Қ. Бөлеевтің анықтамасы: Этнопедагогика - халықтық педагогиканы зерттейтін ғылым саласы.Ал белгілі ғалым Қ. Жарықбаев: <<Этнопедагогика - халықтық тәлім-тәрбиенi, оның тәжiрибесiн қорытындылап, жуйелейтiн теориялық сипаттагы гылым>> деген анықтама берген. E. Сағындықұлынын анықтамасы бойынша: <<Этнопедагогика – ұлт тәрбиесiнiң белiктерiн нақтылы материалмен қамтамасыз ететiн қайнаркөз».Сонымен, ғалымдардың пiкiрлерiнiн қорытындысына сүйенсек, этнопедагогика - жас ұрпақты тәрбиелеген, тәрбиелеп отырған бұқаранын тәжiрибесiн зерттейді, халқының рухани қорын, атап айтсақ, өз ұлтының әдет-ғұрып.салт-дәстүрлерін қазiргi ұрпаққа жеткiзедi. Этнопедагогиканың бастау бұпағы - халықтық педагогика.
2. Этнопедагогика пәні коғам суранысына қарай нақтыланып, өзгерiп отырады. Этнопедагогика жеке тұлға дамъитын, әлеуметтік нормаларды менгеретін ортадантәрбиелеу және окыту жайындағы діни ілімдерде,ертегілерде, аныздарда. ырым-тыйымдарда, өлеңдерде, жұмбақтарда,мақал-мәтелдерде, ойындарда, ойыншықтарда және басқа халық мұраларында сақталған білімдердi жинақтап жүйелейді. Жеке тұлғанын қалыптасуына әсер ететін отбасылық өмiрдi, дәстүрлердi, философиялық-этикалык,педагогикалық ой-пiкiрлерді зерттейді. Этнопедагогика пәніне халықтың педагогикалық дәстүрлерi де енеді. Бұл жердегi мiндет дастурлердiн пайда болу тарихын анықтап, сақталу себептерін,дәстүрлерге деген халық сұранысын білу. Халық шығармашылығын зерттеу арқылы халықтың дүниежүзiлiк мәдениетке қосқан үлесін анықтауға болады. Қазіргі әдет-ғұрыптар және олардың бұрынғымен байланысы,дәстүрлі халық мерекелерiнiң жана мазмұндағы мерекелермен өзара әрекеттестiгiн де этнопедагогика ғылымы зерттейді. Жекелеген халықтардың тәрбие тәжiрибесiн салыстырмалы түрде талдау ең кұндыларын педагогика теориясы мен практикасына алуға мүмкіндік береді.Сонымен, этнопедагогиканың зерттейтін (пәні) тақырыптары:
• халықтың негiзгi педагогикалық
ұғымдары (баланы күту, тәрбие, өзiн-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, үйрету,оқыту, ақыл айту);
• бала тәрбиесiнiн объектiлерi мен субъектiлерi (өмірге келген сәбилер.жетiмдер, асырап алған балалар, баланың кұрдастары, достары, бөтен балалар, балалар ортасы):
• тәрбиенiң функциясы (еңбекке әзірлеу, мiнездің моральдық, ерік-жігер белгiлерiн тәрбиелеу, акыл-ойды дамыту, денсаулықты қорғау, сұлулыққа деген сүйіспеншiлiктi тәрбиелеу);тәрбиенiн факторлары (табиғат,ойын, қарым-қатынас, дәстүр. iс-әрекет, тұрмыс, өнер, дiн, үлгі өнеге);
• тәрбие әдiстерi (сендiру, үлгі-өнеге, бұйыру, түсiндiру, уйрету, жаттығу, бата, қарғау, ант, етiнiш, кенес, тұспалдап сөйлеу, мақұлдау, ренжу, есиет, тыйым, қорқыту, жазалау, ұрып соғу);
• тәрбие құралдары (санамақ, мақал-мәтелдер, жұмбақтар,эпос,ертегі,аңыз және басқалары);
• тәрбиенi ұйымдастыру (балалардың еңбек бiрлестiктерi, жастар мерекелері, халықтық мерекелер):
Аталған тақырыптардың iшiнде мұғалім назар аударатын мәселелер көп. Оны зерттеу халықтық педагогика мен мәдениеттің ерекшелiгiн терең түсінуге мүмкіндік береді. Баланы күту - халықтың ең алғашқы педагогикалық уғымдарының бiрi. Оған баланы ана сүтімен қоректендіру, құндақтау, суға тусіру, емдеу, серуенге шығару және басқа iс-әрекет түрлері ендi. Халық олардың әрқайсысына аса маңыз беріп отырды. Тәрбиенің кешендi факторы табиғатты халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу үшін қолданғандығы жөнiнде ғылыми еңбектер аз. А.П. Чехов:
<<Енбекшiлер білімді кітаптан емес.далада, орманда, өзен жағасында алды». деген. Балаларды құстардың әнi, күн шұғыласы тәрбиелейді.
«Сез- тәрбие факторы>> деген мәселе де әлі жете зерттелмеген. Ана тiлi - жеке тұлғаны дамытатын негiз.Өз баласын ана тілінен айырған ата-ана онымен рухани байланысын үзедi.Туған халқының рухани мәдениетiнсiз толыққанды тәрбие болмайды.Тәрбие мен дiннiң өзара әрекеті де Этнопедагогиканың зерттеу нысанына кіреді.Этнопедагогика адамды әлеуметтік топтың әдет-ғұрпына, дәстүр-салтына бейiмделуге, сонын талабына сай өзін ұқсата білуге баулиды, әр түрлі әлеуметтік бірлестіктердің қарым-қатынасының тәлiмдiк және құндылық маңызын зерттейді, адам тарбиелеудегі ұлттың еркениетті жетiстiктерiн тұжырымдайды. Этнопедагогика ел егемендігін нығайтатын iзденiс iс-әрекеттi iрiктейдi. Оның басты жолы адамның ар-намысын таптайтын, күш-жiгерiн корлайтын қимыл- әрекетті әшкерелеу. Мақсаты - әрбiр халық болмысын, онын емiр сүру тәсілін тұтас қарастыру. Этнопедагогика елдiк пен ерлiктi, еркiндiк пен есеюшiлiктi калыптастыру, үйлестіру үшiн қажет.
Қазақ этнопедагогикасы тіл, дәстүр, әдет-гұрып, рәсiмдер сиякты этникалык мәдениет негiзiнде калыптасты. Әлеуметтік орта, шаруашылық қазақтардың мiнезiне, сана-сезiмдерiне әсер етті де, олар дуниенi басқаша қабылдады. Қазақ этнопедагогикасы қазақтың этникалық тәрбиесін зерттейдi.Казак этнопедагогикасының нысаны - болмыс (кең мағынада), қазақтың ұлттық мадениеті (тар мағынада).Пәні (зерттейтiнi) этникалық тәрбие үдерiсiнде дамып жатқан этнос субъектiсi. Ұлттық мектептiн маңызды мiндетi -этнопсихологиялык ерекшелiктерді зерттеу.Сонымен әлеуметтік және этникалық педагогиканың объектiлерi,зерттейтін мәселелерi ұқсас болғандықтан бiр-бiрiмен байланысты. Этнопедагогиканың өте көп анықтамаларын талдау зерттеушілердің ұлттық ерекшелiкке ден қоятынын көрсетіп отыр.