354
Сонымен, ЖСТБ-ы әр түрлі белгілермен сипатталатын күрделі ақаулыққа
жатады. Сондықтан дисграфияны түзету жұмысы оның түрін, белгілерін,
механизмін ескере отырып жүргізілуі тиіс.
Логопедиялық жұмыстың
нәтижелі болуы көп жағдайда перспективтік жоспарды дұрыс құрастырып,
оның іске асуына тығыз байланысты болады. Жұмыс жоспары (бағдарлама)
төмендегі талаптарға сәйкес құрастырылуы керек:
-
қазақ тілі пәнінің бағдарламасына сәйкес;
-
ақаулықтың түрін, құрылымын ескеру;
-
онтогенетикалық ықпал ету;
-
сөйлеу тілінің даму деңгейін ескеру;
-
қазіргі кезеңдегі түзету жұмысының жаңа технологиялары мен
көзқарастарды ескеру;
-
логопедия ғылымындағы негізгі қағидаларды басшылыққа алу.
Бағдарламада түзету жұмысының
мақсаты мен міндеттері, мазмұны
дисграфияның түріне байланысты алынады. Мысалы, тілдік талдау мен
жинақтаудың салдарындағы дисграфияда төмендегідей
міндеттерді атауға
болады:
-
сөйлем құрамын талдау
дағдыларын қалыптастыру, дамыту және
жетілдіру;
-
буындық талдау мен жинақтау дағдыларын
қалыптастыру, дамыту
және жетілдіру;
-
фонематикалық талдау мен жинақтау дағдыларын қалыптастыру,
дамыту және жетілдіру.
Акустикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері:
-
естіп қабылдауын дамыту;
-
дыбыс туралы ұғымын қалыптастыру, дамыту;
-
фонематикалық талдау, жинақтауын дамыту;
-
шатастыратын дыбыстарды ажырату дағдысын дамыту.
Аграмматикалық
дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері:
-
затты,
іс-әрекетті,
құбылыстарды
атау
мен
сәйкестендіруін
қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;
-
- сөздің морфологиялық құрылымы туралы түсінігін қалыптастыру,
дамыту және жетілдіру;
-
- сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру, дамыту және
жетілдіру;
-
Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру.
Оптикалық
дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері:
-
көріп қабылдауын, талдауын, жинақтауын дамыту;
-
жазуда шатастыратын дыбыстарды ажырату.
Достарыңызбен бөлісу: