I теоретические основы логопедии



бет198/220
Дата05.02.2022
өлшемі11,49 Mb.
#15214
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   220
3-кесте. Ызың-ысқырық дыбыстардың айтылу бұзылыстарының түрлері



Себепкер факторлар

Дыбыс айту бұзылыстарының түрі




Еріндік-тістік

Тісаралық

Тіс-төңіректік

Бүйірлік

Мұрындық

Прогения
















Терең жабық тістену
















Алдыңғы ашық тістену
















Бүйірлік ашық тістену
















Алдыңғы тістері жоқ
















Тіл асты желбезегінің қысқа болуы
















Қатты таңдай жарықшақтығы
















9. Жұмыстың дайындық кезеңінде логопед балаға артикуляциялық жаттығуларды жасауын өтінеді: ерінге – «Жымию», «жалпақ тілді астыңғы ерінге салу», «науа», «түтікше», тілдің ұшына үрлеу.


Логопед баланың артикуляциялық аппаратын қай дыбысты қоюға дайындап жатыр?
10. Баланың ызың дыбыстарды айтуында бұзылыстар байқалады. Логопед келесі артикуляциялық жаттығуларды жасатты: ерінге – «Түтікше», тілге – «кесе», «Дәмді қаймақ», «науа», «серуен».
Жаттығулар кешені дұрыс алынды ма? Дәлелде.
11. Баланың тіл арты дыбыстары бұзылған. Дайындық артикуляциялық жаттығулар кешенін іріктеп алу.
12. Балада «Р», және «Л» дыбыстарының бұзылуы болса, қандай артикуляциялық жаттығуларды алуымыз керек?
13. «Тіл арты дыбыстарды қою тәсілдері» таблицасын толтыру.


5-кесте. Тіл арты дыбыстарын қою тәсілдері.



Түзетілетін дыбыс

Бастапқы буын

1 кезең

2 кезең

3 кезең

К













Қ













Г













Ғ













Х













14. Сөйлеу тілі дыбыстарының бұзылуының фонологиялық және антропофониялық түрлерінде жұмыс айырмашылығын табу.


15. Логопедиялық сабақтың үзіндісімен танысып, жұмыс кезеңін анықтаңыз.


Сабақ үзіндісі.
Тақырыбы: С дыбысы және әрпі.
Сабақ барысы:
Дыбыстың қалыпты артикуляциясын қайталау.
Логопед: Маған қара да, мен қай дыбысты айтайын дегенімді тап. (С дыбысының үнсіз артикуляциясы). С дыбысын айтқанда тіл, ерін, тістер қандай қалыпта болатынын есіңе түсір.
Бала: Еріндер түтікше тәрізді, тістер жақындаған, тілдің ұшы жоғары көтеріледі, көмейде діріл бар.
Жеке дыбысты айту.
Логопед: Ал, енді айна алдында дыбысты айт.
Бала: С-С-С.
Логопед: Жылан қандай дыбыс шығарады?
Бала: С- С-С.
Дыбыс пен әріпті сәйкестендіру.
Логопед: Кескін әліпбиден сен айтқан дыбыстың әріп таңбасын тап. Бұл қай әріп? Осы әріпті сым темірден (моншақтан) жаса.

16. Төмендегі жоспар бойынша логопедиялық сабақтардың үлгісін құрастырыңыз:


- дыбысты қою кезеңіне;
- машықтандыру кезеңіне;
- дыбыстарды ажырату кезеңіне.
Дыбысты қою кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі

Тақырыбы__________________кезеңі______ мақсаттары__________________________


Құрал-жабдықтар:
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Мақсатын баяндау.
3.Артикуляциялық гимнастика.
4.Дыбысты қою.
5.Жеке дыбыстың айтылуын бекіту.
6.Фонематикалық естуін қалыптастыру бойынша жұмыс.
7.Дыбыспен таңбаны сәйкестеу.
8.Үйге тапсырма.
9.Сабақ қорытындысы.


Дыбысты машықтандыру кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі
Тақырыбы:__________________кезеңі______ мақсаттары__________________________
Құрал-жабдықтар:
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Мақсатын баяндау.
3.Артикуляциялық гимнастика.
4.Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру (жасалу
тәсілі және орны бойынша).
5.Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне еңгізу.
6. Дыбыстық талдау, жинақтауды қалыптастыру бойынша жұмыс.
7.Үйге тапсырма.
8.Сабақ қорытындысы.


Дыбысты ажырату кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі

Тақырыбы:__________________кезеңі______ мақсаттары__________________________


Құрал-жабдықтар:
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мақсатын баяндау.
3. Артикуляциялық гимнастика.
4. Шатастыратын дыбыстар артикуляцияларындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтау және оларға сипаттама беру. Дыбыстарды таңбалармен белгілеу.
5. Дыбыстық талдау, жинақтау бойынша жұмыс.
6. Үйге тапсырма.
7. Сабақ қорытындысы.
17. Дыбысты жеке, буында, сөздерде сөйлемдерде машықтандыруға, сөйлеу тілінің дыбыстарын ажыратуға арналған ойын түріндегі тапсырмаларды құрастыру.
18. Дыбысты сөздерде машықтандыру кезеңдегі логопедиялық сабаққа дидактикалық материал іріктеу.
19. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын ата:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет