І тарау. Педагогика мамандық және оның қоғамдағы мәні



бет2/4
Дата08.11.2023
өлшемі34,72 Kb.
#190516
1   2   3   4
Байланысты:
Мейрқұл А пед

Тақырыптың міндеті:қоғамдық өмірдің жан-жақты демократияландыруы мен гуманизациялау процесінде сонымен қатар Қазақстан Республикасының білім жүйесінде адами-тұлғалық қатынастың атмосферасын объективті тұрғыдан жасалуын талап етеді. Бұл өз кезегінде кәсіби мемлекеттік – қоғамдық әрбиелеу құрылымдарының өмірден, отбасынан, әлеуметтік-мәдени ортадан алшақтауын жою арқылы балалар мен жастарды әлеуметтік тәрбиелеу жүйесін өзгерту жолдарын іздестіруді қажет етеді.
​ 1991 жылы біздің елімізде әлеуметтік педагог қызметінің енгізілуі кездейсоқтық емес. Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясатының жзастар саясатының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар санасының тигізер әсері мол Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуі, бүгінг таңдағы оқушылардың қоғамға әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге , зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр. Бұл жұмыстарын жүргізуге өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге тықпал етуге қажеттігінен туындап отыр. Бұл жұмыс мамандық қана емес, сонымен қатар, бұл біз қол ұшын беретін, адами
проблемаларын бірге шешетін, проблемаларды тиімді, дұрыс шешілу жолдарын табатын адамдар тағдыры. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек. Болашақта әлеуметтік педагог мамандығы мұғалім мен медицина қызметкерлері секілді бұқаралық сипатқа ие болады. Себебі қоғам үшін «әлеуметтік эпидемиямен» күрескеннен, «әлеуметтік аурулардың» алдын-алу әлдеқайда тиімді екендігі белгілі.


І тарау .Педагогика мамандық және оның қоғамдағы мәні
1.1. Педагогикалық мамандықтың даму перспективалары.
Материалдық және рухани өндірістің салалары сияқты білім беру саласында да мамандық аралық диффренциация тенденциясы байқалады. Бұл заңды процесс педагогикалық мамандық шегінде әр түрлі іс-әрекет барысында көрінуде. Педагогикалық іс-әрекет түрлерінің жаңару процесі ең алдымен тәрбие сипатының өзгеруімен, өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс себептерімен байланысты.
Жаңа педагогикалық мамандықтардың пайда болуы білікті оқыту мен тәрбие сұранысының өсуіне байланысты болып табылады. 70-80 жылдардың өзінде-ақ тәрбие жұмысының негізгі бағыттарына байланысты мамандандыру мәселесі анық көрінді. Ал бұл мәселенің өзі оқушылардың көркем-өнер, спорт, туризм және басқа да әрекеттерін білікті басқару қажеттілігін тудырды.
Сонымен, мамандықтардың кәсіби тобы – әлеуметтік жарамды әрекеттің тұрақты түрлері бойынша біріктірілген, соңғы нәтижесі, арнайы құралдары, пәні бойынша ерекшеленетін мамандықтардың біртұтастығы.
Педагогикалық мамандық – белгілі кәсіби топ шегіндегі әрекет түрі, ол білім алу нәтижесінде игерілген білім, іскерлік, дағдылардың біртұтастығын сипаттайтын және берілетін біліктілікке сәйкес нақты кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді.
Педагогикалық мамандандыру – педагогикалық мамандық шегіндегі іс-әрекеттің нақты түрі. Ол нақты еңбек түрімен және маманның нақты функциясымен байланысты.
Педагогикалық біліктілік – нақты міндеттерді шешуде маманның мүмкіндіктерімен сипатталатын кәсіби-педагогикалық даярлықтың деңгейі мен түрі.
Педагогикалық мамандықтар «Білім беру» кәсіби тобына біріктірілген. Педагогикалық мамандықтардың диффренциациясының негізі осы топ мамандары іс-әрекетінің объектісі мен мақсаты болып табылады. Педагогтардың кәсіби әрекетінің жалпы объектісі – адам, оның жеке тұлғасы. Педагог пен оның іс-әрекетінің объектісі арасындағы қатынас субъект-субъект болып құрылады. Сондықтан бұл топтың мамандықтарын дифференциациялаудың негізі өзара әрекет құралдары ретінде байқалынатын білім, ғылым, мәдениет, өнер саласы.
Мамандықтарды дифференциациялаудың тағы бір негізі – жеке тұлға дамуының жас ерекшелік кезеңдері, яғни педагог пен дамып келе жатқан жеке тұлға арасындағы нақты қатынастың болуы (мектеп жасына дейінгі, бастауыш сынып оқушысы, жеткіншек, жасөспірім, ересек, қарттық).
Мамандықтарды дифференциациялаудың келесі бір негізі – психофизикалық және әлеуметтік факторлармен байланысты жеке тұлға дамуының ерекшеліктері (есту, көрудің бұзылуы, ақыл-ойдың кешеуілдеу, девиантты мінез-құлық және т.б.).
Педагогикалық кәсіпті мамандандыру педагогикалық әрекет түрлерін көрсетуге және тәрбие жұмысының бағыттарына байланысты (еңбек, эстетикалық және т.б.).
Педагогикалық практиканы зерттеуде педагогтың іс-әрекеті әр түрлі міндеттердің тұрғаны айтылады.
Балалар, жасөспірімдер, олардың тәрбиешілері өмірінің қиын кезеңінде әлеуметтік педагогтан көмек сұрайды. Өмірден түңілген, үмітін жоғалтқан, қиындықты басыанан кешірген және проблеманы өздігінен шеше алмаған олар түсіністікті, тілектестікті, адамгершілік қолдауды және нақты көмекті күтеді. Оларға сөзбек және іспен көмектесу, олардың өзіне сенуіне, өзінің құндылықтарын қайта қарауына және кемелденуіне ықпал ету-әлеуметтік педагогтың басты міндеті. Балалар мен жасөспірімдердің жанын түсіну және аялау –әлеуметтік педагогтың негізгі миссиясы. Соңғы он жылдағы болып жатқан өзгерістер рухани – өнегелілік бағдарлауды, тұспалдауды, мұрат етуде көптеген қоғамдық сананың барлық формасының мазмұнына өзгертулер енгізді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет