгiне ғұлама ойшылдардың, жыршы-жыраулардың өмiрiн, енбектерiн, халық өмiрiнiң өзіндік ерекшелiктерiн, тұрмыс-карекетiн танып-білу арқылы кезі жетедi. Екіншіден, халық шығармашылығының (поэтикалық,музыкалык,сәндік-қолданнбалы) көркемдік бейнелiлiгi арқылы құнды-адамгершілік, психологиялык-эмоционалдык.эмоциналдық-эстетикалық қасиеттерiн қалыптастырады. Үшiншiден, ұлттық дәстүрге, мәдениетке аялы, сүйiспеншiлiк көзқарасын қалыптастырады,алған білімін балалармен тәрбие жұмысында белсендiлiкпен жүйелі пайдалануына мүмкіндік алады.
Мәселені шешу жобасы:
Бауыржан Момышұлының пікірін талдаңыз.
Менің үш қорқынышым бар. Бiрiншiсi - осы заманғы бесік жырын айта алмайтын келiндердiң көбейіп бара жатқандығынан қорқамын. Екiншiсi - балалары мен немерелерiне ертегі айтып бере алмайтын әжелердiң көбейіп бара жаткандығыҮшіншісі - дәстүрін сыйламайтын ұрпақтардың өсіп келе жаткандығынан қоркамын.
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
1. Халық педагогикасының тәрбиелік ықпалын өте жоғары бағалаған:
А. К.Д. Ушинский:
В. С.И. Гессен;
С. А.С. Левшин:
D. B.В. Радлов;
Е. Л.Н. Толстой.
2. Қай ғасырдан бастап ғалымдар халық педагогикасының пробемаларына назар аудара бастады?
А. XIX ғасырдан;
В. XVII ғасырдан:
С. ХХ ғасырдан:
D. XVIII ғасырдан;
Е. XXI ғасырдан.
3. Ең алғаш этнопедагогика терминiн енгiзген кiм?
А. Г.Н. Волков;
В. Е.Л. Христова:
С. Я.И. Ханбиков;
D. В.А. Пятин;
Е. Л.М. Гумилев.
4. «Халық педагогикасы ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн мағлұматтар, іскерлiк пен дағдылардың жиынтығы>>. Кімнің анықтамасы?
А. Г.Н. Волков;
В. В.А. Пятин;
С. Л.М. Гумилев:
D. A.E. Измаилов:
Е. Г.М. Храпченков.
5. Халықтық педагогиканы елемеудiң педагогикага зиян әкелгенiн жазған
кеңес педагогi:
А. В.А. Сухомлинский;
В. А.С. Макаренко:
С. Н.К. Крупская;
D. C.T. Шацкий:
Е. А.В. Луначарский.
6. Тұңғыш рет отбасы тәрбиесiн зерттеген еуропалық педагогтi атаңыз:
А. Я.А. Коменский:
В. И. Гербарт;
С. И.Г. Песталоцци:
D. Д. Дидро;
Е. Ж.Ж. РУССО.
7. «Этнопедагогика объектісі халық тұрмысы, ойлау жүйесi, санасы, дуниетанымы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері, ауыз әдебиеті» деген қай ғалымның анықтамасы?
А. С. Қалиев:
В. Б. Муканова;
С. К. Жарыкбаев:
D. C. Узакбаева;
Е. Г. М. Храпченков.
8. Ұрпакка тәрбие беру ушiн қолданылған әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар, өнер, тұрмыс, емiр туралы көзқарас, тәрбие әдіс тәсілдері:
А. Этнопедагогиканың зерттейтiн негiзгi объектiсi;
В. Халықтық педагогика зерттейтiн негiзгi объектiсi:
С. Педагогика зерттейтiн негiзгi объектiсi:
D. Әлеуметтік педагогика зерттейтiн негiзгi обьектісі:
Е. Этнологияның зерттейтiн негiзгi объектiсi.
9. Этнопедагогика ғылымының даму кезеңдерін анықтаған ғалым:
А. Қ. Жарықбаев:
В. С. Калиев;
С. С. Узакбаева:
D. Б. Муқанова;
Е. Г.М. Храпченков.
10. Халықтың ұлттық сана-сезiмiне бiрiншi әсер ететін не?
А. Халықтық педагогика:
В. Салт:
С. Дәстүр:
D. Ана тiлi:
Е. Ауыз әдебиеті.
11. «Халықтық педагогика-ұлттық педагогика>> деген кеңес педагогri:
А. В. Сухомлинский;
В. А. Макаренко:
С. Н. Крупская:
D. C. Шацкий;
Е. Е. А.В. Луначарский.
Достарыңызбен бөлісу: |