І тарау. ХалықТЫҚ педагогика және оның ТӘрбиелік мәНІ


Экономикалық білім беру деп –



бет7/14
Дата23.05.2020
өлшемі52,42 Kb.
#70807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Айтолқын курстық жұмыс

Экономикалық білім беру деп – оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру мақсатында берілетін білім. Оқушыларға экономикалық білім берудің мақсаты – қоғамның

экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжирибеде меңгерту. Экономикалық білім теориясы қоғам өмірінің материалдық негіздерін түсінуге, қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осының негізінде оқушылар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынып, қоғам мен жеке адам мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа көзқарастарды қалыптастыруы керек. Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі кездегі өте кешенді мәселелердің бірі. Сондықтан, оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитеарлық білімдермен қаруландыру керек.

Ендеше қазіргі нарықтық экономика, шаруа қожалығының пайда болуы, жерді, өндірісті жеке адамдарға беру, т.б. талап – талғамдарды оқушыларға оқып-үйрету талап етіледі. Алайда көптеген мектептердің материалдық базасы бүгінгі таңда төмен. Оқушылар жеке саудаға көшті. Осы сауданы дұрыс ұйымдастыру үшін әрбір мектепте оны молайтудың жолдарын іздестіру қажет. Бұрын мектепте шеберханада жасалатын бұйымдар, берілетін сабақ теориялық тұрғыда айтылып, тәжірибелік жұмыстарда кесу, тесу, сүргілеу немесе өсімдіктерді өсіру, күту, жинау әдістеріне ғана үйрететін. Экономикалық білім беруге назар аударылмайтын.

Оқушы өзі жасап жатқан заттардың өмірге қажеттілігі, жасауға кететін материал шығыны, оны жасайтын еңбек қөұралдарының құны, қалдықсыз өнім өндірудің пайдасынаназар аударылмайтын. Практика ретінде мектептегі еңбек пәні мұғалімдерінің арасында: «Сіз сабақта оқушыларға экономикалық есеп пен талдау туралы қарапйым түсініктерді неге айтпадыңыз?»- деген

сұраққа «Оны мен өзім де білмеймін, оған дайындығым жоқ »-деген жауаптарды да еститін жайлар кездеседі.

Бұл кездейсоқ нәрсе емес. Педагог мамандардың өздерінің экономикалық білімі, мәдениеті жеткіліксіз. Содан барып оқушы жастар да күнделікті тұрмыстан алатын үстүрт түсініктерімен шкетеледі. Қазір өмірдің өктем талабы оынау баға жетпес теориялық және практикалық тұрғыда қажет нәрсені білуді талап етеді. Әзірге мектеп оқушыларының экономикалық сауаттылығы, тәрбиелігі төмен дәрежеде. Жас ұрпақтарға экономикалық білім беруге жаңа қадам жасау керек. Өйткені экономика мен мәдениетіміздіңдамуы, халықтың әл-ауқатының өсуі осы мәселелермен тығыз байланысты. Бірақ, экономикалық білімділік адамдардың қоғамдық байлыққа деген ұқыптылығын, үнемділігін, тиянақтылығын өзінен-өзі қалыптастыра салмайды. Мұндай қасиеттеркейде жекешілдік пен тұтынушылық сипатта көрінуі де мүмкін. Біз оқушыларды оқыту кезінде қазірге дейін материалдық байлықты жасаушы ретінде емес, оны пайдаланушы ретінде ғана білім бердік. Соның нәтижесінде олар осы мерзімге дейін қыруар шығын шығарып жинақталған материалды кесу, тесу, жөндеу, үйренуші ғана болды. Мәселен, жәшік жасауды ойыншық жасаудай көрді. Оны жасау үшін қанша материал, еңбек, техника, күш, электр қуаты, т.б. шыққан шығын, түскен апйдамен ешқандай жұмысы болмады.

Баршаға мәлім, елімізде оқушыларға 1986-2000 жылдарға арналған құатта еңбек тәрбиесі мен экономикалық тәрбие берудің материалдық базасын нығайту шаралары белгіленгені мәлім. Мектеппен қоса отбасында да экономикалық білім беру баланың еңбекке сапалы көзқарасының қалыптасуына, еңбекті тиімді ұйымдастыра білуге, табыс пен пайданы анықтап алуға үйретеді. Тапқан табысты қоғамдық мақсатқы тұтыну, табысты кәдеге жарату, қоғамдық тұтыну қорларын пайдалануды тек ересек адамдар ғана балаларға үйрету, айырбастау, өндіру, сату, оның пайдасын отбасын мүшелеріне еңбек бөлісіне қарай бөлу, олардың өмір сүруі үшін табыстың қайдан келетінін түсіндіру қажет. Сондықтан жаңадан қабылданған «Білім туралы» заңда оқушыларға базалық бағдарлама негізінде оқу жэоспарына қосу арқылы экономикалық білім беру механизмі енгізіліп, жүзеге асыру керек деген талап қойылды.

Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалдық негізін түсіндіреді. Адамзат қоғамы өмірінің құпия сырын ұғынудың, қоғамды қайта

құрудың обьективті негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл ғылым адам және оның экономикалық қатынастарын зерттейді.

Негізгі мақсат қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыру. Осының негізінде оқушылар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынуы, қоғам және тұлғаның мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа қатынастарды қалыптастыру керек. Бастауыш мектеп, негізгі базистік мектеп және бағдарлы мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарына экономикалық тәрбие мәселелерін жүйелі өндіру мүмкіндігі туып отыр. Бастауыш мектептегі қол еңбегі барысындағы құнттылық, еңбек барысындағы үнемшілдік, бағдарлы мектептегі салалық еңбектің экономикалық негіздері тәрбие жұмысын жаңа негізге көшірудің құралына айналуда.

Халыққа білім беру біздің елімізде мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынған. Мемлекетіміздің экономикалық саясатына өзгерістер енуіне байланысты білім беруді қаржыландыру да қолға алынуда. Білім берудің мемлекеттік стандартына сай оның белгілі бір мөлшерде қаржылануы сақталады. Қаржылангдыру кезі мемлекет тарапынан және оқығаны үшін оқушылардың төлемімен құрылады.

Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте көкейкесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет