366
Әдетте, ЖСТД балалардың мектепалды даярлық тобына келіп түсуі
алдында, өткен жылдарда сөйлеу тілі кемістіктері түзелген болса да, сөйлеу
тілі компоненттерінің (фонетика, лексика, грамматика) дәл сол берілген
уақытта белгіленген шамаға келмеуіне байланысты балалармен сөйлеу тілін
дамыту жұмысы келесі топта жалғастырылады.
Сөйлеу тілінің мұндай кешеуілдеуі кейінгі уақытқа дейін жалпы
сөйлеу тілі дамымауының көмескі түрі деп аталып келді.
Сөйлеу тілінің бұл
түрін ресейлік автор Т. Б. Филичева және Қазақстандық автор М. С.
Грушевская зерттеген.
Қазіргі уақытта мұндай сөйлеу тілі дамымауын «ЖСТД 4-деңгейі» деп
белгілейтін болды. (Т. Б. Филичева).
Бұл
деңгейдегі балалар ең алдымен, өз ойларын түйіндеп айта алмаумен
сипатталады. Берілген тақырып, сурет, сюжетті суреттер сериясы бойынша,
тіректі сурет схемасы бойынша әңгіме құрастыру кезінде, жүйелі логикалық
ой бағыты бұзылып,
ортасында тоқтап қалып, негізгі түйінін айтпай кетеді
және жеке эпизодтарды қайталай береді.
Әңгімелеуінде балалар аз ақпарат беретін жәй және жайылма сөйлемдерді
қолданады. 4-деңгейдегі балалар өз ойларын жоспарлай алмайды, тіл
құралдарын іріктеуде қиналады.
Осы деңгейдің барлық балаларын Т. Б. Филичева (1999) екі топқа бөледі
Бірінші топ (шамамен балалардың 70-80 %) – фразалық сөйлеу тілін
пайдалануды меңгергендер. Олар қойылған сұрақтарға дұрыс жауап береді,
сурет бойынша
қысқаша әңгіме құрай алады, жеңіл мәтінді айтып береді.
Сөйлеу тілі нәтижесін терең талдау барысында – оның жоғары дәрежеде
емес екені байқалады.
Сөйлеу тілінің дыбыс айту жағы қалыптасқан, бірақ жеке дыбысты
айтудың бұзылыстары орын алады, аз
таныс, көп буындық және дауыссыз
дыбыстар қатар келген сөздерді қайталап айтуда қиындықтар кездеседі
(
Достарыңызбен бөлісу: