І-тарау. Кіріспе



бет2/6
Дата26.09.2024
өлшемі40,7 Kb.
#205175
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ПЕД.ИДЕЯ

Зерттеудің өзектілігі: Әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән- мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу; Көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;
Жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;Актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.
Мәнерлеп оқу – әдебиетті талдаудың негізі, бастау көзі болып табылады. Әрбір әдеби шығарманы оқып-меңгерудің басы көркем мәтінді мәнерлеп оқудан басталады.
Мәнерлеп оқу – әдеби талдаудың ешқайсысымен алмастырымайтын ерекше қабылдау үдерісі болып табылады. Әр буында, әр сөзде, сөз тіркесінде, әрбір сөйлемде орныққан интонация сол сөзді айтып тұрған кейіпкердің жан-дүниесін мәнерлеп оқып тұрған оқушыға бірден ұғындыратыны сөзсіз.
Әрине, оқушы сол интонацияларды айқын беруге ұялатыны белгілі, бірақ, мұғалімнің міндеті – шынайы мәнерлеп оқу мен дұрыс оқымауды салыстыра көрсетіп, сөздің мәнісін сол сөзді қалай айтуы арқылы ғана беруге болатынын барынша түсіндіре алса дұрыс болады.
Әдеби шығармаларға түсініктеме бере отырып (комментарий беріп) оқу – мұғалімнің оқушыға көркем шығарманың терең мазмұнындағы мәнді қабаттарды тани білуіне көмектесетін тамаша әдіс. Көркем әдебиетті алғашқы оқу – көркем шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнын бірден түсіндіре алмасы белгілі. Екінші оқу – талдай оқудың жаңа сатыға көтерілген, сезімге ғана емес, ақыл-ойға әсер етуге бағытталған және басқа әдістермен араластырыла қолданылатын әдіс болып табылады.
Түсініктеме бере отырып оқудың лексикалық түсініктеме беру деп аталатын тәсілі – автордың көркем шығарма мазмұнындағы дәуірге сай қолданған сөздерін немесе автордың өзіндік дүниетанымдық деңгейіне лайықталған сөздерге лексикалық түсініктеме беру – тек көркем мәтіннің байлығын түсіндіріп қана қоймайды, сонымен бірге оқушының сөз байлығын да дамытады.


Мәнерлеп оқу материалдары бойынша алдын ала жүргізілетін жұмыстар.

    1. Сөйлеу техникасы

Оқушыларды мәнерлеп оқуға дайындау үшін алдымен сөйлеу техникасын жаттықтыру, дыбыстау қызметін дұрыс түсіндіру керек.


Білім алушыларды көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқу үшін алдымен өзінің анатомиялық мүшелерінің қызметін, соның ішінде дыбыстау мүшелерінің қызметін жетік біліп, әрбір дыбыс қалай жасалады, қалай естіледі, қалай оқылады дегенге баса назар аударып жаттығуы қажет.
Ана тілімізде қанша сөйлесек те қажетімізге жарап, оралымды сөз, әуезді үн болып естіліп жатаныны ғажап емеспе?! Сол дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемдерден күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас жасайтын ой өрбіп, небір көркем туындылар өркен жайып жатыр.
Сөйлеу техникасын жете меңгерген ұстаз өз шәкіртінің де дұрыс сөйлеуіне ерекше назар аударады, тіл дыбыстарын анық та ашық айтуға үйретеді.Үлгісін өзі көрсетеді. Сөйлеу техникасына мынадар жатады: Тыныс алу (ауаны ішке жұту мен шығару), дауыс дикциясы.
Дыбыстау мүшелері негізгі үш бөліктен тұрады:
1.Өкпе
2. Тамақ
3. Қуыс мүшелері (ауыз қуысы мен мұрын қуысы).
Өкпенің атқаратын қызметі өте зор. Өкпе кеңістігіне орналасқан тыныс алу мүшесі. Ауаны ішке тартқанда өкепе үлкейіп, кеудені керіп тұрады да, ауаны сыртқа шығарғанда семіп қалады. Осы ауаны (демді) ішке тарту мен шығарудың арасында секундпен есептеуге келмейтіндей жылдамдықпен үздіксіз процесс жүріп жатады. Оны тек осы заманғы техника жаңалықтарымен ғана бақылауға болады. Оқудың, сөйлеудің әсерлә де мәнерлі, құлаққа жағымды естілуі тек қана дұрыс, еркін темалуға тікелей байланысты.Еркін демалмаған жағдайда сөз анық естілмей, сөйлем мағынасы сақталмай, бір сөйлемнің аяғы екінші сөйлемнің басы қай жерден аяқталып, қай жерден басталғанын ажырату қиынға түседі.Сондықтан ерікті демалу еріксіз демалу болып бөлінеді.
Ерікті түрде дем алғанда өкпеге енген ауадан көкірек пен қабырғаның жоғары жағы көтеріліп, қабырғаның төменгі жағындағы диафрагма қозғалысқа түседі. Сонда еркін, терең тыныс алады.
Еріксіз дем алу көбіне сөйлеу тілінде асығыстықтан, жүріп келе жатып сөйлегенде, жиі кездеседі. Шығарма оқу барысында өзінің дұрыс дем алуын басқара алмаған мұғалім де, оқушы дакелістіріп мәнерлеп оқи алмайды. Сондықтан ерікті демалуды қалыптастыру үшін үнемі жаттығулар жасау өте маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет