І тарау. Педагогика мамандық және оның қоғамдағы мәні


Егемендікке дейінгі Қазақстан



бет3/4
Дата08.11.2023
өлшемі34,72 Kb.
#190516
1   2   3   4
Байланысты:
Мейрқұл А пед
батп курси, пед курс
Егемендікке дейінгі Қазақстан


Егеменді Қазақстан

1

Жоспарлы экономика

1

Нарықтық экономика

2

Тоталитарлық жүйе

2

Демократиялық жүйе

3

Мемлекеттік меншік

3

Жеке меншік

4

Әлеуметтік жіктелу әлсіз

4

Әлеуметтік жіктелу терең

5

Оқушы-ұжым мүшесі

5

Оқушы-жеке тұлға

1.2.Педагог мәртебесі


Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық дәуір біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды түбегейлі өзгертуде. Бұл кезеңде мемлекет дамуында ғылым мен білімнің алатын орны тіпті ерекше болмақ. Егемен елімізді өркениетке жетелейтін білімнің бастауында мектеп пен жас ұрпақ бойына білім нəрін беретін ұстаз тұрады. «Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын мұғалімдікі» – деген М. Жұмабаев ұстаз мәртебесін сол заманнан-ақ асқақтатып кеткен еді. Өйткені, ұстаз мәртебесі – қоғам мәртебесі!
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы Жолдауында Білім және ғылым министрлігіне «Педагог мәртебесі» туралы жаңа заң дайындау тапсырылған болатын. Жолдауда ұстаздардың мәртебесін көтеру, мұғалімдерге үлкен қолдау көрсету қажеттілігі айтылды. Бұл мұғалімдерді ғана емес, білім беру саласының тыныс-тіршілігіне бей-жай қарай алмайтындарды бір серпілтіп тастады. Жолдауда білім беру саласын дамытуға байланысты көп дүние айтылды. Жүзеге асса, құба-құп дейтін бастамалар да баршылық. Ал, біз көптен күткен мұғалім мәртебесіне қатысты заң жобасы жөнінде сөз қозғауды жөн көрдік. Ол үшін қабылдануы осы жылы жоспарланған заң жобасының мұғалім құқын толыққанды қорғайтындай болып жасалуына қоғам болып бақылау қажет.
Біріншіден, білім басқармаларын жергілікті әкімшіліктен Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне өткізіп алуы керек. Мектеп мұғалімдерін өз міндетіне жатпайтын жұмыстардан осы қадам ғана құтқара алады. Заң бабына қосымша ретінде «Мұғалімді міндетіне жатпайтын жұмысқа жеккен шенеунік» жауапқа тартылуы тиіс» деп көрсетілуі керек.
Екіншіден, мұғалім қауіпті мамандыққа айналды. Бүгіндері ата-аналардың арасында мұғалімге дөрекілік көрсетуді заңды құқым деп санайтындар да жоқ емес. Сондықтан, мұғалімге қол жұмсаған адамға құқық қорғау органы қызметкеріне қол көтерген адамға тағайындалатындай жаза қолданылуы тиіс. Бала құқы туралы заңдық норманың асыра орындалуы мектептегі талап қойғыш, білікті ұстаздардың біразының обалды болуымен аяқталуда. Тіпті оқушы мұғалімге, ата-ана мұғалімге қол көтерген жағдай да қалыптасып үлгерді. Бұл – білім сапасына, тіпті білім саласына үлкен соққы болған жағдайлар еді.
Үшіншіден, бюджеттен мектептерді жөндеуге бөлінген қаражат бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс. Сонда мұғалімдер мен ата-аналардан мектепті жөндеуге ақша жинау қиынға соғатын болады.
«Педагог мәртебесі туралы» Заңда ең негізгі мәселелер – ұстаздың міндеті, ұстаздың құқы, ұстаздың статусы, мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының міндеті, білім бөлімі әдіскерлері мен басшыларының міндеті, әр дәрежелі білім саласындағы мекемелердің жеке құқы мен міндеттері, педагогтің жұмысқа қабылдануы, жүктеменің ең аз, ең көп нормасы, жұмыстан шығарылу ережелері, мұғалімдік санатты жоғарылатып отыру, мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, қайта даярлаудан өтудің нормалары, Білім беру ұйымдарының педагог кадрларының біліктілігін бес жылда емес, 3 жылда бір рет біліктілігін арттыру сынды ұсыныстар мен мәселелер толық ескерілуі керек.
Сонымен қатар, педагогтар мәртебесі туралы заңмен қатар, «Білім туралы» Заңға да, бала құқығы, ата-ананың жауапкершілігі туралы нормативтерге де өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі керек. Себебі, бүгінгі XXI ғасырда ұстаздың қағазға сабақ жоспар жазып немесе компьютерде жоспар жазып, оны шығарып алып қол қойғызып жүруі, үй аралап кезекшілік жасап, әкімдердің есептік жиналыстарында бос залды толтырып жүруі – ұят. Заңда ұстаздың міндеті толық белгіленсе, оның сыртындағы шаруадан әр ұстаз заң бойынша бас тартуға құқылы болар еді. Осы заң негізінде әркім өз жұмысын атқарса, онда тәртіп болады. Тәртіп болған жерде нәтиже де болады. Менің ойымша, «Педагогтар мәртебесі» туралы Заңда, бірінші кезекте мұғалім мемлекеттік қызметкерлермен теңестірілуі тиіс. Себебі, бүгіндері білім беру саласы әбден орныққан, білім экспорттаушы елге айналған Еуропаның бірқатар дамыған елдерінде мұғалім мемлекеттік қызметкер саналады. Ол елдерде педагогтар арнайы құқықтық мәртебеге ие.
Қай заманда да қоғам ұстаз мәртебесіне селқос қарамаған. Өйткені, ұстаз ұлды ғана емес, тұтастай ұлтты тәрбиелеуші. Бір айта кетерлігі, педагог болудан кейінгі жас буын басын алып қашады. Өзі ұстаздан тәлім алса да, келешегін білім-ғылым саласымен байланыстырып елестете алмайтындар қатары көбейгені сөзсіз. Неге? Ұлы ақын Абайдың «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деген сөзін бала кезден санамызға сіңірдік, енді балаларды да осы тұрғыда тәрбиелеудеміз.
Бірақ, қазір жастар арасында осы жолға бет бұратындар саны жылдан жылға азайып барады. Олар мұғалімдік мамандық «болашақта қажетсіз мамандық» дегенмен түсіндіргісі келеді. Уақыт дәлелдегендей, денсаулық пен білім мәселесі қай заманда да қажеттілігін жойған емес. Қай заманда болсын, әріп үйретіп, қолға қалам ұстататын жанның қажеттілігі жойылмақ емес. Елбасымыз халыққа Жолдауында: «2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс», ‒ деді. Елбасының осы қамқорлығы барша әріптестерімді қуантты.
«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген сөздің түп төркіні өте терең. «Ұстанымы» дегенде адамның өмірге деген көзқарасы, дүниетанымы,белгілі бір дәрежеде адамның бүкіл болмысы ұстаздың қолында деген мағынаны білдіреді.
Ұстаздың абыройы биік болуы – бүкіл елдің абыройының асқақ болуының кепілі.Өркениетті елдердің барлығында ұстазға деген құрметі өте биік дәрежеде, өйткені ұстаз бүкіл бір ұлтты тәрбиелеп отырған басты тұлға.Сол себепті де ұстазды ұлағаттау әрбір саналы халықтың қоғам алдындағы мақсат-міндеті болғаны абзал.
Ұстаздың мәртебесі қай кезде биік тұғырда болады?
Осы орайда Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай ғана емес, ол жаңаны жаңадан табатын өнер», — деп тұжырым жасайды.Яғни,әрбір ұстаз өз жұмысына тыңғылықты дайындықпен,құштарлық сезіммен кіріссе,еңбегіне қарай жемісін көре алады.Себебі,даналар сөзін ойыма тірек қылып айтар болсам «Не ексең,соны орасың», - деп келтіреді.Бәйгеге қосқан тұлпары озып шығып дараланса,және де оны дүйім жұрт бағалап,қадірлеген жағдайда ғана ұстаздың мерейі үстем болар.
Жаңашыл мұғалім қалай қалыптасады?
Дамыған елге қарап бой түзеген еліміз ұрпақ бойына білім нәрін себуші мына біздерді ұстаздар қауымын, жаңа заман талабына сай білімін жетілдіруді қолға ала бастады.Әрбір педагогтың білімі мен білігін көтеруді мақсат тұтқан еліміз ұстаздардың білімін жетілдірсе, біз өскелең ұрпақтың білім көкжиегін кеңейтуіміз керек. Ұстаздың өз ісіне деген қызығушылығын арттыру үшін, барынша барлық ресурстармен қамтамасыз ету.Мүмкіндігін пайдалануға шек қоймау, керісінше бағыт-бағдар жасау.Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай сілкіністер бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгеніңді іске қолдана білу» дейді.Бұл әрбір ұстазды ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Жаңа технологияның қыр-сырын меңгерген мұғалімдер білім сапасын арттыруға барынша үлес қосып, ұрпақты жаңа заманға сай біліммен қаруландыратынына сенім мол.«Әрбір ұстаз – білікті маман, әрбір оқушы – ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана отырып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын жетік пайдалануы – жаңа үдеріске жетелейді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады.
Тоқсан ауыз сөздің,тобықтай түйіні Ыбырай Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.» - демекші,«ҰСТАЗ» сөзінің қадірі түспесе екен деймін.Мұғалімнің мәртебесін көтергеннен ешкім кем болмайды,керісінше терезесі тең болар.Біз ұстазын ұлықтаған,тер еңбегін ұмытпаған елміз.
Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында.

1.3.Педагогика мамандығының қоғамдағы орны


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2005 жыл 18 ақпанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында “ XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз” деп бүкіл әлемдік талапты көрсетсе, “ Бәрі де мектептен басталады.Сондықтан біздің –2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек” деп қазіргі білім беруге қатысты нақты талаптар қойғаны баршаға белгілі.
Педагог - елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық.Ондай мамандық иесі әрқашан да өресі биік болып, сөйлеген сөзінен, ойлар ойынан маржандай тізілген ілтипат пен парасаттың өрнектері, әсемдік әлемі көрінетін, көкірегі жақсылыққа тола, мейірімді, білімі біліктілікке ұласқан ізденімпаз, елжанды, адамгершілігі жоғары адам болу керек.
Педагог қызметінің ерекшелігі сол , көптеген мамандықтар секілді педагогтың қолында өлшеуіш немесе басқаша айтқанда приборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы — оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару. Педагог көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал мұның өзі әрқашан күрделі. Түптеп келгенде, қоғам педагогқа ерекше жауапкершілік жүктейді. Педагогқа үйретуге ең көнгіш кезіндегі адам сеніп тапсырылады. Педагог баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады. 
Бүгінгі таңда кейбір ұстаздардың бойкүйездігі, тіпті өз жұмысына немқұрайлы қарайтыны педагогтың қадір-қасиетіне көлеңке түсіруде. Күнделікті күн көрістің қарекетімен мамандықты сан мәрте ауыстырудың өзі педагог беделінің төмендеуіне әкеп соқтырып отыр.
Кейінгі кездерде педагог беделіне деген көзқарастың өзгеріп кеткеніне себептер іздеу қиын емес.Бұлар мыналар:
-“педагог болу үшін, педагог болып туу керек” деген қағидаға
жүгінсек, бұл мамандықты кездейсоқ адамның игеруі :
-жоғары оқу орындарында шалағай білім алып, мектепке оралғанда
беретін сабағын өзі де толық түсіне алмай, оның үстіне оқушыға жеткізе алмауы;
-мектеп қабырғасы ұстаздардың шыңдалу объектісі екенін түсіне
алмайтын, ізденудің жолын білмейтін, сөйтіп шәкіртті өзінен алшақтатып, жұтаң қалып оқшауланатын ұстаздардың табылуы;
-төл басылымдарға жазылу, одан оқып үйреніп, оқу- тәрбие жұмысына
пайдаланылатын ұстаздардың азаюы, яғни рухани азғындау;
-мұғалім беделін көтеретін шешуші тұлға- ағартушы, әдіскер,адамтанушы, адамгершілігі жоғары мектеп басшыларының азаюы;
-қоғамдық орын, қалың жұртшылық пен мектеп арасындағы
байланыстың үзілуі;
-төл оқулықтарды оқыту мақсатындағы жаңа педагогикалық
технологияларды ұстаздардың меңгере алмауы. Бір жақтылықтың, бір сарындылықтың белең алуы;
-ұстаз өз іс-тәжірибесін әріптестерімен бөліспеуі, баспасөз бетіне
жариялауға енжарлық танытуы;
-ұстаздың әлеуметтік жағдайының көп мамандық иелерімен
салыстырғанда төмендігі;
-ұстаздың атқарған еңбегін бағалау әр кезде тиісті бағасын беріп
отырудың өз дәрежесінде болмауы және т.б.
Енді “Неліктен мұғалімдердің басым көпшілігі өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін жетілдіруге мүлде деп айтпасақ та, тиісті дәрежеде көңіл бөлмейді?” деген сұраққа жауап іздестіріп көргенде, сұраққа жауап ретінде мыналарды келтіруге болады:
-жоғары оқу орындарын бітірушілердің кәсіби деңгейінің төмендігі;
-мектеп оқушыларының білімге деген құштарлығы күрт төмендеп, олардың жаппай оқымайтындығынан, оларға “екілік” қоймау және үлгерімдік көрсеткіштерді ұстану талаптарынан туындайтын лажсыздық;
-күнделікті тұрмыс-тіршілік тауқыметінің қысымы;
-мұғалімдердің білім мен біліктілігін, іскерлігі мен кәсіби шеберлігін
шыңдай түсетін арнайы әдістемелік және өзге оқу құралдарының жоқтығы.
Дегенмен мұғалімдердің кәсіби шеберліктерінің шыңдалуына кедергі болып жүрген, көп сөзге тиек бола бермейтін өзге таза субъективті жақтары да бар.
Мысалы: ол педагогтың өз ісінің соңғы нәтижесі түлегінің білімі мен біліктілігінің сапасына жауапкершілігінің жоқтығында. Қазірге дейін жалпы мектеп болып өздері тәрбиелеген түлектердің білімдер деңгейіне жауапкершілігін сезіну, одан тиісті қорытындылар жасау дәрежесі дұрыс жолға қойылмағанын атап өту қажет. Жалпы мектептердің басым көпшілігінде қалыптасқан жағдай мынадай: 5-9 сыныптарда, яғни орта буында, негізінен, кәсіби шеберлігі төмен, іс- тәжірибесі жеткілікті дәрежеде қалыптаса қоймаған жас мамандар дәріс беріп, жоғары сыныптарда бұл оқушылар іс- тәжірибелері молырақ, кәсіби шеберліктері де біршама шыңдалған мамандарға өтеді. Сөйтіп, бұл екі топтағы мамандардың екеуіне де түпкілікті жауапкершіліктен бас тартуға мүмкіншіліктер жасалып қойған. Егер бұлардың алғашқылары тікелей түлек шығаруға қатыспайтынын алға тартса, онда екіншілері қарамағына білім сапасы төмен оқушылардың келгенін арқау етеді. Ал жауапкершілік болмаған жерде ешбір сапа жөнінде әңгіме қозғаудың өзі мағынасыз, бос сөз болатынын ескеру қажет.
Бүгінгі күн мұғалімдердің атына ата-аналар тарапынан әр түрлі
өкпе, реніштер айтылып жатады. Көбіне педагогтардың біліктілігі төмендігі, шәкірттермен арадағы қарым-қатынасы, оқыту әдістерінің көнерген немесе дәстүрлі түрлерінің қолданылуы тілге тиек болады. Осындай кемшіліктер қандай себептерге байланысты орын алып отыр деген заңды сауал туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет