I тарау. Этнопедагогиканың зерттейтін мәселесі, мақсаты, міндеттері, Әдіснамалық негіздері


Этнопедагогика темендегі тарауларды оқытуды қарастырады



бет2/13
Дата19.10.2022
өлшемі144,07 Kb.
#153798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
этно
Қазақстан Республикасы күні
Этнопедагогика темендегі тарауларды оқытуды қарастырады:
1. Этнопедагогиканың зерттейтiн мәселесі, мақсаты, міндеттері, әдiснамалық негiздерi.
II. Халықтық педагогикадағы тәрбиенiң түрлерi.
III. Бiлiм беру жүйесiндегi қазақ этнопедагогикасы.
<<Этнопедагогиканың зерттейтін мәселесі, мақсаты, міндеттері, әдіснамалық негiздерi>> белiмiнде этнопедагогика пәнін, оның негізгі ұғымдарын, Қазақстандагы этнопедагогикалык идеялардың тарихын оқу карастырылған.
«Халықтық педагогикадағы тәрбиенің түрлері>> белiмiнде қазақ халқының бала тәрбиесіне қоятын талаптары, тәрбиенің мақсаты және міндеттері, қазақ халқы тәрбиесінiң ерекшеліктері, тәрбие әдістері, құралдары, қазақтың халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері баяндалады.
<<Бiлiм беру жүйесіндегі қазақ этнопедагогикасы>> белімінде болашақ оқытушылардың этнопедагогикалык бiлiмiнiң негiзгi элементтерiне, колледждiн оку жоспарына енгiзiлген оку пәндерiндегi этнопедагогикалык мәліметтерге сипаттама берiледi.
Оқу кұралының құрылымына тақырыптық жоспар, мәтін, негiзгi ұғымдар, оқушылардың бiлiм денгейiн тексеруге арналған тест сұрақтары, бекіту сұрақтары, зерттеу, ақпараттық практикаға бағытталған шығармашылық жобалар, тәрбие сағаттары енгiзiлген.
I ТАРАУ. Этнопедагогиканың зерттейтін мәселесі, мақсаты,міндеттері, әдіснамалық негiздерi
1.1. Этнопедагогика пәні оның негізгі ұғымдары, мақсаты
1. Этнография-грек сезі, тайпалар мен халықтарды зерттейтiн қоғамдық ғылымның бір саласы. Педагогиканың ұлттық бөлімі «Этнопедагогика>> уғымын ғылымға тұңғыш рет енгiзген чуваш ғалымы Г.Н. Волков (1974).XX ғасырдың 70 жылдары этнопедагогикалык ой-тужырымдардың күшеюіне себепшi болған үдерiс кеңестік жүйенің басқа ұлттарды шеттетуi едi. КСРО-да 1930 жылдан бастап ұлттарды орыс тілінде оқыту талап етiле бастады. 1959 жылдан бастап ұлттық мектептер орыстiлдi мектептерге көшiрiлдi. «Этнопедагогика>>, «халықтық педагогика>>, <ұлттық бiлiм жүйесі », «ұлттық мектеп» деп келетiн атау-ұғымдар интеграция (әлемдiк кiрiгу) туғызған ұлтсыздану үдерісіне қарсылық. Этникалык педагогиканың мәнi - ұлттық педагогикаларды бір-бiрiнен негiзсiз кешіртпеу. Этнопедагогика педагогика ғылымын фольклормен, этнографиямен байланыстыратын сала. Онын нысаны - педагогикалық нысандар. Этнопедагогика ұғымының көптеген анықтамалары бар. Г.Н. Волковтын пiкiрiнше, этнопедагогика ғылымының нысаны - ғылым болып есептелмейтiн халықтық педагогика.
Этностық әрбие - отбасындағы, рудағы, тайпадағы тәрбие, дәлірек айтсак, табиғи, мектептен тыс, дәстүрлі, формальды емес халықтық тәрбие. Ол этнопедагогиканы халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжiрибесiн, педагогикалық көзқарасын зерттейтін ғылым болғандықтан, оны отбасы, ру, тайпа, ұлт педагогикасының теориясы және тарихы деп санайды. Автор этнопедагогика тарихи жағдайлардын ықпалымен қалыптасқан ұлттардың мiнезiн де зерттейді деп есептейді. Көріп отырғанымыздай, Г.Н. Волков «этностық» пен «халықтық » деген ұғымды синоним ретiнде қолданады.
М.Н. Стельмаховичтін анықтамасы бойынша, этнопедагогика ұлттың өзіне тән тарихи жолы, сол жолда калыптасып, жүзеге асқан ерекшелiктерi (Традиции и тенденции развития семейной этнопедагогики украинского народа. - Киев, 1989.).
Бірқатар ғалымдар берген этностық педагогиканың анықтамасы осы құбылыстың елеулi белгiлерiн бейнелейді. Мәселен, профессор В.А. Пятиннiң жетекшiлiгiмен жұмыс iстейтін авторлар ұжымының берген анықтамасы бойынша: «Этнопедагогика әлеуметтік нормаларды, құндылықтарды, тәжiрибенi бойына сiнiрген жеке адамды калыптастыратын қоғамдық ықпал ету үдерiсiн зерттейдi.Балаларды тәрбиелеу мен оқытып үйрету туралы дiни iлiмдерде, ертегiлерде, әңгімелерде, аңыздарда, көне хикаяларда, жұмбақ өлендерде, мақал-мәтелдерде, ойындарда, ойыншықтарда және баска отбасы өмiрiнде, тұрмыста, дәстүрлерде керiнiсiн тапқан халық бiлiмiн, ой-пiкiрлерi мен көзқарастарын, яғни жеке адамның әлеуметтік және тарихи-мәдени калыптасу удерiсiне ықпал жасайтын педагогикалык потенциалды жинактап,жүйелейдi>>.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет