416
11. Сөйлеу әрекетінің қалыптасуындағы қарым-қатынас пен оқытудың ролін
көрсету.
12. Сөйлеу тілінің функцияларын атау.
13. Сөйлеу тілінің қатынастық (коммуникативті) функциясын сипаттау.
14. Сөйлеу тілі мен ойлаудың өзара байланысын көрсету (Л. С. Выготский).
Тәжірибелік тапсырмалар
1. Кестелер (таблица) мен муляждарда Брока (моторлы), Вернике (сенсорлы)
сөйлеу тілі орталықтарының орналасуын көрсету. Орталықтардың рөлін ашу.
2. Сөйлеу тілі дыбыстары артикуляцияларының
профильдерін сызып,
олардан артикуляция мүшелерін белгілеуге үйрету.
3. Тістенудің суреттері мен көшірме бейнесі бойынша ақаудың түрін
белгілеу.
4. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеу:
1-тапсырма
Сөйлеу аппаратының орталық бөлімінің құрылымы:
1)
Ми қыртысы, ми қыртысы асты, сопақша ми, сопақша ми ядролары,
пирамидальды жолдар.
2)
Ми қыртысы, ми қыртысы асты, сопақша ми.
3)
Ми қыртысы, ми қыртысы асты, пирамидальды жолдар, дауыс жасалу
бөлімі.
4)
Пирамидальды жолдар, ми қыртысы асты, сопақша ми.
5)
Ми қыртысы, ми қыртысы асты, артикуляция бөлімі.
2-тапсырма
Сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің құрылымы:
1)
тыныс алу бөлімі, дауыстың жасалу бөлімі,
2)
артикуляция бөлімі,
3)
тыныс алу бөлімі, дауыстың жасалу бөлімі, артикуляция бөлімі,
4)
дауыстың жасалу бөлімі, сопақша ми,
5)
пирамидальды жолдар.
3-тапсырма
Артикуляцияның белсенді мүшелерін ата:
1)
ерін, тіл, жұмсақ таңдай, астыңғы жақ сүйек,
2)
ерін, тіл, қатты таңдай,
3)
ерін, тіл, жұмсақ таңдай, тістер,
4)
тіл, жұмсақ таңдай, астыңғы жақ сүйек,
5)
тіл, жұмсақ таңдай, еріндер, жоғарғы жақ сүйек.
4-тапсырма
Сөйлеу кезіндегі тыныс алуға тән емес:
1)
дем шығаруда сөйлеу
2)
дем шығару тыныс алудан ұзағырақ
417
3)
тыныс алу қимылдары екі есе аз
4)
сөйлеу тыныс алуда жасалады
5)
тыныс алу ауыз арқылы жасалады
5-тапсырма
Мұрын мен ауыз қуысы арасындағы қалқанның аты:
1)
кеңірдек
2)
жұтқыншақ
3)
тіл
4)
таңдай
5)
трахея
6-тапсырма
Азу тістері тістенген жағдайдағы жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің
қатынасы не?:
1)
тістену
2)
прогения
3)
прогнатия
4)
артикуляциялық аппарат
5)
артикуляция мүшелерінің қалпы
Достарыңызбен бөлісу: