Мұрагерлік принцип- белгілі бір объектіден келесі бір объект туындап, туынды объекті бастапқы объектінің барлық қасиеттеріне ие болуы. Сонымен қатар туынды объект бастапқы объектіде болмайтын жаңа қасиетке ие болуы да мүмкін. Туынды объект түбірлік объектіден барлық өрістер мен әдістерді қабылдап және оған өзінің өрістері мен әдістерін қосады немесе түбірлік объектінің әдістерін өзінікіне айырбастай алады. Туанды объектінің сипаттамасы мына мысалда келтірілген.
Мұра -бағынышты объектiлерден тұратын иерархиялық құрылымды құрайтын бағынышты объектiнi анықтау. Әрбiр бағынышты объект ататегi объектiсiнiң берiлгендерiне, процедура мен функцияларына тiкелей байланыса алады.
Ататегi объектiсiнiң атын туылатын жаңа объектiнiң сипатталуына жазу арқылы мұра қалдырылынады. Осылай ағаш тәрiздi құрылым құрылады. Мұра-бұл объектiлер емес, объект түрлерi арасындағы байланыс болып табылады. Мысалы:
Type Pozicia=Object {Ата-ана объектiсi}
X,Y:Integer;
Procedure Init(NewX,NewY:integer);
Procedure Locate(Var XN,XL:Integer);
End;
Kom=Object(Pozicia) {Бағынышты объект}
Cvet,Raz:Word;
Procedure Init(NewX,NewY:Integer;Color:Word);
Procedure Zoom(Delt,Znak:Integer);
End;
Pozicia түрiне бағынышты Kom түрi қабырғасы Raz (пиксел бойынша) болып келген боялған квадратты бередi. Мұнда мұрадан қалған X,Y координаттары квадрат центiрiнiң координатасын бередi. Zoom процедурасы квадратты Delt және Znak аргументерi бойынша үлкейтедi (кiшiрейтедi).