493
ГЛОССАРИЙ
Аграфия
(гр.т.grapho – жазу) – сөйлеу қабілетінің түрлі
кемшіліктеріне
байланысты жазу қабілетінің бұзылуы.
Алексия
(грек тілінен leis-оқу)- бас миының зақымдалу салдарынан оқу
қабілетінің жойылуы. Ол жазу қабілетінің жойылуымен (аграфиямен) және
сөйлеу тілінің бұзылуымен тығыз байланысты.
Анамнез
(грек т. anamnesis- еске түсіру)-
ауру адамның тұрмыс жағдайы
және оның сыртқатының басталу себебі мен даму барысын білдіру туралы
мағлұмат.
Анартрия (
гр.т.arthroo
-
буын) – сөйлей алмау.
Анартрия дизартрияның ауыр
түрі. Дыбыс жарғақтарын қозғауға қатысатын еттің салына байланысты сөйлеу
қабілетінен толық айырылу.
Анализатор
- сыртқы және ішкі дүниенің күрділі
тітіркендіргешерін жеке
элементтерге ажыратып, яғни талдау ( анализ) жасайтын нервтік механизм.
Аппарат
(гр.т. apparatus) – адамның, жануар мен өсімдіктің организмдеріндегі
ерекше бір қызметті атқаратын мүшелердің жиынтығы (мысалы, ас
қорыту
аппараты, артикуляциялық аппарат).
Артикуляция
(лат.т. articulare - бөлшектеу, айықындап анық айту) – сөйлеу тілі
мүшелерінің дыбыстарды айтқан кездегі қажетті орнымен іс-қимылдары,
атқаратын қызметтері.
Афазия
(гр.т. phasis - сөйлеу тілі) – жартылай
немесе толығынан сөйлеу
қабілетінен айырылу. Мидың жарақаттануынан,
мидағы абсцесс, энцефалит
ауыруларының негізінде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: