I теоретические основы логопедии



бет192/220
Дата05.02.2022
өлшемі11,49 Mb.
#15214
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   220
Тәжірибелік тапсырмалар
1. Кестелер (таблица) мен муляждарда Брока (моторлы), Вернике (сенсорлы) сөйлеу тілі орталықтарының орналасуын көрсету. Орталықтардың рөлін ашу.
2. Сөйлеу тілі дыбыстары артикуляцияларының профильдерін сызып, олардан артикуляция мүшелерін белгілеуге үйрету.
3. Тістенудің суреттері мен көшірме бейнесі бойынша ақаудың түрін белгілеу.
4. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеу:


1-тапсырма
Сөйлеу аппаратының орталық бөлімінің құрылымы:

  1. Ми қыртысы, ми қыртысы асты, сопақша ми, сопақша ми ядролары, пирамидальды жолдар.

  2. Ми қыртысы, ми қыртысы асты, сопақша ми.

  3. Ми қыртысы, ми қыртысы асты, пирамидальды жолдар, дауыс жасалу бөлімі.

  4. Пирамидальды жолдар, ми қыртысы асты, сопақша ми.

  5. Ми қыртысы, ми қыртысы асты, артикуляция бөлімі.

2-тапсырма
Сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің құрылымы:

  1. тыныс алу бөлімі, дауыстың жасалу бөлімі,

  2. артикуляция бөлімі,

  3. тыныс алу бөлімі, дауыстың жасалу бөлімі, артикуляция бөлімі,

  4. дауыстың жасалу бөлімі, сопақша ми,

  5. пирамидальды жолдар.



3-тапсырма
Артикуляцияның белсенді мүшелерін ата:

  1. ерін, тіл, жұмсақ таңдай, астыңғы жақ сүйек,

  2. ерін, тіл, қатты таңдай,

  3. ерін, тіл, жұмсақ таңдай, тістер,

  4. тіл, жұмсақ таңдай, астыңғы жақ сүйек,

  5. тіл, жұмсақ таңдай, еріндер, жоғарғы жақ сүйек.



4-тапсырма
Сөйлеу кезіндегі тыныс алуға тән емес:

  1. дем шығаруда сөйлеу

  2. дем шығару тыныс алудан ұзағырақ

  3. тыныс алу қимылдары екі есе аз

  4. сөйлеу тыныс алуда жасалады

  5. тыныс алу ауыз арқылы жасалады



5-тапсырма
Мұрын мен ауыз қуысы арасындағы қалқанның аты:

  1. кеңірдек

  2. жұтқыншақ

  3. тіл

  4. таңдай

  5. трахея



6-тапсырма
Азу тістері тістенген жағдайдағы жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің қатынасы не?:

  1. тістену

  2. прогения

  3. прогнатия

  4. артикуляциялық аппарат

  5. артикуляция мүшелерінің қалпы

7-тапсырма
Жұмсақ таңдайдың құйрықшақтығы қалай аталады?:

  1. тіл

  2. қатты таңдай

  3. увуля

  4. тіл асты сіңірі

  5. кеңірдек

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ АРТИКУЛЯТОРЛЫ-АКУСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. «Фонема» түсінігіне сипаттама бер.


2. Фонемелардың негізгі дифференциалды мағынасын ажырату белгілерін ата.
3. Дауыссыз дыбыстар жіктеліміне сипаттама бер:

    • дауыс перделерінің қатысы бойынша,

    • тіл арқасының ортасы қатысы бойынша,

    • жасалу орны бойынша,

    • жасалу тәсілі бойынша.

4. Дауысты дыбыстардың артикуляторлы сипатын ашып айту.
5. Дауысты дыбыстар жіктеліміне сипаттама бер.
6. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылықтарын ата.
7. Жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстар артикуляциясындағы айырмашылықтарды атау.
8. Ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстар артикуляциясындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды атау.


Тәжірибелік тапсырма



  1. Таңдай пердесі жабық болатын екі дыбысты, артикуляциясында таңдай

пердесі ашық болатын екі дыбысты ата.

  1. «С», «Ж» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар. Салыстырып

ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар.

  1. «Ш», «Ж» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар.

Артикуляциялық аппараттың қалпындағы ұқсастығы мен айырмашылығын
анықтаңдар.

  1. Ойланып, талдаңдар.

«Р» дыбысының артикуляциясын сызыңдар, тілдің, жұмсақ таңдайдың, дауыс
пернелерінің қалпына көңіл бөліңдер, «РЬ» дыбысының
артикуляциясымен салыстырыңдар.

  1. «Л», «ЛЬ» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар. Артикуляциялық

аппарат мүшелерінің ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіріңдер.

  1. Ойланып табыңдар. «Ч», сосын «Щ» дыбысын атаңдар, тілдің қалпына

көңіл аударыңдар. Бұл дыбыстардың артикуляциясының айырмашылығы мен ұқсастығы қандай. Профильде (кескінде) көрсетіңдер.

  1. Ойланып, талдап, жауап беріңдер.

Жұмсақ дыбыстарды (С', Ш', Р', П' т.б.) айтқанда тілдің қалпы қалай өзгереді.
Профильде сызып көрсетіңдер.

  1. Ойланып, талдап, жауап беріңдер.

«П-б-м» және «т-д-н» дыбыстарының айтылуы қандай артикуляциялық
мүшелердің жұмысына байланысты.

  1. Ойлан, тап.

«К», «Қ» дыбысының артикуляциясын сызыңдар.
Тілдің, жұмсақ таңдайдың, дауыс желбезегінің қалпына көңіл аударыңдар.
«Г», «Ғ» дыбысының артикуляциясынан айырмашылығы неде?

  1. Ойланып, қатесін тап.

«С» дыбысын айтқанда - ерін жымияды, тістердің арасында 1-1,5 мм саңлау қалады, тілдің ұшы астындағы күрек тістерге тиіп тұрады, тілдің ортасы ойық, тілдің екі бүйірі жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады, жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жабады, дыбыс пернелері ажырайды, ауа жолы әлсіз және суық келеді.

  1. Ойланып, талдаңдар.

«С», «З» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар. Сол дыбыстардың артикуляциясының ұқсастығы мен айырмашылығын табыңдар.

  1. Қай дыбыстың артикуляциясы: Ерін аздап дөңгеленіп, тіл «ожауға»

ұқсатылып таңдайға қарай көтеріледі, бірақ тимейді, тілдің екі жақ бүйірі жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады, жұмсақ таңдай көтеріліп мұрынға баратын ауа жолын жабады, дауыс пернелері ажырайды, ауа жолы күшті және жылы.
13. Ойланып, қатесін тап.
«Ж» дыбысын айтқанда ерін аздап дөңгеленіп алдыға қарай шығыңқы келеді, тіл «ожауға» ұқсап таңдайға көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді, тілдің екі жақ бүйірі жоғары азу тістерге тиеді, жұмсақ таңдай жұтқыншақтың артқы қабырғасына тиіп тұрады, дауыс пернелері ашық, ауа жолы әлсіз, жылы.

  1. Қай дыбыстың артикуляциясы.

Артикуляциялық аппарат мүшелерінің қалпы «Ш» дыбысын айтқандағыдай, бірақ «Ш» дыбысына қарағанда тіл аздап алға қарай жылжыған, сәл көтеріңкі болады.
15. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын ата:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет