Жетiлген адамның ұлттық сипатына келсек, барлық халықтардың
ауызша түрде сақталған шығармаларында адам табигатының байлығын көрсететін белгілер кеп. Жағымды кейiпкерде жеке тұлғанын акылды,көркем, ержүрек, инабатты, еңбеккор сынды қасиеттері бейнеленді. Мысалы, «көркiне ақылы сай» деген жоғары поэтикалык мiнездеме әйел идеалы,тәрбиенiң нақты мақсаты, халыктык педагогикада жеке тұлғаны қалыптастыру бағдарламасы деңгейіне жеткізілген. <<Ер жiгiт>> мiнезiнiң белгiлерi қыз>> бейнесiне қарағанда кеңірек екендiгiн қазақ батырларының образдары дәлелдейді.
Адамзат тарихы, мектеп пен педагогикалық ойлардың даму барысы
адамның емiрге, іс-әрекетке, белгiлi бір әлеуметтік-мәдени жагдайга әзiрленетiндiгiн керсетеді. Жеке тұлғаны жетiлдiрудiң негiзi - өз ұлтын сүю. Олай болса, М. Дулатұлынын: «Бала өзiнiң ұлттық ортасында тұрып, өз ұлтына қызмет ететіндіктен, тәрбиешi оны ұлттық тәрбие рухында тәрбиелеуге мiндеттi», - деген пiкiрi манызды. И.С. Кон: <<Тәрбие мақсат-міндеттерi және әдістері баланың кұндылык-нормативтік бейнесін айқындайды.
Халық, ұлт, этникалық топ тәжiрибесi, әдеті, тұрмысы халықтың психологиясынын ядросын құрайды. Тәрбие мақсат-мiндеттерi, әдiстерiне халыктың әлеуметтік тәрбиесiнiн күтілетін нәтижесі. бағалары енеді. Жеке тұлғаның ұлттық мінезін қалыптастырудағы этникалық тәрбиенiн рөлі қандай? Қоғамның материалдык емi-ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие жүйесі колданылмаган жағдайда ұлттық ерекшелiктер сақталмайды. Ұлттың өмiр салты, практикалық іс-әрекеті тәрбие факторы болғандықтан ұлттық мiнездiң калыптасуына ықпал етеді. Олай болса, бір халықпен танысу ушiн оның тәрбие жүйесін зерттеу керек. Ұлттық тәрбие жүйесін зерттеп, ұлттық мінезді білуге болады», - дейдi.
Қазақ халқының құндылық-нормативтiк құндылықтарында тәрбие мақсаты «жан-жақты даму» ұғымымен байланысты «сегіз қырлы, бір сырлы адамды тәрбиелеу>> деген басты,iзгi нақыл сөзде белгiленген. «Сегіз қырлы » жастарға арналган өсиет, ақыл сөз. Жастар дүниедегі бiлiмдердi ақылмен меңгеру керек. «Бір сырлы бол>> - өзiңмен-өзiң бол, бiр сәттiк ләззатқа берiлме, басқа адамдардың үгiтiне көнбе деген мағынаны бiлдiредi (В.К. Герн. Характер и нравы казахов.
Караганда, 1995). Халық түсiнiгiндегi «жан-жақты даму» ұғымына ақылдылық, іскерлік,адамгершілік және басқа сапалар енедi.
Ap, намыс, сыйластық - қазақ халқы өте жоғары бағалаған ұғымдар.
Қазақ халқының ең биiк құндылығы - денсаулық (бірінші байлық), екінші байлық ақылды әйел (ақ жаулық). үшiншi байлык - жетiстiк (он саулық).
Мақсатқа сай тәрбие мiндеттерi белгiленді. Олар:
- еңбектi сүюге тәрбиелеу, баланы жас кезінен белгілі бір іскерлік, дағдыларга үйрету;
- елжандылық, туған жерге, халыққа, тiлге деген ыстық махаббат: туған жер табиғатын қорғау, туған жердi жаудан
қорғау:
- адамгершілік тәрбиесi;жақсы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің сақталуына, нығаюына, дамуына улес қосу:
- ақыл-ой тәрбиесі;
- ерлік тәрбиесі.
5. Тәрбие әдістері. Тәрбие беру үдерiсiнде педагогикалык ықпал етудiң толып жатқан әдіс-тәсілдері, амал-жолдары қолданылады.
Халықтың, әсіресе балаларға жас кезiнен сенім артып, жауапты да қызықты iс-әрекетке тартуы, олардың ерте есеюiне, ел өмiрiне батыл араласуына септігін тигiздi. Мысалы, 4 жасында өзінің ерен зеректiгiмен, тапқырлығымен, ойлылығымен елдi қайран қалдырған, табиғатынан мейiрбан.өткiр тiлдi, ақылды, әділ Шорман 13 жасында Баянауыл округінін биі атанса, бала жасынан атақты абыз билердің алдынан өтiп, талай батасын алған Төле, он бес жасынан бастап ел арасындағы дау-жанжал, келiссезге араласып, билiк айта бастапты.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң» дегендей, үлкендердің, ата-
аналардың жеке басының үлгі-өнегесi балалар тәрбиесіндегі ұтымды
әдiстiң бiрi болды. Ата-ананын асыл адамгершілік қасиеттері, еңбектерi,
iс-әрекеттерi, отбасындағылармен қарым-қатынасы, туыстар,дос-жолдастар, таныстар арасындағы қатынасы.дүние-мүлiкке, өнердің түрлерiне көңіл бөлуi, той-думан, ойын-сауықтарға қатысуы балаларға өнеге болуымен бiрге олардың жеке адамдық қасиеттерiнiң
дұрыс қалыптасып, жетiлуiне тiкелей ықпал еттi.
Тәрбие беру үдерiсiнде педагогикалық ықпал етудiң толып жатқан әдіс-тәсілдері, амал-жолдары қолданды. Балаларға кайырымды, ілтипатты қатынас жасау, баланың адал, адамгершiлiк сезiмдерiн ояту, жанама
ықпал жасау, моральдық қолдау, өзіне деген сенімін нығайту, сенім артуға
түсiндiру, көрсету, ақыл айту, өнеге беру, өтiнiш жасау, жаттықтыру, мақтау. мадақтау, тұспалдап айту, ескерту,реніш, наразылық бiлдiру немесе ашулану, айыптау, бұйыру, еркелете кiнә арту, жалган енжарлық көрсету, алғыс айту, алғыс бата беру, қарғау, т.б.
<<Ертеде Шу өзенiнiң Балқашқа жақын жайылым алқабында Үйсін мен
Арғынның белдi жақсылары таласыпты. Екі жақтың бектерi бас қосып, кеңесiп, пәтуаласа алмайды. Көпшілікке ерiп барған он бес жасар Төленің билік айтушыларға көңілі толмайды.
Ол:
Ақты ақ деп бағалар,
О, игi жаксы ағалар!
Өзегі толса ел біткен,
Өзен бойын жағалар, -деп сөз бастай бергенде:
- «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без» деушi
еді. Мына бала кім өзі? - дейді төрде отырған би. Төле қасқая тұрып:
О, би аға, он үште отау иесi демес пе,
Кiнәлiмiн бе, келiп қалсам он беске?
Сһз сейледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,
Ала кез болу ағайын адамға лайық па?-
деп бір тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал кояды:
О. игi асқар тауымыз,
Әділ ме осы дауымыз,
Жар астында тұрғанда
Жасырынып жауымыз?!
Сонда әлгi би:
Қой асығы демендер,
Қолына жақса, сақа ғой.
Жасы кiшi демеңдер,
Ақылы асса, аға ғой,
деген, балам, билiктi саған бердім, - дейдi. Бала Төле жұлып алғандай:
- <<Сары табақтан сарқыт қайтады>> деген. Билікті маған берсеңiз, Шу өзенiнiң оң жағын Үйсiн, сол жағын Арғын жайласын, буған қалай қарайсыздар? -дейдi. Бұл шешімге екi жақ та риза болып,
бiтiмге келеді. Сонда төрдегi би:
Үй баласы ма деп едiм,
Ел баласы екенсiң.
Ай маңдайлы арысым,
Талабың алдан өтелсін.
Ауылынның таңы бол.
Мандайдағы бағы бол! -деп бала Төлеге бата берген екен».
Балаларға педагогикалық ықпал жасаудың ең кеңінен тараған әдiсi - тұспалдап айту. Онда алмастай өткір сөздер, нәзiк юмор көп. Тұспал сөздер үлкендерге де, балаларға да айтылған және образды, абстрактілі ойдың дамуына жәрдемдескен
Үлкендер арасында, ақындар сайысында, той-думан, спорттық жарыс, ойын барысында, еркiн карым-қатынас кезiнде астарлы сөздер (әдетте, әзіл-қалжың) неғұрлым жиi пайдаланылады. <ымды
түсiнбеген дымды түсінбейдi», «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтедi» деген халық макалдары соны аңғартады. Бір жақсы ойын-сауықтарда нақты бір адамды ренжітіп алмау үшiн тұспал сөз бiреуге қадап айтылмайды. Бұл -
сыйластыктың үлгiсi. Үлкендердің, ата-аналардың үлгi-
өнегесі балаларға ғибрат. Сондықтан да жастар бастапқыда барлық сән-
салтанатты сауық-сайрандардың үнсіз куәгерлері бола отырып, кһрiп-біліп, баға берiп, есте сақтап, өздері үйренген тұспал сездердi құрбы-құрдастарының арасында пайдалануға алғашқы қадамдар жасап, зеректікке, тапқырлыққа жаттықса, одан кейiн
дербес шығармашылыққа ұмтылады.
Балалар мен жастарды қоғамдық ойын-сауықтарға белсенді қатысуга
шешендік өнердің, бейнелі бай тiлдiк қордың қарапайым дағдыларын қалыптастыруға тарту механизмi шамамен осындай. Мысалы, үй иелерi ән айтып, күй тартып, билеп, өз өнерін қонақтарға бірінші болып керсету дастурi күнi бүгінге дейiн жойылган жоқ. Егер үй иелерi мұны ұмытып бара жатса, қонақтардың өздерi: <<Ауылдың алты ауызы бар ма?>> - десiп, есіне түсіреді.Сондай-ақ, «Тыңдаушы табылса, ән де табылар>>, - деген сөзбен орындаушы ән айтуға дайын екенiн, бiрак көңiл қойып тыңдау қажет екенiн ишарамен бiлдiредi. Ал кәшейінде ауыз жаппас,той дегенде елең таппас» деген нақыл сөз көпшілік орында қысылып
қымтырылғандарға тағылған кiнәдай
естiлетiн.
6. Тәрбие құралдары. Адамның iс-әрекетіне бағыт беретiн бiлiмдерден
тәрбие құралдары бһлiнедi. Олар қазақ этнопедагогикасындағы негiзгi бiлiмдер: халық бiлiмдерi, дәстүрлер.әдет-ғұрыптар, рәсiмдер, ережелер.
Этнопедагогикалық мадениет заттардан, сезiмдерден, бiлiмдерден, iскерлік, дағдылардан тұрады. Олар:
- бесік және бесік жырлары;
- ойын өлеңдері;
- қозғалмалы ойындар:
- балалар фольклоры:
- қоғамдық тәрбиешілер институты;
- балалар мен жастардың дәстүрлі мерекелерi;
- ақыл айту:
- жас аналарға кеңес:
- ата-бабалар өсиеті:
- руын бiлу (шежiре);халықтың жас ұрпақты өмiрге дайындау жөнiндегi көзқарастары;
- балалар киiмi;
- ойыншықтар:
- балалар тағамдары:
- тамақ ішу әдебі;
- балалардың еңбек құралдары;
- балалар еңбегi;
- спорттық жарыстар, т.б.
Оған материалдық және рухани мәдениет енеді. Мазмұнын мұғалім
iрiктейдi. Мазмұнда адамзат мәдениетi шоғырланған. Оның маңыздыларын анықтаған дұрыс.Ұлттық тәрбиеге үлкен ықпал жасайтын, ұлттық педагогикалык бiлiмдер шоғырланған дәстүрлі-тұрмыстык мәдениет:
- тіл;
- әдеттегі сана: жорулар, нанымдар;
- нормалар: ережелер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер.
Ғалымдар адамның алуан түрлi қажеттіліктерін өтеуіне байланысты
мәдениеттi өндiрiстiк, танымдық, тiршiлiктi қамтамасыз ететін, әлеуметтiк-нормативтік деп 4 салаға бөледі.
Этникалық тәрбие мазмұны этникалық мәдениетке енеді. Этникалық мәдениет әлеуметтiк-нормативтік, танымдық, өндiрiстiк, өмiр сүру деген бөліктерден тұрады. Мәдениеттің ендiрiстiк саласы
материалдық байлықты, өндiрiс құрал-жабдықтарын өндіру және қайта
өндірумен байланысты. Бұл салаға рационалдық емес, эмоционалдық.
сезiмдiк жолмен, өнер арқылы алынатын бiлiмдер енедi. Мысалы, қолданбалы өнер: ағаштан, темiрден. металдан, сүйектерден, мүйiздерден,
маталардан, жүннен жасалған бұйымдар; тоқу өнерi; кесте тігу өнерi;
сәулет өнерi; күйдіру; ағашқа ою; мүсін жасау. Бұйымдар: бас киімдер, аяқ
киiм, тон, ыдыс-аяқ, саз аспаптары, ат әбзелдерi, әшекей заттар.
Өндiрiстiк сфера аңшылық, мал шаруашылығы, жер шаруашылығы деп
3 топқа бөлiнедi. Аңшылық саласында балаларды аң аулау шеберлігіне
үйретеді. Мал шаруашылығы саласындағы еңбектің түрлері: малды емдеу: малды өсiру; малды қырқу; жайлауды және су көздерiн таңдау. Жер
шаруашылығы саласындагы еңбектiң түрлерi: топырақты зерттеу; ауа
райын болжау.
Тіршілік ету мәдениеті. Оған адамдардың «бiрiншi>> қажеттiлiктерiн
қанағаттандыратын өндiрiс салалары енеді. Олар - мал шаруашылығы өнiмдерi, ұлттық киiмдер өндiретiн жеңіл өнеркәсіп салалары. Бата арабтың «фатеке>> деген сөзінен шыққан, адам баласы-