І тарау. ХалықТЫҚ педагогика және оның ТӘрбиелік мәНІ


Экономикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны



бет8/14
Дата23.05.2020
өлшемі52,42 Kb.
#70807
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Айтолқын курстық жұмыс

2.1. Экономикалық тәрбиенің міндеттері, мазмұны

Экономикалық тәрбие және білім беру шаруашылық іс-әрекетті жақсартудың өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті және маңызды шарты. Мұның негізгі міндеттері мемлекеттің жүргізіп отырған экономикаылқ саясатымен айқындалады. Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік-экономикалық тәрбиесі мен білім алуына жоғары талартар қойып отыр. Себебі бұрын қалыптасқан экономикалық саясат, экономикалық қатынастар күйреп, жаңа – рыноктық, экономикалық саясат пен қатынастар орын тебуде.

Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту үшін мектеп төмендегідей міндеттерді ескереді:


  1. Қоғамның рыноктық экономикалық заңдары мен заңдылықтары меншіктің түріне қарай өндіріс дамуы мен өмір сүру заңдылықтары жөніндегі білімдері игеру.

  2. Мемлекеттің экономикалық теориясы мен саясатын, өндірісті жедел қарқынмен дамыту міндеттерін тәжірибеде шешудің жолдары мен әдістерін жақсы білетін, өзінің оқу-өндірістік іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті, өз ісіне ие бола алатын, өзіне және қоғам игілігіне ұқыпты және ыждағатты қатынас жасайтын тұлғаны қалыптастыру;

  3. Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатындай, еңбектің жаңа, алдыңғы түрлері мен әдістерін тез игеретіндей мүмкіндік беретін біліктермен қаруландыру;

  4. Ақыл-ойға сиымды қажеттіліктерді қалыптастыру.

Экономикалық тәрбие және білім беру мектептегі барлық оқу пәндерінің мазмұны арқылы жүреді.

Оқушылардың экономикалық ойлауын дамытуда, әсіресе «Құқық негіздері», «Тарих», «География», «Биология», «Еңбекке баулу» т.б. пәндерінң мүмкіндіктері мол.

Ең алғашқы мектеп оқушыларының экономикалық білімі әр түрлі пәндер бойынша сабақта қалыптасады. Мектеп оқушыларының биология, химияпәндері бойынша жүргізілетін ауыл шаруашылық тәжірибесінде ең жақсы тұқым сорттарын пайдалануда, тыңайтқыштарды ұтымды етіп өсімдіктерді қоректендіруде тәжірибе жұмысы экономикалық нәтижені көруге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылық тәжірибесі оқушылар өндіріс бригадасының учаскесінде ұйымдастырылады. Республикамыздың әр түрлі зоналарында топырақ және ауа райы жағдайлары еске алынып, тәжірибе учаскесінде мәдени өсімдіктері өсіріледі

Өсімдіктерді өсіру олардан мол өнім алу үшін агротехникалық ережелер басшылыққа алынады. Әсіресе еске алатын басты мәселелердің бірі-дақылдар егілетін жердің топырағындағы қоректі элементтердің мөлшерін агрохимиялық лабораторияда анықтайды. Содан кейін біргектар жерге өсірілетін мәдени өсімдікке берілетін әр түрлі тыңайтқыштардың әдеттегі нормаларына сүйеніп, топырақтағы қоректі затардың және минералдық тыңайтқыштардың орта есеппен мөлшерін анықтап, топырақты қоректендіреді.

Химия сабақтарында, әсіресе эксперимент өткізуде оқушылар еңбек мәдениетіне төселеді, біліктілігі дамиды, лаборатория жабдықтарын, аспаптарды( приборларды), реактивтерді құнттап ұстайды, түрлі

материалдарды, электроэнергияны, суды үнемдеп жұмсауда олардың жауапкершілік сезімі артады.

Физика сабақтарында ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттары анықталады. Олар өндірісті электрлендіру, механикаландыру, автоматтандыру. Бұл бағыттармен танысу үшін сыныптан тыс

жұмыстардың барысында оқушылар мұғалімдердің тікелей басшылығымен әр түрлі экономикалық тақырыптарға баяндамалар, рефераттар жазады, физика пәнінен айналадағы ортаны қорғауға және халық шаруашылығының салаларына ықпалы баяндалады.

Оқушылардың экономикалық тәрбиесінде қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек ерекше орын алады. Өйткені олар еңбек арқылы түсіретін қаржының құндылығына түсінеді. Егер еңбек материалдық құндылықты өндіруге бағытталса, онда ұтымды табысқа жетеді.

Өнімді еңбекте оқушылардың жоспарлау ісіне, өнімділік процесін ұйымдастыруға, есеп алу, бақылау және нәтижесін талдау жұмыстарына оқушылардың қатысуының маңызы өте зор. Бұлардың бәрі материалдық қаржы қорын, жұмыс күнін өнімді пайдалана білуге, ұйымшылдыққа, шаруашылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.

Экономикалық тәрбиеде оқушылар мынадай ұғымдарды білуге қажет. Олар: ұлттық кіріс, қаржы, еңбек ақы, пайда, рентабелдік, өзіндік құн, еңбек, акция, бизнес, рынок т.б.

Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесі негізгі бағыттардың бірі. Бұл мәселе негізінен отбасында шешіледі, мектептің қатынасы жанама ғана А.С. Макаренко: «Ержетіп өмірге аяқ басқан адамның өзіндік қаржы қоры жөнінде тәжірибесі болуы және ақшаны жұмсай білуі керек»,-деп жазды.

Бұл үшін оқушылар еңбегімен ақша табуы және оны жұмсауды жоспарлауды үйренуі қажет. Жазғы демалыс күндері оқушылар

ересектердің өнімді еңбегіне қатыса отырып, еңбек нормасын, оны бағалауды, еңбек ақыны есептеуді дәл білуі керек. Әсіресе жоғары сынып оқушылары лагерьде, онда жүргізілетін мәдени іс-шараларын қаржыландыратындай және ұжым қорына қосатындай ақшалай табыс табуына болады.

Еңбекті жандандыру үшін жоғары сынып оқушыларына еңбек ақысын қолына берудің маңызхы зор, өйткені бұл кезеңде олардың өзбетінділікке ұмтылуы ерекше байқалады. Өз еңбегімен өзін лагерде болған күндерінде қаржыландыруға және қолына тиген ақшаға зат сатып алуға мүмкіндік береді. Қазіргі рыноктық қатынастар оқушыларды оқудан тыс уақыттарында ақылы еңбекке қатыстыру мәселесін шешуді қажет етеді.

Қазіргі қоғамдық өмір оқушылардың қалада, ауылда, құрылыста т.б. үлкен ұжымдық, мезгілдік, қысқа уақыттағы жүйесін жасауды талап етуде. Мұндай жүйені жасау шаруашылық, жеке тұлғалық сияқты көптеген мәселердің шешімін табар еді. Осы мәселені ақыл-ойға сиымды шешу оқушылардың әлеуметтік бағдарын қалыптастырады. Экономикалық тәрбиенің маңызды бағытын шешуге көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет