I ∼ U. Өткізгіштің кедергісі өзгермеген жағдайда одан өтетін токтың күші оның ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өзгереді.
I ∼ 1 /R . Өткізгіштің ұштарындағы кернеу өзгермеген жағдайда одан өтетін токтың күші оның кедергісіне кері пропорционал өзгереді.
I = U/R . Бұл формула тізбектің бөлігі үшін Ом заңын береді. Ол былайша тұжырымдалады: Тізбектің бөлігіндегі токтың күші осы бөліктегі кернеуге тура пропорционал да, кедергісіне кері пропорционал. 4. Ом заңынан өткізгіштің R кедергісін табуға болады: R = U /I .
ХБЖ кедергінің өлшем бірлігіне туынды бірлік – ом (Ом) алынған: 1 Ом = 1 вольт/1 ампер (1 Ом = 1 В/1 А).
Өткізгіштерді тізбектеп жалғау деп резисторларды (жүктемелерді) тармақтамай, бірін екіншісіне, екіншісін үшіншісіне т.б. тіркестіре жалғауды айтады.
Өткізгіштерді тізбектеп жалғау төменде көрсетілген заңдылық қасиеттерімен сипатталады.
Біріншіден, өткізгіштерді тізбектеп жалғағанда олардың бойларынан өтетін токтың күші өзгермейді (сурет 5.16): I = I1 = I2 = I3 = … = In = const.
Екіншіден, тізбектеп жалғанған өткізгіштердің жалпы кедергісі олардың жеке кедергілерінің қосындысынан тұрады. R = R1 + R2 + R3 + … + Rn .
Үшіншіден, тізбектегі өткізгіштердің сыртқы жалпы кернеуі олардың жеке кернеулерінің қосындысынан тұрады : U = U1 + U2 + U3 + …+ Un .
Өткізгіштерді параллель жалғау деп резисторларды (жүктемелерді) бірнеше тармаққа бөліп, олардың сәйкес ұштарын біріктіріп жалғауды айтады Өткізгіштерді параллель жалғау төменде көрсетілген заңдылық қасиеттерімен сипатталады.
Біріншіден, өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектегі жалпы токтың күші әр тармақтағы ток күштерінің қосындысына тең: I = I1 + I2 + I3 + … + In. Екіншіден, параллель жалғанған тізбектегі өткізгіштердің жалпы кедергісінің кері шамасы әр тармақтағы кедергілердің кері шамаларының қосындысына тең: 1 R = 1 R1 + 1 R2 + 1 R3 + … + 1 Rn . Үшіншіден, өткізгіштерді параллель жалғағанда әр тармақтың ұштарындағы кернеу өзгермейді: U = U1 = U2 = U3 = … = Un = const.
Электр тогының жұмысы мына формуламен өрнектеледі: А = qU = IUt. Электр тогының жұмысы деп кернеу мен ток күшінің жұмыс істелген уақытқа көбейтіндісін айтады: А = IUt. Халықаралық бірліктер жүйесінде электр тогының жұмысы джоульмен (Дж) өлшенеді: 1 Дж = 1 А · 1 В · 1 с.
N = A/t . Электртехникада қуатты басқаша P әрпімен белгілейді: P = A/t . Жоғарыдағы өрнектерді ескеріп, электр тогының қуатын мына формула бойынша табамыз: P = A/t = Iut/t = IU. Электр тогының қуаты деп ток күші мен кернеудің көбейтіндісін айтады: P = IU. ХБЖ электр тогының қуаты ваттпен (Вт) өлшенеді: 1 Вт = 1 А · 1 В.
Өткізгіштен ток өткенде одан бөлініп шығатын жылудың мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіштің кедергісіне және токтың өткен уақытына тура пропорционал болады: Q = І2Rt. Бұл тұжырым Джоуль–Ленц заңы деген атаумен физика ғылымының тарихына енді.