I теоретические основы логопедии



бет206/220
Дата05.02.2022
өлшемі11,49 Mb.
#15214
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   220
14-тапсырма
Дизартрияның анықтамасы:
A) сөйлеу аппартының анатомиалық физиологиялық ақаулығының салдарынан дыбыс айту мен дыбыстың әуездігінің бұзылуы
B) сөйлеу мүшелерінің иннервациясының жеткіліксіздігіне байланысты дыбыс aйтуы ырғақтылығы, дем алу, дауысының бұзылуы
C) сөйлеу тілінің сөз қоры мен грамматикасы сақталғанда дыбыс айтуының бұзылуы
D) сөйлеу тілінің жалдамдылығы мен ырғақтылығының бұзылуы
E) сөйлеу тілінің мүлдем дамымауы


15-тапсырма
Осы структураның бұзылу салдарынан сопақша ми дизартрия пайда болады:
A) Вернике орталығы
B) ми қыртысы ядроларының бұзылуы
C) жуп нерв жүйелерінің ядроларының бузылуы
D) мишық ядроларының бұзылуы
E) пирамидалық жолдың бузылуы


ТҰТЫҚПА



  1. Тырыспалық емес сипаттағы сөйлеу тілінің темпін және ырғағын сипаттау (брадилалия, тахилалия, т.б.).

  2. Тырыспа сипатындағы сөйлеу тілінің темпін және ырғақтың бұзылуын сипаттау - тұтықпа.

  3. Тұтықпаның патогенетикалық механизмін ашып көрсету.

  4. Тұтықпаның этиологиясын сипаттау.

  5. Тұтықпа формасын және түрін сипаттау.

  6. Тұтықпаға қазіргі көзқарасты сипаттау.

  7. Тұтықпаны жоюдың кешенді (комплексті) әдістерін ашып көрсету.

  8. Тұтықпаның симптоматикасын анықтау.

  9. Тұтықпасы бар адамды тұлға ретіндегі тәрбиелеу қажеттілігін негіздеу.

  10. Тұтықпаны алдын алу негізгі бағыттарын ашу және керектігін негіздеу.

  11. Тұтықпасы бар балаларды тексеруінің мазмұнын және ерекшеліктерін ашу.

  12. Тұттықпаны түзету бойынша әдістемелерді атау және оның түрлілігін түсіндіру.

  13. Тұтықпасы бар мектепке дейінгі балалармен логопедиялық жұмыстың өзіндік ерекшеліктерін көрсету.

  14. Тұтықпасы бар мектеп жасындағы балалармен логопедиялық жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері.

  15. Тұтығатын жасөспірім және ересектермен логопедиялық жұмыстың өзіндік ерекшеліктерін көрсету.

  16. Тұтықпасы бар балалар үшін арнайы балабақша бағдарламасының негізгі бөлімдерін атау.



Тәжірибелік тапсырмалар
І. Тұтықпа түрін анықтау:
а) Бұзылыстың психогендік негізгі бар; тұтықпа – қалыпты сөйлеу тілі онтогенезі фонында байқалады. Клиникалық көрінудің психогендік факторға тәуелділігі байқалады.
Тұлғаның сөздік кемістікке деген реакциясы бар.
б) Орталық жүйке жүйесінің ерте диффуздық зақымы байқалады; сөздік онтогенездің кейбір кешеулдеуі; тұтықпаның біртіндеп басталуы.
Сөйлеу тілінің бұзылысының монотондығы, бірқалыптылығы, оның сыртқы жағдайдан аз тәуелділігі. Тұтықпаның дыбыс айтудың бұзылысымен жиі сәйкестенуі. Тұлғаның сөйлеу тілі кемістігіне деген реакциясының төмен болуы. Клиникалық сипаттауда ОЖЖ-ң органикалық жетіспеушілігінің белгілерінің болуы.

ІІ. Графикалық жазу:


___ Невротикалық тұтықпа

^ Невроз тәріздес тұтықпа


а) Тұтықпа психогенді-реактивті түрінде басталады;


б) Сөйлеу тілі дамуының, жалпы моторикасының кеш дамуы тән;
в) Тұтықпа көбінесе біртіндеп басталады, сөйлеу тілінде сөз тіркестері қалыптасқан кезде байқалады;
г) Сөйлеу тілінде сөз тіркестеріні ерте байқалады;
д) Алғашқы сөз бір жастан кейін пайда болады, сөз тіркесі 2-2,5 жаста қалыптасады, сөз қоры баяу толықтырылады.
ІІІ. Тұтығатын баланың анамнезін жинауға арналған сұрақтарды келесі бағыттар бойынша тұжырымдап, дәптерге жазу:
- ананың жүктілігінің өтуі және босануы;
- балада сөйлеу функциясының қалыптасу сипаты;
- моторлы сферасының дамуының сипаты;
- ауырған аурулары;
Ұсынылған сұрақтарды негіздеп беру.
ІV. Келесі педагогикалық міндеттерді шешу:


1-педагогикалық тапсырма
Тұтығатын баланы зерттеуде логопед мынандай тапсырмаларды қолданды. 3-5 бөліктен тұратын суретті құрастыру, суреттер топтамасын кезектілікпен қою, не өзгергенін табу, т.б.
Тапсырманың қандай мақсаттеп қолданады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет