І тарау. ХалықТЫҚ педагогика және оның ТӘрбиелік мәНІ


І ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ



бет5/14
Дата23.05.2020
өлшемі52,42 Kb.
#70807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Айтолқын курстық жұмыс

І ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

  1. Ұлттық салт- дәстүрдің тәлімдік мәні


Білім берудің ең негізгі кіндік мәселесі-адамды жан-жақты етіп тұлғаландыру мен жетілдіре өсіріп өркендету. Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеудегі педагогиканың мәні, нарықтық қатынастарды тиімді жолға қоюды көздеген экономикалық өркендеуден де өзінің қиындығы мен маңызының тұлғаланып тұрғанын түсінуіміз керек. Облыстардағы педагогикалық институттар мен училищелер де, тіпті гимназиялар мен лицейлер де, колледждер, орта мектептерге дейін оқу бағдарламалары өзгертіліп жаңа оқулықтар мен әдістемелер, басқа да құрал-жабдықтары шығарылып жатқаны жайында аз айтылмайды. Оның үстіне осы айтылған білім ошақтарының барлығында да, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін, тұрмыс-күйлерін дамытуды негізгі мақсат етіп қойған. Ендеше, «халық педагогикасы даму сатысында» деуге болады. Халқымыздың белгілі жазушысы,ғалым педагог С.Ғаббасов: «халық педагогикасы әлде қайда терең,көп қырлы және тұрақты негіздері бар ғылым» дейді.Халық тағлымы осы кезге дейін ғылыми жүйеленіп дамымағандықтан да,жұртымыздың жігері қажып, рухани сусындаудың көріністерін жиі ұшыратып жүрміз. Халқымыздың табиғатына жат осынша ма керағар қылықтар еріксіз ойсырата толғантады. Мысалы,ата-бабамыз өсиет еткен, «малым жанымның, жаным-арымның садағасы» дейтін тағылымымыз қайды? Бұрынғы өткен замандардың ауыр кездерінің өзінде үлкенге ұлағат, кішіге инабат жасайтын жастарымыз үйде де, түзде де басбұзақылыққа ойланбай бара салатын болды. Мінеки, осыншама қасіретке шара қолданар кез жетті. Ол үшін ең алдымен құр дақпыртқа бармай,шынайы «халық педагогикасын» ғылым ретінде дамытып, оның этнографиялық заттық жағына ғана тоқтала бермей, адамның жан-дүниесін жетілдіретін рухани көзіне көңіл аудару керек. Қазіргі жаппай айтып отырған әдет-ғұрыптар мен салт дәстүрлер, ұлттық киімдер мен ұлттық тағамдар және тұрмыстық заттардың бәрі де негізінен тән-құрлыстарын қуаттандыратын этнографиялық сипаттар ғана. Тек бұл жағын ғана емес, адамның табиғи жаратылысын ескеріп, оны алдымен биологиялық индивид ретінде қарап,оны тәрбиелеудің әдістерін, методологиялық арна етіп алған жөн. С.Ғаббасов адам тәрбиесі физологиялық кезеңдерге бөлініп, халық педагогиканың жеті түрлі негіздерін ұсынды. Осы тұрғыдан алғанда адам тәрбиесі бірден семья құруға дайындық және ұрық тазалығынан басталады деп,оған ерекше мән берді. Қазақтың халық педагогикасы бұрын соңды еш уақытта ғылым ретінде байыпталып та, жинақталып та, жүйеленіп те көрген емес. Бірақ, жұртымыз нағыз халық педагогикасының орнына этнографиялық ілімнің жетістіктерін пайдаланып жатыр. 
Ежелден белгілі этнографиялық ілімнің тарауларына үй тұрмысына қолданылатын заттар, ою-өрнек, өрімдер мен зергерлік бұйымдар,ұлттық киімдер мен тағамдар, музыкалық аспаптарды айтатынымыз белгілі.Әрине, бұлар да адам тәрбиесіне ерекше әсер ететін халық педагогикасының қолтаңбалы көріністері екендігін ашып айту керек. Адам баласында тән құрылысы мен жан дүниесі-деп аталатын екі жүйе бар. Тән құрылысының тәрбиесіне-этнографиялық ілімнің жетістіктері әсер етсе, адамның жан дүниесінің тәліміне халық педагогикасының негіздері мен жүйелері, ішкі сезімдер мен түсінікті оята алатын небір нәзік әдістері ықпал етпек. 
Тән құбылыстарының дұрыс сақталуын өзіңді сақтау түсінігі арқылы, физиология заңдылықтарына бағындырса, ал бұрынғыдай емес өзгеше қалыпқа ауысқан жан дүниесін жетілдіруді өзі шыққан тіршілік әлеміндегі түсінік тәрбиеден-бүгінгі айтып жүрген халық педагогикасының бастауын алады екен.Бастапқы сәтте,халық педагогикасы мен физологиясы ұстап тұрған тек түсіністік ақыл екендігін ерекше дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Міне, сондықтан да, халық педагогикасының ғылыми негіздерін ізденсек, тек ғылыми физологиялық заңдылықтарынан ғана табуға болады. Өйткені, адам тәрбиесі тікелей адамның физологиялық әрбір кезең тәрбиесі халық педагогикасының негіздері болып қаланады. Оларды шартты түрде былай жіктеуге болады: 
1. Халық педагогикасының І-ші кезең незгізі (немесе семья құруға дайындық және ұрық тазалығы). Бұнда қазіргі ұрпаққа дұрыс тәрбие беру мәселесі қозғалады. Яғни арақ ішу, шылым шегу, апиын тарту сияқты зымиян қылықтардан сақтандыру. Бұлардың одан тараған ұрпаққа келтірер зияны туралы сөз ету. Ұрық тазалығы-адам тәрбиесінің алғы шарты. 
2. Халық педагогикасының ІІ-ші кезең негізгі (немесе ана құрсағындағы тоғыз ай). Бұл кезеңде жүрек тәрбиесінің әсерімен балада мінез-құлықтың және қабілеттің негіздері қалыптасатын айтады. Тәрбие тәсілдері бала дүниеге келместен, тіпті ана құрсағында пайда болмастан бұрын, болашақ ата-ана болар жастардың танысқан сәттерінен басталуын талап етеді. 
3. Халық педагогикасының ІІІ кезең негізгі (немесе бесіктің тәрбиелік мәні). Бұл жүйе ақыл тәрбиесінің басталуын қалыптастырады. Жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесі бірте-бірте бесік жырының әуенімен өзара үндесіп жетіле береді. 
4. Халық педагогикасының ІV –ші кезең негізгі (немесе Байлібек кезеңі). Адамның бұл кезеңінде ақыл тәрбиесінің пәрменді ықпалымен, жүректе бірте-бірте марқая жетілетін оның қоғамдық тұлғасы қалыптаса бастайды. 
5. Халық педагогикасының V-ші кезең негізі (немесе балабақша кезеңі). 
6. Халық педагогикасының V-ші кезең негізгі (немесе Бастауыш мектеп кезеңі). 
7. Халық педагогикасының VІІ-ші кезең негізі (немесе орта білім беру және әлеуметтік кезең). 

II ТАРАУ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбие. Экономикалықтәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр. Оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет