Біріншіден, қазіргі педагогикалық құрамның басым бөлігін 40
жастан асқан мұғалімдер құрайды. Бұл жоғары оқу орындарын бітірген жастар мектептегі педагог кадрлардың қатарын толықтыруға асықпайтынын білдіреді .
Екіншіден, жоғары оқу орындарындағы оқыту дәстүрлі түрде
қалып отыр. Университеттер мен институттардың білім беру бағдарламасы ондаған жылдар бойы өзгертілмей келді. Бұдан шығатын қорытынды: тәжірибелі ұстаздар мен жас мұғалімдер өз мамандығына қатысты жеке тұрғыдан да, кәсіби тұрғыдан да, шамалары бірдей көрсеткішке ие болып отыр.
Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін, педагог жан-жақты білімді, тәрбиелі болуы керек.Ұстазды көргенде жеритін шәкірт емес, оны көруге асығатын шәкірт тәрбиелеу керек.”Ұстаздың төрт құбыласы тең” моделі толығынан іске асқанда ұстаз мәртебелі болады.”Қырық жыл мұғалім болсаң да қырық бес минуттық сабағыңа тиянақты әзірлен” деген қағида соның айғағы.
Қорыта айтқанда,педагогтыңбасты қызметі жаңа қоғамға сай білімді, көкірегі ояу , тәрбиелі, әр уақытта еліне қызмет ететін, оңды-солын білетін жақсы азамат қалыптастыру.Ал, мұғалімнің негізгі міндеті қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту. Сондықтан да жас педагогке жемісті еңбек ете алатын, өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыратын жағдайлар туғызу қажет. Жас мамандардың тіршілігін, еңбегі мен жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім алуын мақсатқа бағыттап ұйымдастыру керек.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан- жақты дамуын, дүниежүзілік алдыңғы қатардағы ақыл- ой мен тәжірибені өскелең өмір талабына жеткізуін, халқымыздың көп жылдар бойы тұншығып келген тілін, мәдениетін, тәлім- тәрбиесін жаңартуды талап етеді. Аса маңызды бұл іс қазақ орта мектебінің, арнаулы және жоғары оқу орындарының оқу мазмұнын әсіресе жас жеткіншектерге тәлім- тәрбие беретін жоғары педагогикалық оқу орындарының түлектеріне - болашақ мұғалімдерге өз мамандығы бойынша терең білім беруге және оқушыны кеңінен танып білуге, олармен тиімді тәрбие жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін оқу мазмұнын тандауға байланысты.
Қазақ халқының көрнекті педагогі Ы.Алтынсарин: «Халық мүдделері үшін ең керектісі- оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды» - деп, мұғалімнің баланы оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі жауапкершілік міндетін жоғары бағалаған. Қазір бұл міндет төмендеген жоқ, қайта ғылыми- техникалық прогреске сәйкес оқушыларға терең білім беру, халқымыздың дәстүрлі мен әдет- ғұрпы, салтына сай имандылыққа тәрбиелеу қажеттілігі туған заманда, мұғалімдерге күрделі жаңа міндет жүктеледі. Осыған байланысты педагогикалық жоғары оқу орындарының жұмысын жаңарту қажеттілігі туады.
Педагогика - жеке адамды қалыптастыруға байланысты белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі жұмыс және білім беру, оқыту, тәрбиелеу әдістері мен формалары, оның мазмұны туралы ғылым.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Әділханқызы Г. «Мұғалімнің жеке тұлғасы және оның кәсіптік мәдениеті»// Ұлағат.-2003.-№2.-36-38б.
2. Крутецкий В.А. Основа педагогической психологии. М.Просвещение, 1972.227-245
3. Асанов Ж. Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі.-Қызылорда, 1993, 21б.
4. Байтеліұлы А. «Мұғалім-адамтанушы мамандық»// Қазақстан мектебі.- 2000- №10.-76-77б.
5.Ахметкәрімов Қ. «Мұғалімнің кәсіптік мәртебесі және беделі туралы ой»//Қазақстан мектебі.-2003.-№9.-48-50б.
6. Дьяченко М.М., Кандыбович Л.А.Психология высшей школы. Минск: БГУ, 1978, 169-170 беттер
7. Педагогикалық энциклопедия. М: Советтік энциклопедия. 4 кітап, 1965, 2- кітап, 739-бет
8.Садықов Ә.Ы.Алтынсариннің педагогикалық пікірлері мен ағартушылық қызметі.Алматы, 1950ж
9. Қазақстан Республикасының қысқаша энциклопедиясы. Алматы, 1988, 3-том, 432 б.
10. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Астана, 1998
Достарыңызбен бөлісу: |