I тарау. Қос сөздердің қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы


Күрделі сөздердің табиғаты және оның түрлері



бет7/15
Дата08.02.2022
өлшемі296 Kb.
#98617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
абай

1.2. Күрделі сөздердің табиғаты және оның түрлері.

Күрделі сөздер құрылымы жағынан да, жасалуы жағынан да, сөз таптарына телінуі жағынан да алуан түрлі болып келеді.


Күрделі сөздер: күрделі біріккен сөздер, күрделі кіріккен сөздер, күрделі қос сөздер, күрделі қысқарған сөздер және тіркескен болып бөлінеді.
Қазақ тіліндегі кіріккен сөздерге бәйшешек, белбеу, қонағасы, биыл, бүгін, тоқсан, қарлығаш тәрізді сөздер жатады. Тіл мамандарының қай-қайсысы болмасын кіріккен сөздерге компоненттері дыбыстық өзгеріске ұшырау салдарынан бастапқы тұр-тұрпатынан өзгерген сөздерді жатқызады. Мысалы: бәйшешек, бәйтерек сөздерінің құрамындағы бәй деген элемент әуел баста бай формасында болғаны, кейін соңғы компоненттердегі жіңішке дауысты дыбыстың ықпалынан «а» фонемасы, «ә» фонемасына айналып, бәйшешек, бәйтерек болып қалыптасып кеткені мәлім.
Біріккен сөздерге: қарабауыр, асқазан, ұлтабар, көксерке, итмұрын, қарақұс, аққу тәрізді сөздер жатады. Біріккен сөздер біріншіден кейбір жұрнақтар арқылы туынды сөздің жасалуына негіз болады. Мысалы, ақсақалды, аққудай т.б. Екіншіден, кейбір терминдік атаулардың құрылымын жасауға қатысады. Мысалы: тасбақа, өнеркәсіп, құндыз [20,7].
Күрделі сөздердің бір түрі — қос сөздер. Қазақ тілін зерттеуші мамандар қос сөздерді қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер деп, екі үлкен топқа бөліп қарайды. Қайталама қос сөздер белгілі бір сөздер екі рет қайталануы немесе сол сөздің бір дыбысының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. Мысалы, тау-тау, үй-үйге, шай- пай т .б.
Ал, қосарлама қос сөздер әр басқа екі сөздің қосарлануынан жасалады. Мысалы , әке-шеше, дәм-тұз, тау-тас т.б. [1,93-94]
Күрделі қысқарған сөздер әрі ықшамдалып, әрі бірігіп жасалады. Күрделі қысқарған сөздер ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси терминологияда, мекеме, ұйым аттарында ұшырасады. Күрделі атаулар мынадай жолдармен ықшамдалады:
а) Күрделі атаудың әрбір сөзінің басқы дыбысынан құралады: ТМД, АҚШ, ХҚТУ.
ә) Күрделі атаудың құрамындағы алғашқы сөзінің басқы дыбыстарынан құралады: ҚазМУ, АлМи;
б) Күрделі атаудың құрамындағы әрбір сөздің басқы буындарынан құралады: партком, совхоз, обком ;
в) Күрделі атаудың құрамындағы алғашқы сөздің басқы буыны мен соңғы сөздің бірігуінен құралады: мединститут, пединститут т.б. [1,97].
Күрделі сөздердің келесі бір түрі — тіркескен сөздер. Мысалы, су жылан, түлкі тымақ, қоңыр ала, көк ала, он бес, сатып ал, екі жүз, алып қайт, күні кеше т.б. Осындағы су жылан, түлкі тымақ сөздері зат есімдерден; көк ала, қоңыр ала сын есімдерден; екі жүз, он бес сан есімдерден; сатып ал, алып қайт етістіктерден; күні кеше үстеуден жасалып тұр [1,88].
Жоғарыда аталып өткен күрделі сөздердің бір түрі күрделі кіріккен сөздер жайлы профессор Қ.Жұбанов өз пікірін білдірген. Ол кісі 1930 жылдардың өзінде-ақ қандай сөздерді кіріккен сөз дейміз, кіріккен сөздердің қандай белгісі болады деп сауал қойып, соған берген жауабында: «Бірнеше сөзден құралған болса да, кіріккен сөздер бір-ақ нәрсені атайтын, бір-ақ сөздің орнына жүретін болу керек. Екінші, кіріккен сөз болу үшін, мұның ішіндегі жеке сөздердің әрқайсысы сөйлемде өз алдына бір–бір мүше болмай, бәрі жиналып барып сөйлемнің бір-ақ мүшесі болу керек...Үшінші, кіріккен сөздердің қайсы біреулерінде біреуінің не екеуінің де формасы жай қалпындағыдан өзгеріп басқа түрге түседі. Төртінші, кіріккен сөздердің бір айырмасы — мұнда екпін біреу-ақ, онда кірігуші сөздердің ең соңғысында ғана болатындығы» — деп тұжырымдайды [8,223].
Профессор Н.Сауранбаев қазақ тіліндегі изафеттік топтың түрлеріне тоқтала келіп: «Бірінші топтың өзгешілігі –олар синтаксистік шеңберден шығып, морфология, оның ішінде сөз тудыру жүйесіне айналған тәсіл... Изафеттің бұл түрі қазір тұтас бір атау болып ұғынылады»– дейді. Мысалға, қаламұш, баскиім, желбеу дегендерді келтіреді де сөйлемге бір мүше болатынын айтады [17,21].
Қазақ тіл біліміндегі біріккен сөздерді зерттеумен шұғылданған екінші тіл маманы Г.Жаркешева: «...біріккен сөз дегеніміз семантикалық бір мағынаны білдіретін, сөйлемнің бір ғана мүшесі болатын, біріккен екі сөздің аралығына дыбыс үндесу заңы әсер ететін сөздер деп түсіну керек» [7,82], – дейді. Сонымен, Г.Жаркешева біріккен сөздердің ерекшеліктері дегенге мағына тұтастығын, сөйлемге дербес бір ғана мүше болуын, компоненттерінің қалыптасуына дыбыс үндесу заңы қатысуын жатқызады.
Сонымен, күрделі сөз, оның табиғаты мен морфологиялық құрылымы және түрлері жайындағы жоғарыда айтылған мәліметтерді жинақтай келгенде, күрделі сөз кемінде екі түбірдің бірігуінен, тіркесуінен немесе қосарлануынан жасалады. Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлар әр басқа ұғымды емес, бәрі жиналып келіп бір ғана ұғымды білдіреді. Күрделі сөздің шыққан тегі — сөз тіркесі. Тілдің даму барысында сөз тіркестері семантикалық жағынан да, морфологиялық жағынан да, синтаксистік жағынан да тұтасып, бір бүтін ұғымды білдіруінен күрделі сөздер жасалған.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет