I тарау. Химиялық алғАШҚЫ ҰҒымдар күні Сабақтың тақырыб


Үйге тапсырма. §31. 1 -4 –жаттығу



бет5/16
Дата06.07.2018
өлшемі3,03 Mb.
#47326
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Үйге тапсырма. §31. 1 -4 –жаттығу.
Сабақтың тақырыбы

Қышқылдардың металл оксидтерімен әрекеттесуі.

Алмасу реакциясы.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларға қышқылдың металл оксидімен әрекеттесуін түсіндіру.Реакцияның жаңа типі –алмасу реакциясымен таныстыру.

Құрал –жабдықтар. Мыс /ІІ/ оксиді, күкірт қышқылының ерітіндісі, әк суы, мыс сульфатының/ кристалдары/ пробирка, спиртшам, сіріңке, шырпы. Оқушылардың үстелінде: 14 –зертханалық жұмысқа керекті реактивтер мен ыдыстар.

Тірек білім мен біліктер. Оксидттерді, металл оксидтерін, қышқылдарды, тұздарды ажырата білу. Алмасу реакциясы.

Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушыларға бірнеше тапсырмалар беріледі.

1.Төмендегі заттар арасындағы реакция жүре ме: а/мырыш пен күкірт қышқылы; ә/ күміс пен фосфор қышқылы ; б/ магний мен тұз қышқылы; в/мыс пен тұз қышқылы? Жауабын түсіндіріндер. Жүретін реакция теңдеулерін құрастыр. Түзілген тұздардың атын ата.

2.Төмендегі реакцияларды аяқта. Реакцияның қай типіне жататынын айт: Ғе + S→, Н24+Mg→, Н2О→

Zn+НСІ→ АІ+Н2S4

3.Төмендегі жүретін реакция тендеулерін құрастыр:

H24+Mg→ НСІ+АІ →

НСІ+Си → Н24 +Нg→

Н24 +Са→ НСІ+Аg→

Н3РО4+Аg→ Н3РО4+Nа→

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын мынадай мәселелерді оқушылардан анықтау керек. 1. Реакциялардың қандай типтерін білесіңдер? Мысал келтіріңдер. 2.Қышқылдағы сутегінің орнын күрделі қосылыстағы меалдар баса ала ма? Құрамында металл бар қандай күрделі қосылыстарды білесіндер? Металл оксидтері қышқылымен әрекеттесе ме?

Оқушылармен әнгімелесе отырып, 14 –зертханалық жұмыс барысы талданады. Жүргізген реакциялардың теңдеуін жазу керек. Бұл реакцияны бұрын танысқан реакция типтеріне жатқызуға бола ма? Алмасу реакциясына сызбанұсқасын келтіреді:

АВ+СД=АД+СВ. Содан кейін оқушыларға алған білімін бекіту үшін 5 – минуттық өздігінен жұмыс береміз.

І нұсқа

1.Тұз қышқылының а/ магний; ә/ магний оксидімен реакция тендеулерін құрастыр.

2.Төмендегі заттардың қайсысымен күкірт қышқылы әрекеттеседі:

СиО, Си, ZnO, НСІ?



ІІ нұсқа

  1. Күкірт қышқылының а/магниймен; ә/ магний оксидімен реакция теңдеуін құрастр.

  2. Төмендегі заттардың қайсысымен тұз қышқылы әрекеттеседі:

НgО, Нg, СаО, Са, Н24?

Үйге тапсырма; §32,33. 2,3-жаттығу


Сабақтың тақырыбы.

Сутегі. Қышқыл. Тұз тарауын қайталау және қорытындылау



Сабақтың мақсаты. Оқушылардың осы тақырыпта алған білімін белгілі жүйеге келтіріп, қорытындылау. Сутегі мен қышқылдардың химиялық қасиеттерін, тұздардың формуласын құрастырып, қышқылдардың қатысындағы химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге үйрету. Оқушыларды сарамандыққа дайындау.

Құрал –жабдықтар. Тұздардың, қышқылдардың ерітінділерді, оксидтер, метелдар, индикаторлар. Оқушылар үстелінде эксперименттік есепке арналған заттар; мырыш, тұз қышқылы, шыны, сіріңке, спиртшам, индикатор, темір /ІІІ/ оксиді, темір, алюминий, сүзгіш заттар, бейорганикалық заттардың жинақтамасы.

Тірек білім мен біліктер. Сутегі, оксид, қышқыл, тұз окидтері. Олардың индикаторға әсері. Масса, мольдік массамен есептер шығару.

Сабақты эксперименттік есептер шығару үшін тақтаға оқушылар шақырылады.



  1. Үстелде бар реактивтерді пайдаланып, сутегін алыңдар. Сутегі жанғанда су түзілетінін дәлелде. Реакция теңдеуін жаз.

  2. Ыдыста тұз қышқылы бар екенін бірнеше жолдармен анықта. Реакция теңдеуін жаз.

  3. Қышқылдың химиялық қасиетін түсіндіретін реакциялар жаса, олардың маңызын түсіндір. Реакция теңдеуін жаз.

  4. Темір /ІІ/ сульфатын алу реакциясын жүргіз және жеке бөліп ал.

Оқушылармен әңгімелесу мына сұрақтар арқылы жүргізіледі

1.Бейорганикалық заттардың қандай кластарын оқып үйреңдіндер? Олардың қандай ұқсастығы және ерекшелігі бар.

2.Окидттерге, қышқылдарға тұздарға анықтама беріңдер.

3."Бейорганикалық қосылыстар" жинақтамасын пайдалана отырып, қосылыстардың аттарын ата, қай класқа жатқызасын, мысал келтр.

4. а/ оксидттерді; ә/ тұздарды алудың екі түрлі жолын реакция теңдеуімен көрсет.

5.Төмендегі сызбанұсқа бойынша жүретін реакция теңдеулерін жаз:

Нg

Химиялық теңдеулер бойынша есептер шығару. Масса, малекулалық масса ұғымдарын қайталауға тапсырма беруге болады:



40г х моль

СиО+Н2S4 = Си SО4 2О

Есептің берілгенін көрсетіп, шығар.

Оқушыларға белгілі реакция теңдеулерін пайдаланып, әр түрлі есептер беруге болады "моль –г ", "моль –моль", "г –г " Сабақты қорытындылау ретінде оқушыларға өзіндік жұмыс тапсырамыз. Сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жаз.



І нұсқа

Мg→MgO→MgCI2



ІІ нұсқа

Си СиО→Си SО4




Үйге тапсырма. §32, 33 /қайталау/. 4, 6 –жаттығу, 4 –сарамандық жұмысқа дайынд

IV-тарау. СУ. ЕРІТІНДІЛЕР. НЕГІЗДЕР.

50-51 сабақтың тақырыбы: Су адам өмірінде. Табиғаттағы су. Қолданылуы. Су –еріткіш.



Сабақтың мақсаты. Оқушыларды судың еріткіштік қасиетімен таныстырып, бұл құбылысты молекулалық теория негізінен түсіндіре білуге үйрету. "Ерітінді", "ерігіштік " ұғымдарының мәнін ашып, оның өнеркәсіптегі, халық шаруашылығындығы алатын орнын көрсету. Суды тазарту әдістері, тиімді пайдалану және қорғау шараларымен таныстыру.

Құрал –жабдықтар. Айдау кубы, бөлгіш воронка, цилиндр, сынауықтар.

Тірек білім мен біліктер. Заттардың агрегаттық күйлері, қоспаларды ажырата және бөле білу біліктері, заттың құрлысы мен құрылымы, суда заттардың еруі.

Сабақ барысы: Оқушылардың географиядан, табиғаттанудан алған білімдеріне сүйене отырып, бұл сабақты әңгімелесумен бастаймыз.

1.Судың қандай агрегаттық күйлерін білесіңдер?

2.Табиғаттағы судың таралуына, оның тіршіліктегі маңызына мысалдар келтір.

3.Табиғи суда қандай қоспалар болуы мүмкін? Себебін түсіндір.

4.Суды қандай мақсатта тазарту қажет деп ойлайсыңдар?

Судың маңызы:

1.Адам өміріндегі маңызы.адам денесінде-60-70% су,тәулігіне 2л су қажет .

2.Тірі ж\е өлі табиғат арасындағы зат алмасу үрдістеріне қатысады.

3.Су-жердегі тіршіліктің көзі . Судың еріткіш екендігіне мысалдар арқылы көз жеткізу:.

1. Тұз, қант және басқа заттар суда ериді.

2. Су көп заттарды ерітеді.

3. Суда заттардың еру құбылысы жүреді.

4. Су –жақсы еріткіш.

5. Ерітінді тұнбай, біркелкі болып тұрады.

Мұнда еріткіш ретінде судың қандай рөл атқаратындығы, заттардың еруі қалай жүретіндігі түсіндіріледі. Ас тұзының суда еруін көрсету қажет. Тәжірибені жүргізу барысында еруді жылдамдататын жағдалар:,

а) ерітіндіні араластырғанда:

ә) қыздырғанда;

б) зат пен еріткіш бетінің жанасуын арттырғанда;

в) еритін заттың тығыздығы еріткіштің тығыздығынан артық болғанда тез жүретіндігін қорытындылайды.

Ерітінді д\з еріткіш пен еріген зат бөлшектерінен тұратын біртекті жүйе. содан кейін заттың ерігіштігі туралы ұғымды түсіндіру қажет. Ол үшін " заттардың ерігіштігі ерітінді қанық болуы үшін берілген температурада судың белгілі мөлшерінде заттың қандай массасы ери алатынын көрсетеді " –деген анықтамаға талдау жасалады .

Заттар:


суда жақсы еритін аз еритін ерімейтін

Температура жоғарылағанда қатты заттардың ерігіштігі артады, ал температура төмендегенде,қысым жоғарлағанда газдардың ерігіштігі артады.

  1. Ерітінділер қаныққан,қанықпағанболып бөлінеді.

  2. Су-әмбебап еріткіш дегенді қалай түсіңесің? мысалдар келтір.

  3. Тұрмыста қолданылатын заттардың судағы ерітіндісіне мысалдар келтір.

  4. Алтын мен мұнай көзін іздеуге қарағанда табиғи су көзін табуға

  5. ерекше күш пен еңбек жұмсалатын себебі неде? Дәлелді жауап беріндер.

  6. Географиядан, биологиядан алған біліміне сүйене отырып, төмендегі ойлардың мәнін түсіндіріңдер:

а) су –біздің ғаламшарымызда жер бедерін түзуші негізгі геологиялық фактор;

ә) су -өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамуының негізі: б)өзендер, көлдер, мұхиттар азық –түліктің және минералды заттардың энергия мен жылу көздерінің, қатынас жолдарының, жер бетіндегі ауа райының, климаттың және егін шығымының анықтауышы;

в) табиғатты аялау, оның байлықтарын қорғау міндеттерін өзің қалай орындайтының туралы хабар дайында.

Үйге тапсырма беру: § 36-37.№5

52 сабақтың тақырыбы: Ерітінділердің концентрациясы. Еріген заттардың массалық үлесі. (молярлық концентрация)



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еріген заттың массалық үлесі және ерітіндінің концентрациясы туралы түсінік қалыптастырып, оны есептеуге және іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Тірек білім мен біліктер: Зат мөлшері, мольдік масса, элементтің күрделі заттағы массалық үлесін есептеу білігі. Физика курсынан еріген заттың массалық үлесі.

Сабақ барысы: Үй тапсырмасын төмендегі сұрақтармен тексереміз.

  1. Судың физикалық қасиеттерін сипатта.

2. Суды қолданылатын мақсатына қарай тазарту әдістерінің қандай түрлері бар?

  1. Молекулалық теорияға сүйеніп, еру құбылысын қалай түсіндіруге болады?

  2. Қаныққан және қанықпаған ерітінділер дегеніміз не?

Қанықпаған ерітіндісінің анықтамасын еске түсіргеннен кейін, оқушылармен осы ерітіндінің сандық құрамын қалай анықтауға болатындығы қарастырылады. Ол үшін оқушыларға "күрделі заттағы элементтің массалық үлес қалай есептеледі?" –деген сұрақ беріліп, бір мысалды талдаған соң, бұл әдіс еріген заттың массасы жалпы массаның қандай бөлігін құрайтынын есептеуге қолданылатынын ескертіледі. Физика курсынан еріген зат массаның ерітіндінің жалпы массасына қатынасын еріген заттық массалық үлесі деп айтатыны оқушыларға белгілі болғандықтан, енді осы массалық үлесті өрнектеу әдістері қарастырылады.

1. Массалық үлес бірліктерімен: а) ω = m еріген зат

m ерітінді

немесе процентпен өрнектеледі: ә) ω%= m еріген зат . 100%

m ерітінді

Оқушылардың физика мен математика сабақтарынан алған есептеу біліктерін қолдана отырып, еріген заттың массалық үлесін есептеуге жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін, мысалы 25% -дық ерітінді туралы сөз болғанда, оқушылар 100г мұндай ерітіндіде 25г тұз бар екенін білуге қажет. Ол есептеу жүргізу барысында пропорция құруды жеңілдетеді. Бұл жерде процент дегеніміз – санның жүзге қатынасы екенін де ескерген жөн, яғни 25 % дегеніміз 25 , бұл жағдайда пропорцияның мәні өзгеріп,

100 мындай түрде өрнектеледі.

20 = 25 не 0,25=25%

80 100 Бұл пропорцияда оның кез келген мүшесі есеп шартына орай белгісіз болуы мүмкін:



  1. х = 25 2. 20 = 25 3. 20 = х

80 100 х 100 80 100

Бірінші пропорцияға мынадай есеп сәйкес келед: 80г 25% -тік тұз ерітіндісі берілген. Еріген тұздың массасы қандай?

Екінші пропорция: 20г тұзды ерітіп, 25% -тік ерітінді алу үшін, судың қандай массасын алу қажет?

Үшінші пропорция: егер 80г ерітіндіде 20г тұз бар екені белгілі болса, еріген заттың массалық үлесі қандай?

Осылайша мұғалім бір белгісіз бар теңдеуді шешу арқылы ерітінді дайындау үшін тұздың, судың қандай массасы қажет екенін, еріген заттың массалық үлесін табуға болатынын оқушыларға басқа пәндерден белгілі әдістермен түсіндіре алады. Сонымен қатар еріген заттың массалық үлесін анықтауға арналған формулалардан:

m еріген зат = ω% (ер.зат) · m ерітінді

100%

еріген заттың және судың массасын біле отырып, массалық үлесі белгілі ерітінді даярлауға болатындығын оқушылар өз бетінше қорыта алады.

Ерітіндінің белгілі мөлшерінде еріген зат мөлшері тек пайыздық концентрациясымен ғана өрнектелмейтіндіктен және іс жүзінде өте жиі қолданылатындықтан бұл сабақта молярлық концентрация туралы ұғым қалыптастырылады. Молярлық концентрация 1000мл (1л) ерітіндіде еріген заттың қанша мөлшері болатындығын көрсетеді. Осыған орай оқушылар зат мөлшері деген шама не білдіретіндігін оның өлшем бірліктерін еске түсіреді.

Егер, мысалы, 1000мл ерітіндіде 1моль зат еріген болса, онда мұндай ерітінді бір мольді (1М) деп аталады.

Егер 100мл ерітіндіде 0,5 моль зат еріген болса, оның концентрациясын анықтау үшін 1000мл осындай ерітіндіде еріген заттың қанша молі бар екенін табу керек.

0,5 · 1000 = 5 моль, яғни ерітінді 5М. Көрсетілген концинтрация түрінің

100

өзіндік ерекшелігі бар екеніне көңіл аудару қажет. Мәселен, молярлық концентрациясы бірдей ерітінділердің бірдей көлемдегі зат мөлшері (моль) бірдей болады. Бірақ әр түрлі массаларының моль саны әр түрлі болғандықтан, еріген заттың массасы бірдей болмайды. Мысалы, 100г 10% -тік ас тұзы және қант ерітіндісінде көрсетілген заттар 10г болады. Сарамандық жұмыста – оқушыларды түрлі концентрациялы ерітінділер даярлауға дайындау мақсатында мынадай есептеулер жүргізуге жаттықтыру қажет.

Есеп: 0,4М 100мл глюкоза ерітіндісін даярлау қажет.

Глюкозаның формуласы С6Н12О6 салыстырмалы малекулалық массасы 180.

Молярлық концентрациясы анықтамасы бойынша 1000мл, 0,4М ерітіндіде 0,4 моль еріген зат болады, яғни 180г/моль · 0,4моль =72г Ал 100мл ерітіндіде, еріген зат бір литрдегіден 10 есе аз болатындықтан, мұндай ерітінді даярлау үшін 7,2г глюкоза өлшеп алу қажет болады. Мұндай есептеулер жүргізген соң, оқушыларға молярлық ерітіндіні даярлау барысында өлшеуіш колба мен өлшеуіш цилиндр қолдану ыңғайлы екені ескертіліп, онымен жұмыс істеу технологиясы көрсетіледі.

Оқыған материялды бекіту үшін орындалатын жаттығу жұмыстары.

1. Оқулықтағы 2, 3, 4, 5 ,6–жаттығу.

2. 50мл ерітіндіде 0,1 моль еріген зат бар. Ерітіндінің молярлық концентра циясы қандай?

3. Қай ерітіндіде зат көп мөлшерде болады: 150г 10% -тік натрий хлоридінің ерітіндісіне ме, әлде осы тұздың 0,1 моль 1л ерітіндісіне ме?

Үйге тапсырма беру: §38. Есептер жинағынан:3-25,3-26,3-28,3-30,3-31

Сарамандық жұмыс №6 .

4 сабақтың тақырыбы: Таразымен жұмыс істеп үйрену.



Мақсаты: Таразының түрлерімен таныстыру. Жұмыс істеушілердің бәріне таразыны дұрыс пайдалана білу керектігін үйрету.

Құрал-жабдықтар: Таразы түрлері. Таразының түрлеріне сәйкес гирлері. Өлшене тін зат. Химия лабораториясына ең керекті қажетті жабдықтардың бірі – таразы. Лабораторияда шамамен өлшеу үшін техно-химиялық (2-сурет),

Аналитикалық (1-сурет) электронды т.б таразылар қолданылады.

Техно – химиялық таразыда заттың салмағын 0,01грамға дейінгі дәлдікпен анықтауға болады. Бұл таразыда синтез жұмыстарында бастапқы алынған зат пен реакциядан шыққан заттарды өлшеу жиі қолданылады.



Аналитикалық таразының дәлдігі техно- химиялық таразыдан дәлірек болады. Анализ жұмыстарына қолданылады. Бұл таразыда заттарды 0,0001-0,0002 грамға дейінгі дәлдікпен өлшеуге болады. Әрбір таразының өзіне сәйкес гирлері болады. Техно-химиялық немесе аналитикалық таразы үшін арнаулы қорапқа салынған майда гирлер болады. Кәдімгі гирлерді қолмен алады. Техно-химиялық гирлер мен аналитикалық майда гирлерді қолмен алуға болмайды, себебі олардың дәлдігі өзгереді, сондықтанмайда гирлерді қысқышпен алу керек. Шамамен өлшеуге арналған таразыларды кез келген столға қоюға болады.






1-сурет 2-сурет
Таразыда өлшеуі ережесі:

  1. Өлшейтін затты таразы табақшаларына бірден салуға болмайды.

Ыдысқа немесе қағазға салып өлшеу керек.

  1. Өлшенетін затты таразының сол табақшасына , гирлерді оң табақшасына салады. Өлшенетін зат пен гирлер табақшаның дәл ортасына қойылады.

  2. Гирлерді қысқышпен алуға және таразыдан алынғангирлер қораптың қай ұясынан алынса, сол ұяға салынады. Гирлерді стол үстіне қоюға болмайды, өйткені олар тез ластануы немесе жоғалуы мүмкін.

  3. Өлшенгеннен кейін таразыда еш нәрсе қалдырмау керек.

  4. Ж
    11
    ұмыс бітісімен таразы мен гирлер тексеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет