I-тарау. Түркістан өлкесіндегі алғашқы басылымдар


Ұлттық басылымдарында оқу-ағарту мәселесі



бет3/4
Дата28.01.2018
өлшемі0,61 Mb.
#34721
1   2   3   4

2.2.Ұлттық басылымдарында оқу-ағарту мәселесі.
1920 жылдардағы Халық ағарту комиссариатының жұмыс бағыты жан-жақты даярлық пен әзірлікті талап етті. Оның алдында: сауатсыздықты жою, мектепке дейінгі тәрбие, жаңа еңбек мектебін құру, мамандық алу, жоғарғы білім беру, саяси ағарту, кітап бастыру, өнер мен әдебиеттің түрлі салаларын дамыту жөніндегі мәселелер тұрды.

1918 жылғы 26 шілдеде "Халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы" декрет қабылданды.Сондай шаралар нәтижесіндеТүркістан өлкесінің оқу-ағарту ісі едәуір жандана түсті. Жаңа тұрыптағы советтік мектептер балаларды ана тілдерінде дүние тану негізінде оқыта бастады. Дін мектептен бөлінді. Мұсылман дінінің шариғаттарын советттік мектепттерде насихаттап, тартатуға тиым салынды. Өлкедегі қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен еңбекшілірінің жаңа тұрпаттағы мектепке балаларын көбірек бере бастағаны «Ақ жол» газетінің «Оқу жайы» [40] деген мақаласында айқын көрсетіледі. Газет бұл мақаласын өлкедегі оқу-ағарту мекемелерінің мәліметтері негізінде жариялаған. «1921 жылғы қазанда Түркістандағы бірінші басқыш мектеп-1965, оқушылары - 6604. Екінші басқыш мектеп - 58, оқушысы - 7750, оқытушылары – 618. Бұлардан басқа 502 интернатта 34 мың 125 оқушы, 806 оқытушы...» [41] болғаны келтіріледі. Мұндай оқу орындарында Түркістан республикасындағы 680 мыңнан астам баланың тек төрттен бірі ғана тартырылып отырғанын көрсетіледі.

Өз балаларының ертеңгі болашағын ойлаған еңбекшілер газет редакциялары мен мәдениет мекемелеріне мектеп ашу жайынан тілек хат жазады. Солардың бірі Самарқант облысының Жизақ уезіне қарасты қазақтарда тіпті бастауыш мектептің де болмай отырғанын Бердіқұлұлы әңгімелейді, онда: «Ел баласын оқуға ынталы, бірақ, ашылғалы отырған мектеп жоқ» [42] делінген. Газет осы сияқты оқу-білімге деген ден қоюшылықты үзбей жариялап, өлке халқының өнер-білімге деген ықыласын көрсетіп отырды. Кезінде көтеріліп, бұхара қолдауына ие болып отырған мұндай редакция хаттары оқу тәрбие ісі үшін үлкен маңызы болды. Сонымен қатар газеттің «Халық ағарту істері туралы» бөлімде тұрақты мектеп ашу жағы да көлемді көтерілген.Бұл жөнінен егіншілер қыстағынан интернат ұйымдастырудың өте-мөте қажет екені көрсетіледі. Жаңа бағыттағы мектеп ашу адамзат мәдениетінің босағасын ған аттау екенін,өнер білімді жұрт қатарына теңелу үшін сол мектептердегі оқыту әдісін жетілдіре беру аса маңызды міндет саналатынын түсіндіруді газет өзіне үлкен мақсат тұтты. Бұл тұста қазақ мектептерінде ана тілінде оқыту жайына тоқталып, орыс тілін оқыту методикасының тәжірибесін үлгі етіп ұсынды. Орыс педагогикасының озық әдістері, қазақ тіліне аударылып, оны ұлт мектептерінде пайдалану жолдарымен таныстырады. Бала тәрбиесіне байланысты материалдар газетте «Мектебіміз»деген рубрикамен 1923 жылдан шілде айынан бастап дәйекті жарияланып отырды.

"Халық ағарту ісін туралы" бөлім сұрақтарына түрлі салалынң адамдары мақала жазып, қалам тартты. Бұл арада бір ескеретін жайт-осы адамдардың кім екендігінің белгісіздігі. Мақаласында аты-жөнін толық көрсетпей «Р», «Т», «И» деп көмескіленеді. Немесе «Арқа», «Біреу» сияқты бүркеніш ат қояды.Сондықтан да «Ақ жолдағы» жарияланған оқу-ағарту мәселесі жайлы пікірлерді зерттеуде онда жазылған ұсыныстарды бүгінгі күн талабымен өлшеу, идеялық бағытын сын көзімен таразылау мақсаты қойылғанын айтқан жөн.

Сауатсыздықты тез арада жоюдың озық әдістері баспасөз беттерінде кең таралды. Сауат ашуда өте ұғымталдылық көрсеткендер жұртшылыққа жария етілді. «Ақ жол» газеті сауат ашу ісі жөніндегі осындай игі шараларды көтеріп, бұл науқанның сәтті жүргізілуіне үлесін қосады. Қазақ, қырғыз сияқты көшпелі мал шаруашылығымен айналсқан ел жағдайында сауат ашудың тиімді жолы хат танитын адамнан үзбей оқу екенін, курсты осылай ұйымдастырғанда мұғалім іздеу мен классс дайындау сияқты қиындықтан құтылуға болатынын жазады газет.Сауатсыздықты жою курстары жер-жерде құрылғанын, олардың өз бағдарламасы көлеміндегі оқуын бітіріп еңбекшілердің сауатын ашып жатқанын «Ақжол» қысқа хабар, кейде тәжірибе тұрінде дәйекті жариялап отырды. «Ақ жол» 1924 жылы 9 қазан нөмірінде Жетісу облысында 3520, Сырдария облысынад 970 адамның сауатсыздықты жою мектептерінде оқып жатқанын хабарлайды. Мұнымен қатар «Қосшы» одақтарының жанынан ашылған курстардың жемісті жұмысы жайлы да мәлімет беріп отырған. Мәселен Сырдария облысының «Қосшы» одағының 5720 мүшесі хат танығанын жазады. Оқу-ағарту мен халыққа білім беру ісі «Сана», «Шолпан» журналдары жұмысының басты көріністері болды. Бұл журналдар шама-шарқы келгенше оқу-ағарту мәселесін насихаттауға көп көңіл бөлді.Жасөспірімді зерделі азамат етіп тәрбиелеуде жаңа мектептің ерекше маңызды екенін журналдар бірден қуаттады. Бұл жөнінен «Сана», «Тәрбие-тәлім» және «Мектеп» бөлімдерін ашып онда еңбек мектебінің артықшылықтарын таныстырып отырды.Жаңа тұрыптағы еңбек мектебінің шәкірт тәрбиелеу мақсаты-табиғат пен ондағы тіршіліктің еңбек құдіреті арқылы өзгеретінін түсіндіру екені көрсетіледі.

«Шолпан» журналында да еңбек мектебін түсіндірген материалдар жиі жарияланып тұрды. «Оқу бөлімі», «Түркістандағы халық ағарту ісі»деген бөлімдер ашылып, оқу-ағартуға, бала тәрибесіне байланысты мақалаларды осында жариялады. Бұл бөлімдер сонымен бірге жаңа типті оқу орындарында сабақ өту методикасымен таныстырп отырды. Бала тәрбиесіне байланысты методикалық әдебиеттер «Жас қайрат» журналында да көлемді таныстырылып тұрды.Журналдың «өнер-білім», «Әдебиет», «Қыздар», «Ел ойындары», «Мектеп», «Әдет-ғұрып» деген бөлімдерінде алуан түрлі тақырыпта, көптеген мәселелер көтерілді.

Жетісу халқына өнер-білім мен оқу-ағартудың маңызын түсіндіруде «Тілші» газеті өзінің басты борышы етіп санады. Бұл тақырыпта сөз қозғағанда оқу-білім алу үшін ең алдымен соның алғы шартын жасауды газет негізгі түиін ретінде бағалайды.Осы тұста "Қазақ, қырғыз мектебі қай түрде жасалуы керек?" [43] деген мақала өзінің ілгері тұжырым жасауымен көңілге қонады. Мақала көшпелі мектеп құруға көп ынта бермейді.Советтік дәуірде кедей-батарктардың отырықшылдыққа айналатыны, тіпті олардың осы бағыта қимыл жасауда екені, сондықтан қазақ, қырғыз балаларына тұрақты, орыс мектебі үлгісінде оқу орнын ұйымдастыру қажеттігі көрсетіледі. І.Жансүгіров өзінің «Ауылдағы оқытушылар міндеті» [44] деген мақаласында мұғалім сапасы жайлы сөз қозғайды. «Мұғалім - ауылдағы мәдени қазақ, - дейді автор. Оның міндетінің үлкені мінезін түзету, өзін-өзі ұстай білу, қазақтың салт-санасынан атқа мінерліктен аулақ болу». Ұстаздың білімі, инабаты, оның ізденуінен, көп оқып, көп білуінен, білгенін көңілге тоқуынан жиналмақ. Ұстаздық жөніндегі газет ұсынған түйін міне осындай. «Тілші» жасөспірімдерді заман талабына сай тәрбиелеуде шешуші нерсе оқулық мәселесі екеніне де назар аударады. Мұнде оқу құралдарының Мәскеу, Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында қазақшаға аударылып басылып шықанны хабарланып, оны Жетісу сияқты алыс аймақ мекетептерінің қажетіне жарату шаралары көрсетілген.

Қазақ мектептерінде ана тілін оқытуға байланысты грамматикалық мәселелер төңірегінде газет талқылау, ұсыныс пікірлер жарияланып тұрды.

Мұндай ғылыми ұсыныс, пікірлердің қазіргі қазақ тілі грамматикасының қалыптасуына аз да болса өзіндік үлесі болғаны белгілі. Газеттің «Емелені өзгертуге жоба»[45], «Емелеміз»[46], «Қосымшаларымыз» [47] тағы да басқа материалдарда дұрыс жазу ережелері, түбір сөзге жалғау, жұрнақ қосудың заңдылығы, етістік сөздер хақында алғашқы талдау, ғылыми дәлелге жақындау нышаны бар. «Тілші» сонымен бірге Жетісудағы мәдени өмір тынысын да көрсетіп отыруды әдетіне айналдырған. Облыстық «Білім» қоғамының үш жасқа толуы газетте «Үш жасарлық той» деген тақырыппен берілді. Осы күн құрметіне арнап Верный жастарының «Сәуле» жазба альманағын шығарғаны, оның бірінші данасы оқу-ағарту саласында жемісті еңбек сіңіріп жүрген Б.Сулеев, Ш.Сарыбаев, С.Қожанов, Е.Аралбаевтарға сауға етілгені белгілі.

Жоғарыдағы айтылған газет, журналдар еңбекшілерді өнер-білімге шақыруы-халқымыз мәдениетіне қосылған игілікті қадам еді. Мұнда олардың сауатсыздықты жою мен бала тәрбиесін бір-бірімен байланысты түрде насихаттағаны көрінеді. Мұның жұртшылықты оқу-ағарту ісіне жұмылдыруда тиімді әрі әсерлі әдіс болғанын белгілі. Әсіресе «Ақжол», «Тілші», «Сана», «Шолпан» және «Жас қайрат» газет, журналдарында білім беру сипатын таныстыру бүгінгі талабымен толық көрінеді. Олар еңбекшілерді білімді азамат болуға шақырды. Оңтүстік Қазақстанның алғашқы баспасөздердің тіл, стильдік дамуында «Ақжол» газетінің ықпалы күшті болды. Олардың көпшілігі осы газеттің тіл қолданысын өздеріне үлгі тұтты.Сондықтан бұл баспасөздің журналистік шеберлігін сөз еткенде «Ақжол» материалдары көбірек пайдаланылады.

«Ақжолдың» әдеби тілді қалыптастыруға қосқан игі қадамының бірі-саяси-әлеуметтік маңызды терминдерді дәуір талабына сай бір жүйеге түсіріп, қолдану жөнінде пікір қозғауы болды. Сәкен Сейфуллин өзінің «затқа іздеу, ұғынысқа сөз іздеу»? деген мақаласында әңгіме етеді. Мұнда ол аударуға келмейтін терминдерді сол қалыпында алуды қолдап, одан тілдің баий түспесе, зиян шекпейтінін айтады. Ол «басқа көп халықтарға аты да, заты да бірдей сөздерді қазақшаға аудармай-ақ алу керек»деген ұсыныс жасайды.

Ал Ахмет Мамытұлы болса өзінің «Пән атаулары туралы» деген мақаласында пән атауларын ақылға сиымды түрде аудару мәселесін көтереді. «пән сөздері деген нәрсені тым сығымдамай, өз еркіне жіберу керек кейбір пән сөздерін сыпайылап қазақ тіліне аударадым десең де, пәндегі ойлаған толық мағанасын бере алмайды.Сондықтан, тіпті қисыны келмейтіндерін көп әурелеудің қажеті жоқ па деймін. Мысал үшін меридиан, экватор, азот, полюс, атмосфера т.б сөздерді қанша бұрмаласаң да қазақта лайықты сөз табу қиын, орыс кітаптарында өзінен мәдениеті артық елдің мұндай пәне сөздері өте көп. Онысымен орыс мәдениеті тоқтап қалған жоқ» Мамытұлы ғылыми терминдерді қабылдау, қолдану жөнінде дәуір талабына сай дұрыс ұсыныс жасады. Атаулардың дұрыс қолданудың бала тәрбиесі үшін маңызы зор.Өйткені,оқушы танымы бала жастан шатасқанда, оның болашағының кесірін тигізері ақиқат. «Ғылым атауларын бір жолға салу керек» [48] атты мақалада оқулықтар жайы баяндалады. Жағырафия, оның карталары, геометрия, көк ғылымы /астрономия/, жер ғылымы /геология/, химия, Россия тарихы, адам денесінің құрылысы /анатомия/, қазақ, қырғыз тілдерінің тізімі- бұл кітаптар 1923 жылдың 1 ноябірінен қалдырмай баспаға берілуі үшін даярланып жатқаны хабарланған. Бұдан өзге, ана тілі, арифметика, педагогика оқулықтарының 10 бөлек кітап етіліп тәржімаланғаны, оны шығаруға қазақ- қырғыз білім комиссиясының басшылық жасап отырғаны келтірілген.

Қазақ тілінің 40-50 мың шамалы сөзін қамтитын түсіндірме сөздік жасаудың хал-ахуалын «Қазақтың тіл тізімі /словары/ туралы» [49] деген хабарында С. Оспанов бұл жұмыстың өзіне тапсырылғанын айтады. Газет сонымен бірге, саяси терминдердің қазақ, қырғыз білім комисиясы ұсынған тәртібі негізінде алынғанда дұрыс болатынын да ескертеді.

«Терминология хақында» [50] атты мақала ең алдымен, халық тілінің бай қорын пайдалану, болмағанда туысқан тілдер қорынан қарастыру, орыс, латын тілінің дүние жүзі қабылдаған терминдерін сол қалпында алу принципін көрсетеді. Жаңа кітаптарды газет жұртшылыққа «Жаңа кітаптар» [51] деген рубрика ашып таныстырып отырды. Осындай хабарларда учитель Иса Тоқтыбаевтың «Түркістан географиясы» кітабының баспаға берілгені, онда Түркістанның ықтысады /экономикасы/, саяси- әкімшілігі, жерінің өнімі, өсімдігі, халқы, хайуанаттар дүниесі жөнінде ғылми қуаңды мағлұмат бар екені жазылған. Жұртты бастауыш, жетіжылдық мектеп көлеміндегі огқулықтар жайынан хабардар етіп, ана тілінде жазылған алғашқы кітаптардың маңызын түсіндірді. Ғылми, саяси терминдер жөнінде газет көтерген түбірлі мәселелер осы мазмұндас болды. «Ақжолдың » тіл- стилін анықтауда ондағы мақалалардың сөйлем құрылысы мен сөз қолданыстарын қысқаша таныстыра кеткен жөн. Мұнда газет тіліндегі бір ерекшелік мақал-мәтелдерді ұтымды қолданатыны. Ауылдық совет қызметкерлерінің кейде мекемеден табылмайтынын «Әйтен болса, Бәйтен жоқ» деген қанатты сөзбен мысқылдап жазады. Стилистикада мұндай сөз мағынасын ауыстыра, күшейтіп қолдану экспрессивті тәсіл делінеді. Газетте осы сияқты тапқырлықпен қолданған фразиологиялық тіркестер жиі кездеседі. Мысалы, «Түйеден түскендей, мүйіз сұрап, құлақтан айырылды, екі үштіні бір күшті қосады», тағы басқа мақал-мәтелдер белгілі мақсат үшін үнемі пайдаланылып отырады. Мұның мақала тілін өткірлеп, ойды дәл, пәрменді жеткізуде үлкен рөлі болғаны аян.

«Шолпан», «Жас Қайрат», «Жаңа өріс», «Жас алаш», тағы басқа да баспасөздер жұртпен дидарласып тұрған. Кезінде ел тұрмысынан қала қоймаған, қазір историзмге айналған- әмеңгер, бесікөртті, әжеқабыл, би, болыс, манап, атқамінер, бәйбіше, тоқал сөздерін бүгінгі ұрпақ түсіне бермейді . Бірақ «Ақжол» шығып тұрған дәуірдгі бұл контекстер саяси-әлеуметтік мағыналы болды. Бұған қарамастан газет тілі жаңа заманға байланысты жаңа ұғым беретін атаулардың туғанынан дерек береді. Кеңес, партия, комиссар, азық-түлік саясаты, жер реформасы, контекстер «Қосшы», одағы, жастар одағы, әйелдер бірлестігі, теңдік, право, социализм контекстері жаңа саяси ұғым білдіретін сөздер болды. Бұл халық санасын көтеріп, түсінік аясын кеңітуге қызмет етті. «Ақжол » газетінің тілдік тәсілі публистикалық деуге толық негіз бар. Онда сөйлеу тілі стиліне тең, немесе, соған жақын құрылған: «Мәдениеттен хабарсыз, бірден социализм дәуірімен айқасып отырған қазақ елінің шаруа тіршілігі болса, кім көрінгеннің итімі бойынша жасалып, қолдағы іске асарлық тіршілігіне көрнекті бұйымдардың бәрі де басқа шаруасы күшті, мәдениеті алдағы жұрт қолында, солардың қалағандарымен болып келген » [52] деген сияқты шұбалаңқы текстер көп кездеседі. Баспасөздің тартымды, бұқара талабына үйлес шығып тұруы жолында партия, совет органдарының жауапты қызметкерлері де өз ұсыныс пікірлерін беріп отырған. Газет, журналдар жұмысын жақсарту мақсатында кеңес, ақыл айтқан материалдардың бірі - О. Жандосовтың «Қазақ газеттері туралы » [53] деген мақаласы болды. Мұнда автор Түркістан газеттерінің бір сарындылығы, халықтың тілек- талғамын ескермейтінін, дәуір талабынан кейін қалып отырғандығын атап көрсетеді. Қазақ баспасөзінің өсіп, қалыптасу жолы «Туркестанская правда» газетінде жарияланған «Киргизская газета» [54] деген мақала деректерінде де тәп- тәуір баяндалған.

«Ақжол» тілшілерінің бірінші конференциясы [55] осы қатарлы маңызды мәселелерді алдағы уақытта жандандыра жазу туралы қаулы қабылдады. Бірақ, бұл қаулы газеттің олқылықтарын толық көрсете алмады. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, партия ұяларының тәжірибесіздігі, қожа- молдалардың, бай-манаптардың әлі де құрып бітпегені жөніндегі фактілер «Ақжолда» пәрменді жазаламайтын.

Қазақ әйелдерінің еркіндігін жазғанда да, қарадүрсін насихаттау еді. Ал қыз- келіншектердің оқуына кедергі болып отырған себептер, олармен күресу жолы партия, комсомол ұйымдарының басшылық көмегі , жұмыс тәжірибесі саралап түсіндірілмейтін. Бірақ, бұл кемшіліктеріне қарамастан «Ақжол», 1924 жылы 4000 дана» болып тарайды [56]. Дегенмен, редакция коллективі баспасөзге жазылуды өз хал-қадірінше насихаттайды.Оның кезекті нөмірінде «Қалың қазақ жоқшысы болып келе жатқан қара бұхара газеті», «Ақжолға жазылыңдар», «Жұртшылық құралы-Ақжолды» сүйуші азамат бір айда кемінде 100 жазылушы тауып жіберуді жұртшылық міндеті деп білсін» деген ұрандар жариялап тұрды. Осындай жарнамалар газеттің тиражын 10000-ға жуық жеткізу міндеті қойылып, ол кейде цифрмен, кейде мақалада аталып кететіні байқалады. Бұл деректер оның Оңтүстік Қазақстанда көп таралып, әбден танымал газет болғанын дәлелдейді.

Журнал мен газеттер саяси-әлеуметтік мәселелерді қамтып жазумен қатар, ғылымның түрлі салаларына да қатысты пайдалы материалдарға да жол ашып отырды. Бұл баспасөздегі мақалалардың ғылыми ой-пікірі мен оның қойылу шамасы - олардың мәдени, ғылыми дәрежесін анықтай түсетін мағұлматтар екені анық. Осы тұрғыдан қарағанда «Шолпан» журналына назар аударсақ ол көбіне білім жолын көздеген материалдарға кең орын берді. Мәселен осы мазмұндас мақалалар: Орхон жазуы туралы бірнеше сөз, Жер сілкіну, Дарвин сөзінің негіздері, Өсімдіктердің түзілісі, Ауа, Көктен түскен тас деген тағы да басқа мақалаларының ғылыми-тәрбиелік, үгіт насихаттық маңызы зор екенін айтқан жөн. 1923ж март нөмірінде «Дивани луғат-ат түрк» кітабының 1916 жылы Стамбул қалалсында үш кітап болып қайта басылып шығуына рецензия жариялайды. Бірақ, резенциядағы өте маңызды деректер,оны ғылыми болжам, пікір сатысына көтеріп тұр. Мақалада кітап авторы Махмуд Қашқаридің мынандай сөздері бар: «Мен өзім тұрік қауымдарының шаһарларын,далаларын кезіп жүрдім. Тұріктің тілін,һәм әдебиетін үйрендім. Тұрік болсын, тұрікпен, оғуз, яғма, қырғыз болсын олардың тілі, әдебиеттерін білдім.»[57]

«Шолпан» бұл мақалада түрік тобындағы елге жататын қазақ халқының да өткен тарихына тұрік тобындағы елге жататын қазақ халқының да өткен тарихына кітаптың қатысты екенін ескертеді. « Түрік халқы.... сұлу, жүзі күліп тұрған.... айтқан сөзінен қайтпайтын, уәдесіне берік халық».[58] М.Қашқаридің ертедегі тұркілердің бұл мінездемесінің де ғылым үшін пайдасы зор. Ал журналдағы түркі халықтарының тарихына байланысты «Қазақ, қырғыздың аты, тегі туралы» деген мақала бұл жөніндегі едәуір маңыздылығымен көзге түседі. 1923ж № 6, 7, 8 жұртқа құлақ қағыс етілген бұл мақала түйіні қазақ, қырғыз халықтарының шығу тегі, аталуы, қалыптасуы, мәдениеті,тілі тағы басқалары қаралып, жариялау арқылы өнер-білім, ғылым пайдасын көрсетуді мақсат еткені байқалады.

«Сана» журналында да 1923 жылғы қаңтар айындағы санында Түркістан қазақ, қырғыз білім комисссиясының «Заманымыз мәдениет заманы» деген хатын жариялап, онда өнер білімнің маңызын түсіндіруді көздеді. [59]

«Мәдениетке білім жеткізеді. Білім оңайлықпен қолға түспейді. Білім алуға көп еңбек керек» деп жазылды жұртшылыққа арналған бұл хатта. Мұнан кейін журнал білім алудың жолдарын нұсқайды. Оның ең басты жолы- білімді мұғалім, жақсы жабдықталған мектеп қажеттілігі көрсетіледі. Бірақ солардың жоқытығы, көп мұғалімдердің шала сауатылығын ескертіп, оқулық, кітаптардың, баспасөздің тапшылығы да ескертіліді. Сондықтан, баспасөзді қолға алу, оны елге жақындату, түсінікті тілмен шығару міндеті қойылды. Осы ой, осы міндеттен барып «Сана» туып отыр деп жазды журнал. Сонымен «Сана» ел санасын оятамын, елге өнер-біліммен хабар беремін, мұғалімдерге, жас өспірім шәкірттерге көмекші, кеңесші боламын деп шықты. Осы мақсатпен журнал алғашқыда пайдалы ғылым,тарихи материалдар жариялады. «Түрік-монғол тарихы» деген еңбекте сол елдердің тіршілік, тұрмысымен, өткендегі салт-санасымен таныстырды. Мақалада түрік халықтарының тарихына байланысты құнды деректер келтірілген.

Тарихи, этнографиялық, археологиялық ескерткіштерді іздеу, табу, оны қалай сақтап, тиісті ғылыми орындарға тапсыру мәселесін «Сана» өте маңызды істер қатарына жатқызды. «Бұрынғы заманан қалған заттарды қалай һәм қайдан іздеуге»деген мақалада адам баласының даму сатыларын тас, қола, темір дәуіріне бөліп түсіндіреді. Сонымен қатар медициналық, астрономиялық және техникалық ғылыми ұғымдардан жұртты хабардар етуді көздеген материалдар журналдың «Білім бөлімінде» жарияланып тұрды.


2.3.Қазақ зиялыларының басапасөздегі мақалаларының деректік құндылығы.
Халық ағарту мәселесі Кеңес өкіметінің өмірге келген күнінен бастап екпінді құрылыстың біріне айнала бастады. Сондықтан ағарту мәселесі туралы баспасөз материалдарын ақтарған кезде қазақ зиялыларының көптеген құнды пікірлеріне жолығамыз. Себебі олар Кеңес өкіметінің ағарту реформасын жаппай қолдаушылар болды.

Кеңес идеологиясынада мынандай стереотип орын алды: «өкіметті қолына алған соң, жұмысшы табы мүлдем басқа принциптегі пролетарлық басылымдар құрды, кеңестік басылым - ең әділетті, ең обьективті». Дәлелдеу үшін В.И.Лениннің сөзін пайдаланды: «-басылым кеңес құрылысының қаруы ретінде қызмет етуі керек...» Бұл цитатаны кеңес басылымы туралы партияның күшті құралы,коллективтік насихаттың және коммунизм құру жолындағы күрестің ұйымдастырушысы ретінде тарихшылар мен журналистер жиі қолданды.

Олар мерзімді басылымды Кеңес құрылысының орнатудағы басты құрал ретінде пайдаланды. Лениннің өзі «журнал насихатқа, газет үгітке қызмет етуі керек» деп көрсетті.[60] Бірақ кеңес өкіметі тұсында бұл әдіс Коммунистік партия өз үстемдігін жүргізіп, өз идеологиясын басылым арқылы таратып отырды.

«Интеллигентердің ой қортындыларын аз беру керек.Өмірге жақын болу керек. Жұмысшы және шаруа бұқарасының істе, күнделікті өмірдегі қызметін көрсету керек. Бұл жаңалаудың қаншалықты коммунистік екенін тексеріп отыру керек...»- «Біздің газеттердің сипаты туралы» мақаласында ашып көрсетеді. Бұдан Кеңес өкіметінің газет-журналды әміршіл-әкімшіл жүйенің қозғаушы күші етіп, халықты коммунистік идеологияны дәріптеуге шақырғанын білеміз. Егер басында кеңес басылымдарына сенімсіздік туралы сұрақ туатын болса, онда деректің бұл түрінің деректанулық зерттеушілік ролі көтеріледі. Деректанулық сын формалды ғана болмақ, тек деректің шынтуайттылығын ғана қалыптастырумен шектелмеу керек. Енді ғалымдардың алдында кеңес мерзімді басылымын деректанулық зерттеудің әдісін, бірінші кезекте, қоғамдағы идеологиялық стереотиптің құрылуы мен әрбір жеке адамға әсер ету механизмін анықтауды қайта жасау міндеті тұр . Бюрократиялық жүйе халықтың ең басты рухани азығы- баспасөзді идеологияландыруға тырысты. Сондықтан Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ мерзімді басылым туралы қаулылар шыға бастады. Олар: РКП /б/ YIII-съезінің «Партия және кеңес басылымдары туралы», Х1 съездің «Басылым және насихат туралы», Х11 съезінің «Үгіт, насихат, басылым мәселелері туралы», 1921 жылғы 18 қарашадағы РКП /б/ Орталық Комитетінің губерниалық комиттер мен партия облыстық комитеттеріне «Мерзімді басылымға назар аудару туралы жолдауы», 1924 жылғы 6 ақапндағы РКП/б/ Орталық Комиететінің «Басылым саласындағы партияның кезекті міндеттері туралы», 1924 жылғы 22 ақпанындағы «Басылым және баспа жұмысындағы партиялық басшылықты күшейту туралы» .[61] Қаулылапдың атауынан көріп тұрғанымыздай, мерзімді басылым негізгі кеңестік саясаты жүргізуші болуына партия-кеңес органдары бар күштерін салып бақты. Бұл шаралар тек жоғары жақта бүкіл партиялық аппаратта толық жүргізілген. 1921жылдың басында партиялық жұмысты нұсқауландыру, тексеру және басқару үшін РКП /б/ Орталық Комитеінің үгіт-насихат бөлімі жанындағы басылым бөлімі құрылады: басылым бөлімдері, оның бөлімшелері партияның республикалық, облыстық және губерниялық комитеттерінде құрылады. Журналдар мен газеттер барлық уақытты белгілі бір қоғамдық топтардың идеологиясы мен іс тәжірибесінің өзара қарым-қатынастарының және пікірталастарының құралы болып келді.

Бізідің қарастырмақшы болып отырған мерзімді басылымдардың ішінде жанрға бөліп қарастырсақ, мақалаларды кешенді алып қарау кезінде олардың мазмұнына қарай, төмендегідей талдадық:

-жалпы саяси мақалалар, олар қоғамдық идеологияны сипаттайды. Ағарту реформаларының осы екпінді коммунистік құрылыстың бөлінбес бір бөлігі ретінде қаралғандықтан, бұл мақалалардың ағарту тарихын, дамуын қарау мәселесінде атқаратын ролі зор;

-үгіт-насихаттау стаьялары Кеңес өкіметінің саясатын таратыушылар болып табылады. Біз үгіт насихат мақалаларын қарау арқылы кеңестік ұлттық ойды жоюға қарсы бағытталған саясаттың мәнін ашпақпыз;

-оперативті мақалалар экономикалық және мәдени дамудың ең өзекті мәселелерін көтерді. Зерттеу жұмысымыздың негізгі осы мақалалар болып табылады, себебі қазақ ұлттық зиялы қауымының негізгі көтерген мәселелері қоғамның мәдени даму процесі еді;

А.Байтұрсынов 1913 жылы «Қазақ» газетінің бірінші нөміріндегі оқырмандарға арнау сөзінде басапасөздің қажеттілігі туралы былай айтып өткен болатын: Әуелі, газета- халықтың көзі, құлағы, һәм тілі... Екінші, газет-жұрттың уланбасына медет нәрсе. Олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп ғалым адамдары газета арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп басшылық етіп тұрады. Үшінші, газет – халыққа білім таратушы... Төртінші, газет-халықтың дауысы». Осыдан көріп отырғанымыздай, қазақ зиялылары мерзімді басылымның халықтың санасына әсер ете білетін қуатты күшін сезіне алды. Қазақ оқығандары бұл саясатты Кеңес өкіметі кезінде де жүргізді. Кеңес белсенділерінің қарсы тұруы оларға кедергі бола алмады. Тарихшы М.Қойгелдиев бұл кезеңді былай көрсетті: - Голощекин мен оның төңірегіндегілер алаштық интеллигенцияға қырғи қабақ танытқанымен, С.Садуақасов, жаңа жағдайға бейімделіп, олардың халықтың рухани өмірінде алатын табиғи орнына дақ түсірерлік жарты сөз айтқан емес.Керісінше, ол ескі интеллигенция өкілдеріне шамасы келгенше көмегін берді, өзі редакторлық жасайтын басылым арқылы алаштық интеллигенцияға да пікір білдіруге жағдай жасады. Өйткені, бұрын бар демократиялық мүмкіншіліктердің барған сайын өрісінің тарыла түсуі жағдайында, партияда жоқ творчестволық интеллегенцияға өз пікірлерін жариялап тұрарлық баспа орындары жоқ еді» [62] ХАК- дағы қызмет еткен зиялылар тарихын ашу үшін біз олардың газет- журналдардағы авторлық мақалаларын алдық. Жалпы авторлық мақалаларда әр түрлі материалдар талданып көрсетіледі, осының негізінде қорытынды жасалып, баға беріледі, тек ғана жақсы жақтар ғана емес, сонымен қатар жағымсыз құбылыстар, қиындықтар, жетіспеушіліктер ашылады. 1920-30 жылдарда мерзімді басылымның авторлары нақты пікірлерін білдіріп, ағарту мәселесін кең талдады. Алғашқы кезең- демократияшыл қазақ зиялы қауымының ХАК-ында қызмет еткен тұсы - 1923-30- жылдар аралығы болып табылады. Журнал-газет мақалаларының тарихи дерек құндылығы сынды, олар дәл сол уақытта жазылғандықтан қоғам өмірін, жетістіктер мен кемшіліктердің толық ашып көрсетеді. Олардың негізгі ұстаған мақсаты мерзімді басылым арқылы халыққа, оның ішінде әсіресе жастарды тәрбиелеуге назар аудару еді.

1922 жылы Ә. Байділдинге Москвадан С. Сәдуақасов жазған хатында былай дейді: «Менің пікірімше, біздің болашақтағы міндетіміз мынадай болуы тиіс, біз үкіметті қолымызға алу үшін күреспейміз, бұны бірінші орынға қоймаймыз, қойғанның өзінде қазір бұны істетпейміз. Сондықтан бар күш жастар тәрбиесіне бағыттау керек.» Сондай-ақ бұл пікірді Әлихан Бөкейханов та қолдап, Әділевке мынадай директива береді: «Жастарды тәрбиелеу, қазақ баспасөзінде қызмет істеу және өз кітаптарын шығарудан басқа, Алашқа қызмет ету жолы біз үшін жабылды» [63] Олар газет-журналдарда өз мақалаларын, соның ішінде жастарды тәрбиелеудегі рөлі зор пікірлерін жариялап отырды. Сондықтан мерзімді басылым мақалалары тарихи ақиқатты бейнелейтін, тарихи-ақпараттық құнды дерек болып табылады. Қаншама большевиктік болғанымен, 1920-30 жылдар аралығындағы баспасөзде демократиялық, Кеңес өкіметінің саясатын толық қолдамайтын, тәуелсіз мақалалар жарияланып тұрды және олардың негізгі авторлары қазақ зиялы қауымының көрнекті өкілдері болды.

Ал 1930-36 жылғы мақалаларда Кеңес өкіметінің қысымымен ағарту саласындағы жетістіктерді асыра айту орын алды. Бұл кездегі авторларда кеңес қызметкерлері еді, олардың негізгі мақсаты коммунистік құрылыстың «жаңа мәдениетін дәріптеу» болып келеді. 1930-36 жылдарға тән мәселі, авторлар мәселесі еді. Мақалалардың авторлары маманданған зерттеушілер емес, партия мен кеңес органдарының мәдени немесе ағарту мекемелерінің практикалық қызметкерлері болды. Сондықтан оларды кешенді құрылымдық жол болмады.Авторлар мақалаларында тек мәдениеттің сол кездегі дамуы мен өздерінің қызмет ететін мекемелерінің жұмысына байланысты аспектілерді аша алады. Н.Нұрмахов, Г.Береза, О.Сафро, Х. Амрин, С. Меңдешев, Г. Романов өз мақалаларында Қазақстанда жалпыға бірдей білім беруді жүзеге асырудың бірінші қорытындыларын, қалалардағы, көшпелі және жартылай көшпелі ауылдардағы бастауыш мектептерді құру спецификасын сипаттады. Ш.Әлжанов, Г. Дейнега, Ж.Сәдуақасов қазақ жастарын республика мектептері мен оқу орындарына тарту мәселесіне үлкен көңіл аударып, Қазақстан мектептерінің оқу тәрбие жұмысындағы жетіспеушіліктерін мен тәжірибелерін талдады және ашты. [64]

Бұндай тенденцияны орын алуының себебі - Кеңес үкіметі 1930 жылдарға таман әміршіл- әкімшіл саясатты күшейтіп, Өлкелік Комитеттің үгіт- насихат бөлімі цензураны толық енгізіп, партияда жоқ зиялылардың ең көп қызмет еткен саласы ХАК- ына ерекше назар аударғанннан еді. Осы уақыттығы мақалаларды да негізінен Кеңес өкіметінің ағарту саласындағы жетістіктерін көрсетуді күшейтті. Көптеген сандық көрсекіштерді дақпырттап айту мақалаларда кең орын алып, сапалық көрсетілімдер айтылмады. Алайда мақалаларды біз обьективті көзбен қарасақ, әр-бір мақаланың соңында оқу ісінің кемшіліктерін айтып өтті. Бұдан біз мақала авторларының бюрократиялық саясаттан сескеніп, кемшіліктерді елеусіз көрсетуге тырысқанын байқаймыз. Кейде жетістіктер мен кемшіліктер біріне бірі қарама-қайшы келіп жатты. Зерттеу жұмысымызда бұл қарама-қайшылықты объективті қарауға тырыстық.

Қазақ зиялыларының осы екі тобы өз мақалаларында ағарту және мәдени саладағы өзгерістерді объективті түрде аша білді.Олар ағарту мәселесінің тек жақсы жақтарын ғана көрсетіп қоймай, өмір шындығын, қоғам тынысын кең түрде көрсетті. Біз деректкерді шынтуайтылық принциптермен қарауға тырыстық. Публицистика дегеніміз- публикаға арналған еркін, ашық, жеке сөз. Онда бәрі болуы мүмкін- ғылыми аргументтен бастап индивидуалды байқау эмоцияға дейін. Ол әрқашан қоғамдық іс себебіне байланысты және қарым-қатынасқа байланысты. Мерзімді басылым материалдарының деректі құндылығы сонда- деректер ешқандай жөндеуден өтпейді, дәл сол кездегі автордың пікірін ашып көрсетіп, дәл оқиға болып жатқан кездегі көзқарасты көрсететін еді. Осыған байланысты да көптеген қазақ зиялы қауымы газет-журналдарда шыққан мақалаларға байланысты қудалауға ұшырады. Алайда сонымен қатар олар өз идеяларын қалың бұқараға таратып, белгілі бір дәрежеде ықпал етіп отырды.

1925 жылға дейін Қазақстанда баспасөз қызметі бір арнаға түспеді. Бұрынғы «Қазақ», «Айқап», «Сарыарқа»сияқты белгілі газет-журналдардың «Контрреволюциялық»болып жабылуынан кейін Қазақстанда әр түрлі басылымдар шығып тұрды. Бұл басылымдарға Кеңес өкіметі толық үстемдігін 1925 жылға дейін жүргізе алмады. Оған, әрине, алғашқы кездегі елдегі толық тұрақтылықтың орнамауы, әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілмеуі, өкіметтің толық билікті қолына алмауы себеп болды. Жалпы Ресейлік көлемде баспасөзге үлкен мән беріліп жатса да, Қазақстанг үкіметі мерзімді басылымды идеологияландыруды 1925 жылдан бастады. 1925жылы 2-мамырда РКП/б/ Ортралық Комитетінің Секриториятының мәжілісінде «Қазақ баспасөзінің жағдайы және оны жақсароту шаралары туралы » мәселе қаралды. Бұл мәселені қарау қазақ зиялыларының баспасөзіндегі қызметіне шабуыл еді. Онда саяси линияны дұрыстауда мына шаралар орын алғанын көреміз

а) Қазақ облыстық комитеті мен жергілікті партия органдары жағынан мерзімді басылымға басшылықтың нашарлауы;

б) кейбір мерзімді басылымдарда ұлттық партияда жоқ зиялылардың басшы саяси линияға әсер етуінің барлығы ( «Ақжол », «Сана », «Тілші »);

в) қызметкерлердің жетіспеушілігі және саяси дәрежесінің төмен болуы («Еңбекші қазақ», «Кедей », «Ақжол », «Сана», «Тілші », «Қызыл Қазақстан»);

Осындай кемшіліктерді көрсете отыра, Қазақ облстық комитетіне мына шараларды жасауды ұсынды:

1.Қазақ республикасында мерзімді басылымға партиялық басшылықты күшейту.Баспасөздің органдарының басына журналист-коммунистерді басқа жұмыстардан босатып қою керек.

2.Антикеңестік элементтердің ұлттық әсер етуін жою мақсатында «Ақжол», «Сана», «Тілші», журналдарында партиялық қызметкерледің құрамын күщейту. Сонымен қатар партияда жоқ қазақ зиялыларын идеялық басшылықты қамтамасыз еткен жағдайда ғана баспасөзге жұмысқа тарту керек.

3.«Ақжол», «Еңбекші қазақ» газеттерінің жанындағы оқушылар институтында журналист қазақтарды даярлау үшін курстар ұйымдастыру;

Сондай-ақ мәжіліс мына қаулыларды қабылдады:

4. «Қызыл Қазақстан» журналын (өз жұмысын атқара алмағандықтан) қайта құру қажет.Баспасөз бөліміне журанлдың мазмұны мен көрінісі туралы нақты деректива беру тапсырылды.

5.Ташкент қаласындағы ерекше ғылыми педагогикалық және әдеби «Сана» журналын шығару туралы мақсатсыз деп есептеп, Қазақ облыстық Комитетіне Орынбор қаласында ғылыми педагогикалық ауыл мұғалімдеріне арналған журнал шығаруды ұсынды.

6.Қазақ облыстық комитетіне мерзімді емес басылымдарға басшылықты күшейту ұсынылды.Оқу кітаптарының мазмұнына (хрестоматия, оқуға арналған кітап, әліппе т.б) және қоғамдық саяси және шаруа әдебиетінің сапасының артуына (тілі мен мазмұнының ыңғайлығына) назар аудару керек Қазақстан облыстық Комитетіне осылайша үлкен ескерту жасылынды.Бұл ескертуден соң Қазақ өлкелік Комитетінің басылым бөлігі мен губерниялық комитеттерінің саяси бөлімдері қазақ басапасөзін жақсарту туралы шаралар жасады.Онда өлкелік газет және журналдарға қызметкерлерді таңдауды ақтап, квалификацияны көтеруді, комсомол басылымдарын және «Қызыл Қазақстан» журналының түрін анықтап оған маманданған қызметкерлерді алуға бұйрық берілді Қазақ мерзімді басылымдарына жоғарыдан цензура басталды. Цензураның әсері ең алдымен қазақ зиялыларының сөз бостандығына, еркін ойлауына соққы болып тиді. Қазақстанға жасалынған бұл ескерту әрі қарай жалғасты. Бүкіл қазақ зиялыларын қудалауға және мерзімді басылымды қатаң бақылауға И.В.Сталиннің 1925 жылы 28 мамаырда Қазақ Өлкелік Комитетінің бюросының барлық мүшелеріне арналған хаты үлкен әсер етті. И.В.Сталин хатында «Ақжолдың» жураналымен танысқанын, журналдың «ақгвардияшыл» М.Шоқаевқа материал беріп жатқанын жазады. И.В.Сталин «...мен сынды түсінемін, коммунистердің қызметін сынауға болады. Бірақ жамандық әкелетін сын-біздің сын емес. Бұндай сынға Кеңестер елінде орын болмау керек. Сын буржуазияның қолында коммунизмге, Кеңестер Одағына қарсы құрал болуы мүмкін. Сондықтан мен өзімінің борышым ретінде сіздерден «Ақжол» журналын тез арада қайта құрып, ондағы партияда жоқ зиялыларды қуып, оны коммунистік насихаттың органы ретінде етуге шара қолдануларыңызды сұраймын». И.В.Сталиннің бұл сөзі Қазақстандағы мерзімді басылымға деген сенімсіздікті тудырып, жаппай тексеруге жол берілді. Партияда жоқ зиялылардың мақалаларын жариялау қиынға соқты. Зиялыларға жасырын түрде қуғын басталды. Саяси-ағарту бөлімдері күшейтіліп, мерзімді басылымда үгіт-насихат көзіне айналдрыу шаралары жүргізілді.

Сталиннің 1925 жылғы маусымдағы «Ақжол» газетіне байланысты жорлдаған хатындағы партияда жоқ интелиигенцияға байланысты айтылған пікірлерді өзінше түсініп, басшылыққа алған Ф.И.Голощекин қоғамдық-саяси өмірден қол үзбеген ұлттық интеллигенцияның алғашқы буын өкілерін «буржуазияшыл-ұлтшыл», «алаштық интеллигенция» деп жариялап,соңына түсіп, саяси қудалау және репрессиялық шараларды іске асырды [65] Алайда біз бұл хат дәл сол уақытта іс жүзінде жүзеге асты деп айта алмаймыз.Себебі баспасөзді идеологияландыратын зиялы қауым әлі қалыптаспаған еді. Ал баспасөз редакторлары,ұйымдастырушылары көрнекті қазақ зиялылары еді. Сондықтан 1925 жылға дейінгі аралықта коммунистік,партияның бұл саладағы қызметі толық жүзеге асқан жоқ. Тек алашордашыларды ашық қудалау ғана цензураны орнатты. Алайда, Қазақстан өкіметіне қаулылар түсіп жатты.Олардың негізгі мақсаты - қазақ баспасөзіне айтылған сынан қорытынды шығаруды талап ету. 1925жыл 23 қазанда Орталық Комитеттің Ұйымдастыру Бюросының мәжілісінде «Қазақ басылымдары туралы»арнайы мәселе қаралды. Онда мынандай жетіспеушіліктер атап өтілді:

а) РКП/б/ Қазақ Өлкелік Комитеті тарапынан қазақ басылымдарына басшылықтың нашар болуы;

б) қазақ баспасөз органдарының құрылымының ұйымдастырылу дәрежесінің төмендігі;

в) жергілікті халықтың күнделіктіқажеттігіне журнал мазмұнының сай келмеуі;

г) жалпы оқырмандарға аударма әдебиеттердің жетіспеуі;

Осы олқылықтарды жою мақсатында,Қазақ өлкелік Комитетіне тапсырылды:

1.Партиялық басшылықты күшейту.

2.Басшылық органдардытаңдау және жұмысқа назар аудару.

Сондай-ақ Орталық баспаның қазақ тіліндегі жалпы саяси басылымдарын редакциялық жөндеуден өткізуде олқылықтар болғандықтан, барлық қазақ тіліндегі басылымдарды арнайы саяси редакциядан өткізу жұмысына Ә.Бөкейхановты босату ұсынылды. [66]

Бұндай қаулылар қазақ баспасөзіне үлкен соққы болып тиді, алайда саяси үрдіске жатпайтын ағарту мәселелерін жазуға шектеу салынбады. Сондықтан көптеген қазақ зиялылары тек қана ағарту және ғылым саласымен айналысуға мәжбүр болды. Басқа салаларға қарағанда оларға жол жабылған еді. Ағарту туралы мақалаларды оқып отырсақ кейбір мақалалардың аты мен мазмұны басқа болып шығады. Бұдан мынандай қорытынды шығаруға болады, қудалау басталған соң қазақ зиялылары ағарту және ғылым туралы мақалаларға күдік түспеген соң, өз пікірлерін осы тұрғыдағы мақалалар мазмұнында елеусіз беріп отырды. Сондықтан қазақ зиялыларының саяси-экономикалық көзқарастарын жалпы ағарту туралы мақалалардан табуға болады. Бұл қазақ зиялыларының тарихының ақтаңдақ беттері. Журнал редакторлары белгілі қазақ зиялылары болғандықтан олар партияда жоқ зиялылардың мақалаларын басып отырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет