І тарау М. Байғұт шағын проза шебері


М.Байғұт әңгімелеріндегі кейіпкерлердің арасындағы қарым-қатынас



бет2/3
Дата05.11.2016
өлшемі0,5 Mb.
#998
1   2   3

М.Байғұт әңгімелеріндегі кейіпкерлердің арасындағы қарым-қатынас.
Мархабат әңгімелерінде суреттелетін басты кейіпкердің қадір-қасиеті оның әңгімеде суреттелетін басқа кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасында айқындала түседі. «Ақ орамалды қыз» атты әңгімесінде еңбекті жанындай сүйетін, сол еңбегінің арқасында халық қалаулысына айналған, кішкентай сіңілісі мен інісін, аурулы болып отырып қалған анасын бағып – қағып отырған Қалбибінің басындағы жұмысқа тартып жүрген ақ орамалын ерсі көрген Маржанбике арасындағы сұрақ-жауапқа назар аударайық.

  • Әй, қарағым, күйеуің не жұмыс істейді?

  • Ой, апай, күйеуге шығуға қол тимей жүр.

  • Онда басыңдағы орамалың неге аппақ? [6: 181].

Ойында ештеңе жоқ, аңқылдаған Маржанбике Қалбибінің басындағы орамалдың ақтығына қарап, тұрмысқа шыққан келіншек екен деп қалады.

Қанша аңқылдақ болса да, Маржанбике аузынан шыққан сауалдан тұрпайылығына қарамастан Қалбибі қандай сыпайы жауап қайтарған? Маржанбикенің екінші сұрағына жауап қайтарып жатуды орынсыз деп білген сыпайы қыз, орамалын шешіп алып, бұрын көрмей жүргендей қарапты да қалыпты. Қарап-қарап тұрды-тұрды, үн-түнсіз кете барды. Әңгімедегі екі кейіпкердің қысқа ғана сөйлесуінен Қалбибі бойындағы сыпайылық, әдептілік, ізгілікті жазушы әдемі танытқан. Кейіпкер бойындағы жақсы қасиеттерді жазушы өз тарапынан тәптіштеп жатпай, кейіпкердің өз сөзі, өз қимылы арқылы шебер көрсете білген.

«Жалбыздың жағасында» әңгімесіндегі даладан қалаға келе жатқан Тұрсынбек пен бесінші қабатта балконнан қарап тұрған қала адамының жағдайларын қысқа ғана автор мен Тұрсынбек тарапынан баяндап, екеуінің де тұрмыс – тіршілігін ойнақы әзіл ретінде жеңіл суреттеген. Түсінікті болу үшін Мархабатқа сөз беерйік.

«Қарсы үйдің бесінші қабатында, балконда белуарына дейін жалаңаш семіз адам тұр екен. Бұған қарап миығынан күлді. Қапшық арқалап, аптапта ақжемденген фуражка, қара костюм киген, шып-шып терге түскен Тұрсынбекке күліп тұр, әрине Е, күле берсін. Кім-кімге күлмейді бүгінде. Тас үйде сан қабатта Құдықсайдың теректеріндегі ұяда салықтаған шымшық құсап көрген күндерің бар болсын. Сен маған күлдің ғой, мен саған күлем. Ал, әйтпесе. Шымшық құсап, айнала алмайтын балконында аузыңды ашып, тамағыңды бүлкілдетіп, неменеге мәз боласың?!

Ыстық күнде қара костюм киген, терден ақжемделген бас киім, арқалаған қапшық даладан қалаға барған бір Тұрсынбек емес, бірнеше Тұрсынбектерді көз алдыңнан өткізеді, Бесінші қабаттағы балконда тұрған жалаңаш семіз адамның мүшкіл ахуалы да теректе қылқиған шымшыққа ұқсастырылып, ыстық күнгі мыңдаған қала адамдарын көз алдыңа елестетеді.

«Ақ орамалды қыз» әңгімесінде орыс ұлтының өкілі Федерченко мен Маржанбике арасындағы сыпайы қарым-қатынасқа назар аударып көрейік.



  • Таулы ауылдың қыз-келіншектеріне сәлем! - деді Федерченко.

  • Абайлап сөйле, арамызда еркек бар, - деді Маржанбике.

  • Өте оңды болыпты. Бізге де бүгін бірнеше оқушы көмекке келді. Садағаң кетейіндер, болашақ осылардікі. Үйренгені өздеріне жақсы. Істегені бізге жақсы.

Осы кезде алысырақта жүрген ақ орамалды қыз жақындап келген.
- Қалай, айналайын Қалбибі, шаршамай жүрсің бе? – деп Федерченко оның көңілін де аулап жатыр [6: 182].
Таза қазақ тілінде сөйлеп, бірде еңбек адамымен қалжыңдаса сөйлесе, бірде көмекке келген оқушы жастардың ішіне кіріп кете жаздайтын, оларға алғысын ғана жаудырған Федерченко оқушы көңіліне жылы сезім ұялатады. Мархабат әңгімесіндегі осы Федерченкоға сүйсіне отырып, ата-бабасы қазақ даласында өсіп, өзі осы осы елдің топырағында дүниеге келіп, қазақтың сөйлеу тілін меңгере алмай, бірде қос азаматтық сұрап тырнақ астынан кір іздеп жүрген орыс ұлтының басқа азаматтарына ашу-ызаң келеді.

Осы әңгіменің аяғы жай ғана 5-6 күнге көмекке барған еңбек адамдарының бір-бірімен көңілдері жарасып, еңбек үстінде бауырластай табысқаны, қоштасар сәттегі көңіл-күйлері нанымды берілген. Бұл жайда кейіпкерлердің өз сөздері арқылы суреттелген.

Қалбибі қып-қызыл, жұп-жұқа, әлдебір әдемі иісі бұрқыраған орамалға сонда ғана қол созды. Басындағы ақшылтым, күн жеп қойған, ескі орамалды шешіп, қолтығына қысты. Қызыл орамалды өзінше, өзгешелеу етіп, оң жағына аудара тартып алды.


  • Рақымет, - деді сосын.

  • Сен, -деді Қалбибі білегінен ақ күміс білезікті суырып, - мамаңа мына менің сәлемдемемді ала барғын.

  • Керегі жоқ, ұят болады, алмаймын.

  • Неге ұят болады? Мен алдым ғой. Сен де аласың, апарып бересің. Мен сені қимай тұрмын. Мен емес, әсіресе, анау Қайыржан қимай тұр. Екеуің үйренісіп қалып едіңдер, ойнап жүріп емес жұмыс үстінде табысып едіңдер. Дос болыңдаршы. Қимайтындай дос болса екен деп тілеймін екеуіңді...

Қалбибі күміс білезікті жейдесінің омырау қалтасына салып, бетімнен екі рет сүйді.

Машинада тербеле теңселген Маржанбике апамыз көзінің жасын сығып алып:



  • Есізқағыр құдайым-ай – деді. –Айналайындар, адам болып кетеді. Адам болғанда қандай [5: 351].

Осылай дегенімен, көпке дейін көз жасын тоқтата алмады ол кісі. Баста қыздар тартатын қызыл орамал болғанмен, күнге күйіп, ағарып кеткен орамалды ауыстыруға жоқшылық мұрша бермей жүрген Қалбибі бір кезде орынсыз тілдеген Маржанбике, кейін оның жанұясымен жете танысқаннан кейін, кетерде аяныш сезімі елжіреп, көзіне жас алды. Мархабат еңбекте табысқан жандардың бір-біріне деген ыстық ықыласын осылай елжірете бейнелейді.

«Жемелек» деген әңгімесінде Азанбай баласының Қапшағайдан ұстаған балығына мақтанып, көпірме сөзді көпсітіп отырады. Ал Жаманқұл жер-су аттарының неге осылай аталғаны, сөздердің шығу төркініне мән беріп, тарихқа ойлы көз жүгіртіп отырады. Мархабат осы екі кейіпкердің өзара пікірлесуінен, бір-біріне қарама-қарсы арасы аспан мен жердей, екі адамның образын жасайды.



  • Қапшағай деген сөздің төркін қайдан шыққан екен өзі? –деп, Жаманқұл бұл әңгіменің төркінін ішкен-жегеннен өзге арнаға аудармақ ниет білдірген.

Азанбай алара бұрылды:

  • Осы сен-ақ сөз төркінін, тіл тарихын қазбалап іздеп отырасың.

  • Бәле қуған бәлеге жолықсын, менікі шын пейіл мен шынайы қызығушылық, - деді Жаманқұл салмақты түрде [5: 373].

Мархабат жасаған осы қысқа диалогтан Азанбай мен Жаманқұлды жете танып, біріне күйініп, біріне сүйсінесің.

Арсызда дауа бар ма, тағы жалғастырып:

- Әне, анау Азанбайды алайықшы. Тіпті қолына мылтық ұстап көріп пе?! Ал көкірегін қалай қағады, темір – терсегін қалай-қалай тағады. Ел алмаған машиналарды алып, жұрт салмаған үйлерді салып, қолын жылы суға малып отыр... Қаладағы қызының тізіміне тұрып, пашпыртын жөндетіп, үш бөлмелі үй әпергені анау... Ал сен ше, сен төрт-бес қойыңның қорасын да жөндей алмай, алты ай жазға жалғыз тоқты сойып, омыртқасын сорпаға санап салып отырғаның мынау» - деп, әкеге тыным бермейді. Мархабат есімі жоқ үлкен ұлдың портретін шебер-ақ жасаған. Оның жиіркенішті тұлғасын тереңдете түсу үшін Мархабат оны одан әрі қарай сөйлете түседі [5: 372].



ІІ тарау М.Байғұт шығармаларындағы табиғат көрінісі мен тіршілік көзі.

Жазушы қаламынан туған «Интернаттың баласы».
Мархабат Байғұтов – қоғамдық дамуымыздың әралуан саласына ой толғайтын, бүгінгі жастарымызды қиындықтарды жеңе отырып, жарқын болашақ, туған ел, халық үшін қызмет ететін азамат болып қалыптасуға тәрбиелейтін шағын повестер жазуда проза жанрынан өзіндік орнын танытқан талантты жазушы. Мархабаттың мұндай шығармалары алғашқы «Шілде», «Сырбұлақ» атты жинақтарында жарияланып, оны жұртшылық та, әдеби сын да жылы қабылдағанын жақсы білеміз. Одан кейінгі «Интернаттың баласы» жинағына енген осы тақырыптағы повесі. «Нәуірзек» жинағына енген «Патефон», «Таудағы андыз» повестері де оқырман көңілінен шыққан туындылар санатына қосылған. Жазушының «Машаттағы махаббат» шығармасы жазушы творчествосының жоғарғы жетістігі деуге тұрарлық еңбегі екендігін атап өткеніміз лазым. Мархабаттың біз атап өткен повестерінің қайсысын алсақ та, өзінің оқушысын өмірдің ұнамсыз жақтарынан безіндіріп, жарқын болашақ заманға лайықты азамат болып қалыптасуға ұмтылдыратын жақсы қасиеттерді уағыздайтынын аңғарамыз.

Жазушы бейнелеген кейіпкерлердің бірсыпырасының бойындағы ұнамды да, ұнамсыз да мінез-құлықтарымен іс-әрекеттерді өз аулымыздағы кейбір адамдарға ұқсатып отырамын. Олай болса, Мархабат повестерінің кейіпкерлері ойдан шығарылған «адамдар арасында, әйтеуір, осындай адамдар кездесуі мүмкін – ғой» деген болжамнан жасалған адамдар емес, өмірдегі шындық оқиғалардың шыншыл тұлғалары. Сондықтан болса керек, суреткердің повестері оқушысын жалықтырмай, шаршатпай үнемі ілгері жетелеп отырады. Сюжет шеберлігі композиция желісіне үйлесімді орналасқан оқиға желісі, кейіпкерлердің бірте-бірте даму, өсу шындығы оқушысының ойына «япыр-ай мына жері неге мұндай болды екен?» - деген күдік келтірмейді. Бұл жетістік Мархабаттың әдебиеттегі проза жанрын дамытудағы ерекше қасиеті.

Жазушының біз жоғарыда атап өткен кез-келген повесіне тоқталып, қоғамдық дамуымыздың әртүрлі кезеңдеріндегі оқиғаларға лайық түрлі кейіпкерлер бейнесін жасаған шеберлігін ауыз толтырып баяндаудан ешкім де жалыға қоймайды, сөз таба алмай тосыла да қоймайды.

Мен өзім болашақ жастар тәрбиесімен ойласатын мұғалімдік мамандықтың иесі болғандықтан болашақ қызметімнің жемісті болуына өзіме көп әсер алған жазушының «Интернаттың баласы» повестіне азырақ тоқталып өткенді жөн көрдім.

«Интернаттың баласы» повестіндегі жазушының ерекше жетістігі – шығармадағы он төртінші санды бөлмедегі кілең өмірге құштар кейіпкелердің бейнесін жасауы. Тәжен Ошаев өзінің сергектігімен, сабаққа зейінділігімен, қоғамдық жұмыстағы ұйымдастырушылық қабілетімен танылса, жетінші сынып оқушысы Бақажан (өздерінше Жиренше шешен деп атайды) оқудың үздігі болмаса да жолдастыққа жақсы, адамгершілігінің күштілігімен дараланған.

Сегізінші сыныптың оқушысы Көшен домбырадан күмбірлетіп күй төккен, болашақ Алматы консерваториясының конкурстан тыс қабылданатын өнер иесі. Тоғызыншы сыныпта оқитын Жақсылық (өздері Жак Паганель деп атайды) көркем әдебиетті көп оқитын, биология, география пәндеріне баса назар аударатын салмақты, ақылды, қажырлы, табанды, болашақ жапангерліктен үміткер оқушы. Алтыншы сыныпта оқитын Ырысбек (өздері үндемес деп атайды) салмақты, сабырлы бала.

Он төртінші бөлмеге биылғы оқу жылында келіп қосылған екі оқушының бірі – Ноқтабай да екіншісі – Еркінбек Ермекбаев [7: 19].

Повестің осы кейіпкерлері алты мен сегізінші сыныптың оқушылары болса да сөзге шешен, айтылатын жауаптарын саралап, нақтылап жеткізе біледі. Алғашқы бір-бірімен танысу кезеңіндегі әңгімеге назар аударсақ:

Енді алтауы бірдей бұған қарай қалысты.


  • Атым Ноқтабай, - деді бұл.

Бақажан жаңағыдан да бетер сықылықтап қоя берді. Аузын бір алақанымен басты. Одан соң қос қолдап басты. Көк көзінен жас ағып кетті. Сап-сары беті қып-қызыл болып барады. Өзгелердің де күлмеуге дәті қалмағандай.


  • Ай, қазақтар-ай, - деді әлден уақытта естияр адамдарша бет орамалымен сүртініп тұрған Жиренше шешен:

  • Не болса соны қоя береді. Мені Бақажан деп бақырайтып қоя салыпты....

  • Несі бар, - деді Ноқтабай да саңқ етіп.

  • Сен жирен сары жаман тайсың, мен ноқталаймын.

  • Оһо! – деді Жиренше шешен – тегін адам таз болмайды [8: 18].

Міне, бір-бірімен жаңа ғана танысып тұрған оқышулардың әзіл-қалжыңы. Жазушы бұл жерде кейіпкерлерінің зерделі, ұшқыр ойлы, сауатты, жан-жақты білімдар екендігін аңғару үшін тағы бір диалогқа назар аударайық: Бүйірін таянып Тәжент Ошаев тұр. Бұлшық еттері бұлт-бұлт ойнайды. «Мөлдір махаббат» төсектің үстінде төңкеріліп жатыр.




  • Тәжен –Бүркіт, Ноқтабай – Мүсәпір, байқасам деді Байқасам, Ноқтабай, «Мөлдір махаббатты» оқымаған деп тұр.

  • Көрерміз, кімнің кім екенін, Байқасам, - деді Ноқтабай.

  • Бұл жерде олардың қаншалықты қатысы бар? Кітапты түсініп оқу керек, кейіпкерлерді салыстыруға да білім, дүние таным керек, - деді Жан Паганель.

  • Гагаринді космос деген планетаға ұшты деп, көктемде жұртпен жағаласқан Байқасамда неғылған дүниетаным – деді Көшен күйші.

  • Бәріңнің тілің шыға бастаған ба, байқасам, - деді Байқасам.

  • Арамызда жік шықты, екі құлағы тік шықты десейші [7: 27].

«Интернаттың баласы» повестіндегі оқушы кейіпкердердің арасындағы мына ой толғамдар мен мына жауаптары кез-келген оқушысын ойландырады. Өзім де осы диалогты оқығаннан кейін, «менің де шәкірттерім осындай ұшқыр ойлы, ана тіліміздің сөз зергері боларлық балалар болса» - деген ойға кеттім.

Повестің басты кейіпкері – Ноқтабай. Ол жастайынан әкеден жетім қалып, аурушаң шеше мен өзінен шамалы –ақ үлкен апасының қолында тәрбиеленеді. Бесінші, алтыншы сыныптарды нағашысының үйінде жатып оқиды. Олардан (нағашы жеңгесінен) көрген қорлықтары, естіген ауыр сөздері Ноқтабайдың жас көңілін жасытып, қалайда басқа жақта оқу керек деген ойға жетелейді. Келесі оқу жылында жетінші сыныпта аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке мектеп жасындағы интернатқа жатып оқуға бел буды. Өзі білген ақылын айтып, қалайда интернатқа орналасуға күш сал деген ниетпен Нурила аудан орталығына шығарып салады. Повестің осы тұсына келгенде Ноқтабай Бескемпіровтің келешек тағдыры қалай болар екен, қандай ортаға тап болады деген ойға қаласың. Мейірімді мектеп директоры Ноқтабайдың әкесінің жоқтығын, ұзақтан келгенін ескеріп орын болмаса да интернатқа қабылдайды.

Он төртінші бөлмедегі балалардан Бақажаннан басқасының бәрі өзі тағдырлас болып шығады. Бірінің әкесі, бірінің шешесі жоқ болып шықты. Қыз апасы Нурила айтқан ақылды жадында сақтай жүріп, оқыс сүрінген жанындағылардың оғаш қылықтарынан сабақ ала жүріп, жанындай жақсы көретін тәрбиешісі Жанат апайының көмегімен сабақты өте жақсы оқыды.


Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты. Шалыс басқан жолдастарының теріс қылықтарына келісімпаздықпен емес, кемшілікті кезінде ашық айтып турашыл болуға, достарына жанашырлықпен қарауға, олардың жеке бастары мен жанұяларындағы күйзеліс жағдайларына олармен бірдей күйзеледі. Өз басындағы мұңды олардан жасырмады. Сондықтан Ноқтабайдың ең қиын сәттерінде жанында Тәжен мен Еркінбек болды. сөйтіп, Ноқтабай интернатта жүрген кезінде адамгершілік пен азаматтықтың жақсы үлгілерін көрсетті.

Еркінбек үйіндегі кішкене аурулы қарындасын сағынып, ауылына қайтар алдында кітап сататын магазинге кіргенде аяғын шалыс басып, интернат, мектеп алдында ұятты жағдайға қалды. Көркем суретпен безендірілген кішкене ғана кітапшаны көргенде, осы кітапшаны қарындасына апарып, ауруынан құлан таза айығып кететіндей болды да тұрды. Сатып алуға ақшасы жоқ. Алдын ала ақша жөнінде ойлана ойлана ойын тауысқан болатын. Табан астында Еркінбектің қиялын бір сұм ой билеп ала жөнелді.

«Бір рет, өмірінде бір ғана бір рет қарындасы үшін қылмыс жасауына болатын шығар. Ия, қарындас үшін. Кішкене ғана кітапша ғой. Кітапша!» қас қиылғандай сатушы шекілдеуік шағып, бұған қарамай, көше жаққа қарап отыр екен. Еркінбек кітапшаны ақ көйлектің омырауынан ішке қарай тастап кеп жіберсін. Сөйтсін де тізелері дірілдеп дүкеннен шыға алмай қалсын. Түсі де бұзылып кеткен болу керек...

-Сен баланың сықпытыңды жақсы танимын. Интернаттың баласысың. Аты – жөніңді айт. Алдамай шыныңды айт. Анау интернатыңның бастығына, мектебінің директіріне айтып, ит масқараңды шығарамын... Қара да тұр, сен бала ілмиіп алып, бәлесін қарашы - әй мынаның. Бан –ди –и –ит! – деген сатушы келіншектің қатал үні шыққанда Еркінбек не болғанын білмей қалды. Сатушы әйел кітапты ақ көйлектің ішінен суырып алып, Еркінбекті дүкеннен айдап шығыпты.

Еркінбек өзінің ел бетіне қараудан қалғанын, оның үстіне өзінің «Крокодил» атты сын газетінің редакторы екендігін Ноқтабайға айтып ары аунап та, бері аунап та жылай берді. Ноқтабай Еркінбектің қарындасы үшін шалы с басқанын түсініп, өзінің де жан дүниесі Еркінбекпен бірге ауырды. Бұл оқиғаны ушықтырмай басып, Еркінбектің алай – дүлей болған жан дүниесін сауықтыруға әрекет жасады. Ары ойлап, бері ойлап шәкірт жанын тез ұғатын Жанат апайы арқылы реттеуге бел байлады. Еркінбек екеуі Жанат апайына болған жайды түгел баяндады. Жанаттың басшылығымен қылмысқа Ноқтабай да ортақтасқандай Еркінбекпен бірге барып кешірім сұрады. Еркінбектің барлық мектеп оқушыларының алдында абыройсыз болып, интернаттан шығып қалмауына достық қолын созып досқа достық ниет танытты. Жанат апайларын нағыз адам жанының инженері десе болғандай еді. Екеуіне сатушы келіншектен кешірім сұратып, кеуілдері қабыржымай қайтсын деп, екеуіне екі кітап сатып алып берді. Кейін Еркінбек Ноқтабайдың жан жолдасына айналды [7: 52].

Он төртінші бөлмедегі балалар арасындағы Ноқтабайдың осындай жақсы қасиеттері өзін күш пен ақылдың жеке иесіндей санайтын Тәжен Ошаевтың да өзіне деген көзқарасын өзгертті. Тәжен Ноқтабайдың күш жағынан да, адамгершілік жағынан да өзімен тең дәрежедегі оқушы екенін мойындады. Екеуінің де әкелерінің жоқтығы жағынан тағдырлас екендігін байқатты. Тәжен жанұясындағы жанын жеп жүрген мұңын Ноқтабайға жайып салудың ешбір сөкеттігі жоқтығын білді.



  • Сенен басқа ешкімге сенбеймін де, айтпаймын да.

Сен түсінетін сияқты боласың да тұрасың. Ең бастысы адамды сата алмайтын жақсы қасиетің бар. Мен сырымды ешкімге айтпаушы едім... Менің саған айтатын бір әңгімем бар,» - деп бастады Тәжен сөзін. - ...Кешегіге дейін. Кеше кешке дейін. Ерке едім ғой мен де. Жұртқа биіктен қараушы едім. Интер – ко – о – ом. Бірақ бар ғой, әкенің орны бөлек екен. Әкең жоқ болған соң, бәрібір әлдекімнен именіп, әлденеден қорынып, торығып бітеді екенсің. Сені қайдам, мен біттім. Бәрі бітті – деп таусыла тоқтады. Одан әрі қарай өзінің әкесі жоқтығын, жалғыз шешесі бар екендігін, енді сол жалғыз шешеден де безініп отырғандығын тілге тиек етті. Өзінің төртінші күні сұранып ауылына кеткенде шатыры тесіліп тозығы жеткен үйді жөндеу үшін шешесі екеуінің қамыс орауға барғанын, қанша әлектенсе де қамыс орып өндіре алмағанын жыр етті.

Сөйтіп жүргенде қасымыздан перме болып істейтін Ермек деген кісінің біраз адамдармен қамыс орғанын айтты. Бір кезде Ермек шешеме келіп:

- Сұлушаш сендерге деп жігіттер біраз орып қойды. Ертең жеткізіп береді колхоздыкімен бірге. Бүгін кешке дейін орыңдар да қайта беріңдер – дегені. Апам рахметін айтып, сендерді құдай сыйласын деді, Ермек аттан түсіп, үюлі қамыстың шетіне отырды. Екеуінің сөйлескісі келгенін сезіп, біраз бүлдірген теруді ойластырдым. Әлден уақыт өткенде екеуінің нені айтып отырғанын білгім келіп, жақындап барып, білдірмей жантайып жата кеттім. Шешем Ермектен жүкті болып қалғанын айтты [7: 58].

Мен не болғанымды білмей кеттім. Әйтеуір, беталды жүгіре беріппін... Бір қарасам қолдарым қан, бетім де қан. Қамыс тілгілеп тастаған екен. Жылай бердім, жылай бердім - деп ағынан жарылды. Мен Тәженннен Ермектің қандай адам екенін сұрадым. Ол Ермектің баласы жоқтығын, әйелінің тумаған кісі екендігін білдірді.

Ноқтабай Тәженнің иығына қолын салып тұрып:

- «Сен апаңды кешіруің керек. Сен ойлан. Жындыбай, салқынқандылықпен ойланып көр. Біз жаспыз дей аламыз. Әкеміз жоқ па, жоқ. Өзіміз әке бола білуіміз керек. Қазір сен әркімнің сөзіне де, күлкісіне де қарама. Елеме де қарама да. Қайта анаңа сүйеу бол, серік бол. Апаңа қазір өте қиын, бұдан былай одан да қиын болады. Кітапты несіне оқисың, тоқи алмасаң. Менің айтар ақылым осы» - деп көңілін жуатты. Бұдан жазушы сомдаған жағымды кейіпкердің мектеп қабырғасында жүріп – ақ ақыл тоқтатқанын, парасат биігіне өрмелегенін аңғарамыз [7: 14].

«Интернаттың баласы» повесінде оқушылармен қатар мұғалімдер мен тәрбиешілер де суреттелген. Солардың ішінде интернат меңгеруішісі Тарақов Есіркептің бейнесін көз алдымызға елестетсек, халық ағарту саласында оқушының жан дүниесін сезіне білмейтін, дүниетанымы саяз, өз мамандығын жете меңгермейтін адамдардың кездесіп қалатын, ондай адамдардың оқушы жүрегіне жылы жол табудың орнына олардың ашу – ызасын келтіріп, өзі оқушылардың кемележіне айналғаныны аңғардық.


Мектеп директоры келісім берген Ноқатбай мен интернат меңгерушісі Есіркептің арасындағы әңгімеге назар аударып көрейік:

  • Қай класс?

  • Жетінші Ағай.

  • Бесінші, алтыншы айда оқыдың ба, қайда оқыдың?

  • Жуалыда, ағай

  • Жуалыдан су шықты ма немене? Жері бай, елі одан да бай жер ғой. Жүре бермедің бе? [7: 52].

Есіркептің аузынан шыққан сөздер (қаршадай бала алыдында) таудан түскендей бұйрықты, зілді, дөрекі, ойсыз. Жазушы ұнамсыз кейіпкердің бейнесін шағын ғана диалог арқылы ұтымды бейнелеген.

Өзінің мамандығын жетік меңгермеген, білімі саяз Есіркепті қазақ тілі сабағында Ноқтабай бір – екі рет сүріндіреді. Осыдан бастап ол Ноқтабайға «заржақ» деген ат қойып алады.

«Нұрша» Еңбек бөлімшесіне картоп сорттауға келген жерінен біреулердің зорлап алып қашқанын, барған дерін жақтырмайтын, үйге кетіп қалуға шешесінің «Қайтып келген қыз жаман» деген ескертпесінен қамығып, ылаж жоқ жүргенін хатын алған күні Ноқтабайдың жан – дүниесі жәбір шеккендей уайым – қайғыға тап болды. Еш нәрсеге зауқы шаппады. Сабаққа да дайындалмады. Жалғыз әпшесінің мына ахуалын уайымдап жылай берді, жылай берді.

Есіркептің сабағынан Ноқтабайға «екі»қойылды. Талдауға сөйлем ұсынып еді, Ноқтабай жазбай тұрып алды.




  • Неге жазбайсың? – деді Тарақов.

  • Дайын емеспін.

  • Неге дайын емессің, өзің мені ұруға дайындалып келген секілдісің ғой ә,?

  • Мүмкін, - деді Ноқтабай.

  • Аһ?! Есіттіңдер ғой, ә,? Міне, интернаттың көжесіне семіріпті, құтырыпты мынау. Ұрам дейді. Ұрады бұл. Бұл әлі бәрімізді ұрады. Естідіңдер ғой, ә,? Куә боласыңдар. Қазір мен директірді ертіп келем... [7: 96].

Кабинетінен деректірді де, оқу ісінің меңгерушісін де таба алмаған Тарақов аға тәрбиеші Жанатқа кездесіп, класқа ерекше жау шапқандай қайтып оралды. – Кім дейді ол. Анау өзін әбден құтыртқан Бескемпіров. Кім ол дейді тағы да ұялмай – қызармай. Жүр. Жүр. Өз көзіңмен көр. Өз құлағыңмен есіт. Бала емес бәле тәрбиелепсіңдер сендер. Интернаттың баласы дейсіңдер. Жетім балаларға ерекше қамқорлық керек дейсіңдер... Директірдің жүрегін жұлмалап, жұрқ тесік қылған осылар. Енді интернат меңгерушісін өлтіреді бұлар... Мен оны сотқа берем.

Интернат меңгерушісінің осы сөздері оның ен нәрсенің байыбына бармай бала жүрегіне үңілуге пәрмені жетпейтін ұр да жық әпербақан адам екенін танытып тұр. Бұған керісінше Жанат Ноқтабайдың жағдайын тез түсініп, қасына Тәженді қосып, Нүрила апасынан хабар алып келуге машинаға мінгізіп жеберді.

Машина ішінде арақ ішіп отырған жұмысшылардың ішінен семіз сары күліп:



  • Менің жездем сендерге забидеш болып істейді. Есіркеп Тарақов. Жездем маладе – ес. Ноқтабай Тәженге қарады. Тәжен Ноқтабайға қарады.

  • Сол бар ғой, сол зар илейді, әйтеур. Интернатыңды кім көріпті, кім біліпті әйтпесе... Жездем жылап отырады, әйтеуір... Ноқтабай Тәженге қарап қалды. Тәжен Ноқтабайға қарап қалды.

Екеуі күліп кеп жіберді. Артынша кілт тиылып. Азғана ойланысты. Оның артынша тағы күлсін – ай. Қатты күлді екеуі... Бірақ қояр емес. Әлі күліп отыр.

Жазушы оқушылардың кекесін күлкісіне айналған, өз мамандығының шебері емес, тәрбие жұмысына кездейсоқ келген мұғалім Есіркеп Тарақовты осылай әжуалайды. «Интернат баласы» повестінің ұнамсыз кейіпкер жасаудағы жетістігі – республикамыздағы халық ағарту қызметкерлерінің басшыларын ойландыратын идея көтеруіне деп білу керек. Мархабат Байғұтов бұл повестінде тәрбие ісінің нағыз шебері Жанатты, бір үйдің жанұялық ауыртпалығын мойнына алып, жастығына қарамай еңбекке араласып, жалғыз інісінің білім алып, заманына сай азамат болып қалыптасуына шамасынан келгенше жағдай жасаған Ноқтабайдың әпшесі Нүриланы, қысылған ағайынға қол берген, адамгершілігі мол жаман тонды Жақсыбайды, мейірімді Еркебаланы өздеріне тән жақсы қасиеттермен оқырман жүрегінде сақталатын етіп бейнелеген.

«Интернаттың баласы» — оның үшінші кітабы. Жазушы шеберлігінің жаңа белеске кетерілуімен бірге, алдағы уақытта тағы да бір өзгерістің, соны жаңалықтың боларын сездіретін кезеңі секілді. Өйткені, бұл кезде оның жазушылық тәжірибесі жинақталып, қалам қарымы нығайып, шығармашылық шеберлігі арта түскенді. Үлкен өмірдің айдынындағы жеке адамның тағдырын; ешкімге зияны жоқ, арманшыл жанның көрген қиянатын, зәбір-жапасын, бүлінген өмірін бүге-шігесіне дейін көрсете білу («Интер-наттың баласы» повесінде) салмақты да ойлы прозаның объектісі, талантты прозаиктің тыңғылықты еңбегі екені ә дегеннен-ақ анық көрінеді. Өз басым алғашқыда осы повестің түйінін — эпилогын жан-жүрегіммен сезініп, толық сеніммен қабылдай алмаған сияқты едім

Көркем дүние шеберлігі образды сомдап шығару десек, аталған повесть бойынан да әр қайсысы жеке дара типке айналған, сөйте тұра әр қайсысының өэіне тән мінезі бәр сәтті шыққан образдар іс-әрекетінің куәсі боламыз.

Мысалы, повестегі Ноқтабай, Тәжен, Жақсылық /Жак Паганель/, Бақажан, Жақсыбайлардың қай-қайсысы болмасын жинақталған, сомдалған типтік бейне. Сонымен бірге, олардың әрқайсысының дараланған мінездері де бар. Типтік бейнеге автор тұтасқан оқиғаның даму барысында, қақтығыстар мен іс-әрекеттер арқылы барса, ал әрбір образды жеке-дара мінездеуге ұтқыр детальдар мен шымыр диалогтар құру арқылы қол жеткізеді.

«— Шынымен-ақ тар ма? — дейді Нұрила.

— Тар. Жанымды кезіме көрсетті ғой.

— Мүмкін, кейін түсіп кетер. Аяғың Ісмәт көкемнің аяғындай.

— Қажап өлтіреді ғой.

— Әдемі екен, ә?

— Күшті екен.

— Қайтеміз?

— Білмеймін.

— Нені білесің сен?

— Өзің ше?

— Алсаң қайтеді, а?

— Апам ұрыспай ма?

— Не деп?

— «Аяқкиімің тар болса, дұниенің кеңдігінен не пайда» деп» [8: 9].
Міне, мұнда бірде-бір авторлық сөз жоқ. Алайда, диалог тұнған характер. Әпкелі-інілі жандардың мұндағы бір-біріне деген қарым-қатынасы соншалықты шынайы.

Тағы бір мысал. Нұриланың зорлықпен барған қайын жұртының жиіркенішті, тоғышарлық бүкіл болмыс-бітімін біз Нұрила, Ноқтабай, Жақсыбайлардың көзқарастары арқылы білеміз. Ал, мына бір деталь повесте тіпті аттары да аталмайтын сол бір сүйкімсіз жандардың бет-ажарын одан сайын аша түскендей.

Ойымызды түйіндей айтсақ: жазушы Мархабат Байғұтовтың «Интернаттың баласы» атты жаңа жинағы – рухани әлемімізге өзіндік үнмен, сыршылдығымен келіп қосылған көркем дүние.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет