I тарау. Объектілі бағдарлы программалау объект ұғымы



бет8/25
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#79285
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
ОБП

Үш өлшемді нүкте

Х координатасы
У координатасы
Z координатасы

Х координатасын анықтау
У координатасын анықтау
Z координатасын анықтау
Келесі нүктеге дейінгі арақашықтықты анықтау

Turbo Pascal программалау тiлiнде әдiстердiң статикалық және виртуальды деген екi түрi бар. Статикалық әдiстер онша күрделi емес, жадыдан аз орын алады және тез орындалады, бiрақ ОБП барлық артықшылығын толығымен көрсете алмайды. Жоғарыдағы программада пайдаланылған әдiстер - статикалық әдiстер болып табылады, яғни, егер әдiстiң түрi , онда ол статикалық болып табылады.


1.4 Виртуалды әдістер.
Виртуалды әдістермен оларды шақыратын процедуралар арасындағы байланыс программаны орындау барысында орнатылады. Бұл соңғы байланыс деп аталады. Оның алғашқы байланыстан айырмашылығы ол компеляция кезінде орнатылады. Виртуалды объектіні сипаттауда әдістің атынан кейін резервтегі virtual сөзі қолданылады. Туынды мен түбірлік объектінің виртуалды әдістерінің аттары бір- біріне сәйкес келуі керек. Виртуалды әдістері бар объектінің экземплярын инициализациялау арнайы әдіс – конструктордың көмегімен орындалады. Конструктор объект өрісіне алғашқы белгілерді иелендіреді және объектіні инициялизациялау кезіндегі керекті іс-әрекеттерді орындайды. Әдіс- конструктор атында procedure сөзі constructor сөзімен алмасады. Конструктор іс-әрекетіне қарама- қарсы іс- әрекет тағы да бір арнайы әдіс деструкторды орындайды. Ол destructor сөзімен сипатталады.
Конструктор виртуалды әдістер таблицасына нұсқағыш жасайды және ол таблицаны іздеу үшін пайдаланылады. Таблицаға виртуалды әдістер объектісінің балық адрестері кіреді. Виртуалды әдістерді шақыру кезінде оның аты бойынша адресі анықталады. Одан кейін сол адрес бойынша басқару беріледі. Әр объект типінің өзіне тән виртуалды әдістерінің таблицасы болады. Бұл операцияға әр түрлі процедураларды шақыру мүмкіндігін береді. Егер бір типті объектінің бірнеше экземпляры болса, онда конструктор әр экземпляр үшін шақырылуы керек. Ондай болмаған жағдайда программа жұмысы бірден тоқтатылады. Конструтор мен деструктор бос болуы мүмкін, яғни, оперциялар болмайды. Бұл жағдайда барлық керекті код конструктор және деструктор сөздерін трансляциялау кезінде құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет