361
деген сөздің мағынасын түсінбейді. Байланыстырып сөйлеу қабілеті
мүлдем дамымаған.
3.
Сөздің, дыбыстың, буынның құрамын сақтап қайталау қабілеті
дамымаған. Бұл деңгейді қысқаша қолданбалы сөйлеу тілінің болмауы деп
сипаттауға болады. Жалпы сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейіне ауысудың
белгісі сол, онда ымдау мен былдыр сөздерден
басқа бұрмаланған болса да
айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болады. Мысалы:
Қыт. Бадя тана теп дүй. (Қыс. Балалар шана теуіп жүр).
Кейбір грамматикалық тұлғаларды ажыратуы бір мезгілде
байқалады. Бірақ бұл тек кейбір грамматикалық категорияларға қатысты
болады. Бұл процесс әлі де болса едәуір тұрақсыз екендігін сипаттайды және
бұндай баланың сөйлеу тілінің дамуының қатты тежелгендігі анық
байқалады. Сөзді көп білмейтіндіктен баланың тілі кедей, ол
өзі білетін
заттардың аттарын атаумен және қимыл-іс әрекеттерін айтып берумен ғана
шектеледі.
Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда, суретке қарап және сұрақ
бойынша әңгімелеуі қарапайым, әрі қысқа
болғанмен грамматикалық
құрылымы мен сөз тізбегі біршама дұрыс. Сөйлеу тілінің грамматикалық
құрылымының жетілуі қанағаттанарлық емес екендігі сөйлеу материалы
күрделенген кезде немесе баланың өзі бұрын сирек естіп, аз қоланған сөздер
мен сөз тіркестерін айту қажет болып қалған жағдайда оңай білінеді. Мұндай
балалар септік жалғаулар мен көптік түрін білдіретін жалғаулардың
мағынасын жете түсінбейді. Жұрнақ, жалғауларды пайдаланып сөз өзгерту
кездейсоқ жағдай, сондықтан да, оны пайдаланғанда әр түрлі қателерді көп
жібереді. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: