I тарау. Этнопедагогиканың зерттейтін мәселесі, мақсаты, міндеттері, Әдіснамалық негіздері



бет4/13
Дата19.10.2022
өлшемі144,07 Kb.
#153798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
этно
Қазақстан Республикасы күні
Этнопедагогиканың мiндеттері:
• халықтық педагогиканын iс-әрекет аясын және қазiргi заманғы тәрбиемен өзара байланысын анықтау;
• баланы әлпештеп өсірген халықтың даналығының мәйегін жинау.халықтық тәрбиенiн негiзгi санаттары(категориялары) мен заңдылыктарын анықтау;
• халыктык педагогикага ыкпал ететін әлеуметтік-экономикалык факторларды белiп көрсету, халықтық педагогика дәстүрлерiнiң өміршендiгi себептерін анықтау және қоғамның рухани өмiрiне олардын тереңдей ену тетiгiн айқындау;
• iрi және шағын халықтардың, тәрбие практикасының ерекшеліктерін мұқият зерделеу.
Педагогика iлiмiнiн белгiлi бiр денгейiн, адамзаттың рухани прогресiндегi нақты кезеңді бейнелейтін халықтық педагогика ғылымын дамытатын негiз болып табылады.
3. Мәдениеттің табысты дамуы табиғи, көп ғасырлық халық дәстүрі негiзiнде мүмкін болады. Халықтық педагогика бұқара педагогикасы болғандықтан оны маман педагогтар педагогикасы деп атамайды. Халықтық педагогикадағы ананы құрметтеу, баланы өте жақсы көру, әкенің бәрінен күштi екенiне сену педагогикалык дiн деп аталады. Ата-анаңның үйі - отбасының рухани өмiрiнiң сарайы, отбасы қорғаныш, бала - періште, ана - әулие, әке-отбасының тiрегi.ғасырлар Халық педагогикасы бойы халықтың халық болып тарих сахнасына шыққан күннен бергі жас ұрпақты рухани және материалдық мәдениеттi меңгеруге жұмылдыратын
тәлім-тәрбие құралы, ұлт мәдениетiнiң негiзi. Халықтық педагогика ежелгі дәуiрде халық жазған көркем шығармаларда, тастагы жазуларда. ертегілерде, жырларда, діни ілімдерде, аңыздарда, ырым-тыйымдарда, елеңдерде, жұмбақтарда, мақал-мәтелдерде, ойындарда пайда болды. Халық өте ерте заманнан бастап адамгершiлiк қағидаларын, рухани мәдениетiн калыптастырды. Еңбекшілердің емiрiне тiршiлiк нәрiн берген оны нұрландырган әдет-ғұрыптар және дәстүрлер көп болды.Олар халықтың табиғатқа қатынасынан, егiншiлiк немесе малшылык өнерiнен, тамаша қолөнерінен, әдемі киімдерiнен, қонақжайлылыгынан, жақсы әдет-ғұрыптардан, мiнез-кұлык, жүріс-тұрыс ережелерiнен көрінді. Халықтық педагогика ескерткiштерiнен халық мiнезiн, сұлулық туралы тусiнiктерiн, болашақтағы армандарын, ақылға қонымды карым-катынастарын, адамгершiлiк қағидаларын көруге болады. Халық ауыз әдебиетi үлгілері үлкендерді сыйлауга, ұқыпты, енбекқор болуға шакырды. Халықтың мәдениетiнде коғамдык-саяси, әлеуметтік, эстетикалық, философиялық ғылыми ойлар.отбасы, балалар, жолдастық, достық.махаббат, Отан туралы мәліметтер өте мол. Кейбiр педагогтар, ескiрген жерлерi болғандықтан, халық педагогикасының бәрiн кабылдаудың қажеті жоқ деп санайды. Бул пiкiрдi француз ойшылы А. Леруа-Гурана сынап: «Халық халықтығын ескiнiң қалдығы дегендердің көмегімен сақтайды», - дейдi. Осы тұжырымга сай халыктык педагогиканың элементтерi мерекелер,ырымдар, бал, құмалақ аштыру, жеке тұлғаның рухани емiрін дамытатын тиiмдi құрал болып есептеледі.Сонымен қатар халык емiрiнде тарихи жагдайлардын ыкпалымен келеңсiз жағдайлар да кездесiп отырды. Осы жағдай халықтың педагогикалык дәстүрiне де өз қолтаңбасын калдырды.Бірақ халықтың рухани емiрiне еңбек, адамшылық, рухани талант әсер етіп,шынайы халық мінезін тәрбиелеуге көмектесті.Халықтық педагогика казiргi педагогика мен ежелгі педагогикалық мәдениеттi бiрiктiредi. 1926 жылы <<Халықтық педагогика>> деген атау- ұгымды алғаш ұсынган С.Т. Виногратулдов:«Халықтық педагогика тұлғаны қалыптастыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер жиынтығы, яғни халықтың тәлім-тәрбие тәжірибесі>>,деген.
«Халықтық педагогика ауыз әдебиетінде, салт-дәстүрiнде, балалар ойындарында, т.б. керiнiс тапқан педагогикалық деректер мен тәжiрибенiң жиынтығы, бiртұтас ұлттық мәдениет. Халық педагогикасы таза халықтық тәжірибеге негізделген тәрбиенiң эмпирикалык түрi және этнопедагогиканың ғылыми зерттеу обьектiсi>> (Г.Н. Волков). Ал «Ұлттық білім беру>> деген ұғымды ұсынған С.И. Гессен. Педагогтар арасында этнопедагогика мен халықтық педагогиканы шатастыратындар жиі кездеседі. Бүгінгі таңда этнопедагогиканың бастау бұлағы болып есептелінетін «халықтық педагогика>> саласында жарық көрген еңбектер баршылық. Солардың iшiнде «халықтық педагогика>>ұғымына біршама анықтамалар берiлген. Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың байланысын сезететін болсак, профессор М.И. Стельмаховичтiн көзқарасы тұрғысынан«Халықтық педагогикага нақты бір этностық қауымға қатыссыз эмпиризмдiк педагогикалык бiлiмдер мен құралдар енеді. Этнопедагогика нақты бiр этносқа қатысты, оның ұлттық ерекшелігін көрсететін педагогикалық дәстүрлермен байланысты. Педагогика енбекшiлердiң тұрмысы және санасымен байланысты болғанда халықтық сипатқа ие болады. Осы тұрғыдан келгенде, халықтық пен ұлттықта (этнопедагогикада) халық пен ұлттың тәрбиелік мүдделерi бар» (М.И. Стельмахович. Традиции и тенденции развития семейной этнопедагогики украинского народа. Киев, 1989.). Бұл анықтамада халықтық және этникалык педагогиканың айырмашылықтары көрсетілген.Е.Л. Христова: «Халықтық педагогика халық бұқарасынын, таптын педагогикалык санасы, олардын мүддесін көздеп, әлеуметтік теңдік үшiн күресе білетін адам қалыптастыруға бағытталған педагогикалык қызмет.
Дәстүрлі педагогикадан айырмашылығы - жеке ұлттарга қызмет етуiнде»,деп анықтайды. Ал С.А. Ұзақбаева өз зерттеуiнде мына анықтаманы басшылыққа алды: «Халықтық педагогика ұрпақтан ұрпаққа, кебiне, ауызша түрде халық шығармашылығы арқылы берiлген тәрбие мен оқыту саласындагы халықтың бiлiмдерi, iскерлiктерi мен дағдыларының жиынтығы. Олардың негiзiнде белгілі бір әдет-ғұрыптар және салт-дәстүрлер калыптасты>> (Халықтық педагогикадағы эстетикалық тарбие. - Алматы, 1993.).Ол еңбектерге байыппен үңiлсек,олардың бiр-бiрiне мазмұны жағынан жақын екенiн, қайшы келмейтінін, бірiн-бiрi толықтырып, байытатынын және ортақ мақсатқа қызмет ететінін байқаймыз. Әрбір автор кайсыбір ұғымға анықтама бергенде өзінің басты назарынын нысанасы болган саланы керсетуге тырысатыны белгiлi.Сондықтан әрбір анықтама емірде өз орнын тауып, қалыптасуын қамтамасыз етеді.Мәселен, бір топ ғалымдар оны халықтың санасы деп караса, екіншілері әр халықтың педагогикалык тәжiрибесi дейдi, үшiншiлерi халықтың педагогикалық ойлары мен iс-әрекеттерiнiң бiрлiгi десе,төртiншiлерi халық тәрбиесі туралы ғылым деп қарайды. Халық педагогикасы жәнiндегi әр түрлi пiкiрлердiң тууы улттык мәдениеттің ғылыми-философиялык тұрғыда зерттелмеуiне байланысты болады. Әсіресе, кеңестік дәуірде «дүние жүзiнде бiр тiл болады, ұлттық мәдениет - өткеннiң сарқыншағы>> деген идеологияның үлкен зияны болды.Кеңестік ұлт саясатына қарсы шыққандар <<байшыл-ұлтшылдар>> деп айыпталды. Кеңестік идеология бiлiм беру жүйесіндегі ұлттық атаулыны тәрк етті. ХХ ғасырдың 70 жылдарына дейiн қазақ сыныптарында «Қазақстан тарихы», «Қазақстан географиясы>> деген пәндер оқытылмады.Кеңес кезiндегi қазақ тiлiнiң апталық жүктемесі 4 сагат болды. Кеңестік мектепте орыс тілінің апталық жүктемесі 12 сағат болған.Қорыта келгенде, халықтық педагогика - халық бұқарасының жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатымен тәрбие мен оқыту саласындағы белгілеген тәрбие мен оқыту мақсаты, мiндеттерi, оған жету жолдары, құралдары, тәрбие туралы эмпирикалық мәлімет.практикада тексерiлген бiлiмдерінің,iскерлiктерiнiң, дағдыларының жиынтығы, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер.ата-бабалар тәжiрибесiнiң ең жақсы үлгілері. Солардын негiзiнде ұрпақтан-ұрпаққа ауызша халық шығармашылығы арқылы (поэтикалық туындылар ертегi,жыр,мақал-мәтелдер,музыкалык, сәнді-колданбалы өнер) берiлiп отыратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер калыптасқан.Педагогика ғылымы тәрбиелік мәнін ашатын халыктык педагогиканын мақсаты ата-бабалар тәжiрибесiнiң ең жаксы мұраттарына тәрбиелеу.

СӨЗДІК



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет