I тарау. Объектілі бағдарлы программалау объект ұғымы



бет7/25
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#79285
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
ОБП

1.3 Әдістер
Әдіс - объектінің қасиеттерін өзгертуге арналған процедуралар мен функциялар. Операция – бұл әдістің сипаттамасы, ал әдіс операцияны жүзеге асыру болып табылады. Логикалық жағынан қарағанда әдістер бірдей операцияларды орындайды, бірақ әртүрлі кодтың фрагменттерімен жүзеге асырылады. Әрбір операцияда анықталмаған аргумент болады, ол сол операция қолданатын объект, бірақ басқа да аргументтер болуы мүмкін, ол оны параметрлейтін параметрлер. Әдіс тек класс пен объектіге қатысты.
Объектінің кейбір атрибуттарының мағынасы тек сол объектінің оперциясына ғана қатысты бола алады. Ондай атрибуттар жабық атрибуттар деп аталады. Объектілерде жабық операцияларды да анықтауға болады.
Осылайша класс тапсырмасы үшін сол кластың аты көрсетілуі керек, одан кейін оның атрибуттары мен операциялары ( әдістері) көрсетіледі. Жалпыламалау және мұрагерлік объектілер классификациясының көп сатылы екендігін және объектінің әртүрлі кластарының арасындағы ұқсастықтарды анықтауға мүмкіндік береді.Мысал ретінде көптеген геоматриялық фигураларды келтіруге болады.
Жалпыламалау мыналарды анықтауға мүмкіндік береді:
Класс “бір өлшемді фигуралар”, “түзу” және ”доға ” кластары “бір өлшемді фигуралар” кластарының ішкі класы болып есептеледіб ал бір өлшемді фигуралар класы түзу және доға класының суперкласы болып табылады. Егер осындай келісушілікте қарайтын болсақ, суперклассоперациясы мен атрибуттары сол ішкі класқа сәйкес болады ( сол атрибуттар мен операциялар ішкі кластарға мұрагер бола алады), онда доға және түзу кластарының ( ішкі кластар) атрибуттарымен операциялары бір өлшемді фигуралар класына ( суперкласс) көшіріле алады. Әр супер кластың атрибуттары мен оперциялары ішкі кластың барлық сатысындағы мұрагері болып табылады және бұл кластарды сипаттауды жеңілдетеді және қысқардады.
Кейде белгілі бір суперкластағы ішкі кластың операциясын қайта анықтау қажет болады. Ол үшін мұрагерлік нәтижесінде суперкластан алынған операция қолданылады. Егер жаңа операция мұрагерлік операциясын кеңейтетін болса, онда қайта анықтау қолданыдады. Төмендегі суретте үш өлшемді нукте класының және екі өлшемді нүкте класының атрибуттары мен операцияларының мұрагерлеу схемасы көрсетілген. Екі өлшемді нүктенің координаталары берілген. Ол оның атрибуттары, ал екі өлшемді нүкте объектілерінің орындайтын операциясы Х, У координаталарын және нүктенің арақашықтығын анықтау. Үш өлшемді нүкте класы ( ішкі класс) өзінің екі өлшемді нүкте суперкласының Х,У координатасын мұрагерлікке алады және өзіне тағы бір атрибут- Z координасын қосып алады. Х,У координатасын анықтау операциясы да мұрагерлікке алынады. Одан басқа Z координатасын анықтау операциясы қосылады және келесі үш өлшемді нүкте арасындағы арақашықтықты анықтау операциясын қайта орындайәды. Үш өлшемді нүкте арақашықтығын есептеу формуласының екі өлшемді нұсқадан айырмашылығы болады.
Түбірлік объект
Түбірлік объект

Екі өлшемді нүкте

Х координатасы 
У координатасы

Х координатасын анықтау
У координатасын анықтау
Келесі нүктеге дейінгі арақашықты анықтау

Атрибуттар
Операциялар
¯
Туынды объект



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет