6-кесте. Ринолалиядағы бұзылыстардың сипаты.
Ринолалия түрлері
|
ОЖЖ органикалық зақымдануы
|
Сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің органикалық зақымдануы
|
ОЖЖ функциональді бұзылысы
|
Сөйлеу аппаратының шеткі бөліміндегі функциональді бұзылыс
|
Ашық органикалық ринолалия
|
|
|
|
|
Функциональді ашық ринолалия
|
|
|
|
|
Функциональді жабық ринолалия
|
|
|
|
|
Органикалық жабық ринолалия
|
|
|
|
|
Жауаптардың дұрыс нұсқаларын атау:
1-тапсырма
Ринолалияда артикуляция аппаратының құрылымындағы маңызды болып есептелетін ақаулық:
прогения
прогнатия
қатты таңдай жарықшағы
тіл асты желбезегінің қысқалығы
тілдің көп қозғалмайтындығы
2-тапсырма
Ринолалияға тән емес себеп:
мұрын қуысындағы полиптер
жұмсақ таңдай жарықшағы
субмукозды жарықша
икемсіз, жіңішке тіл
жоғарғы еріннің жарықшағы
3-тапсырма
Жабық ринолалияның пайда болуында маңызды фактор:
субмукозды жарықша
увуляның екіге бөлінуі
мұрын қуысындағы аденоидтер
жұмсақ таңдай жарықшағы
ерін жарықшағы
4-тапсырма
Ашық ринолалияның себебі:
мұрын қалқасының қисаюы
біржақтың тесік жарықшағы
мұрын қуысындағы полиптер
аденоидтер
жіңішке, көп қозғалмайтын тіл
5-тапсырма
Органикалық жабық ринолалияға себеп болмайды:
аденоидттің өсуі
полиптер
жұмсақ таңдай парезі
мұрын қалқасының қисаюы
сыртқы мұрындағы ісіктер
6-тапсырма
Ашық ринолалияға себеп болмайды:
жұмсақ таңдайдың қысқаруы
қатты таңдайдың жарықшағы
жұмсақ таңдайдың жарықшағы
субмукозды жарықша
мұрын-жұтқыншақтың ісіктері
7-тапсырма
Ашық ринолалияға себеп болатын механизмді ата:
жіңішке тіл
тілді ауыз қуысының түбіне жылжытуы
жұмсақ және қатты таңдай құрылымындағы ақаулықтар
тілдің түбінің жоғары орналасуы
прогения
8-тапсырма
Ринолалиясы бар баланың сөйлеу тіліне тән:
сөйлеу тілінің анықсыздығы
импрессивті сөйлеу тілі қалыпты дамиды
сөйлеу тілі кеш дамиды
дауысты дыбыстар дұрыс айтылады
дауыссыз дыбыстар мұрынмен айтылады
9-тапсырма
Ринолалиясы бар баланың сөйлеу тіліне тән емес:
«к-г» дыбыстары айтылмайды немесе жарылып шығады
ерін және ерін-тістік дыбыстар «м» дыбысына жуық дыбыстарға ұқсас болады
экспрессивті сөйлеу тілінде сапалы өзгерістер болады
дауысты дыбыстар әлсіз артикуляциямен сипатталады
дыбыстардың жеке топтары бұзылған
10. Операцияға дейінгі кезеңде ринолалиясы бар баламен жұмыс жүргізудің қажетті екенін дәлелдеу.
11. Тәжірибелік тапсырманы орындау:
Тәжірибелік тапсырма
Міндеттердің ішінен төмендегілерге қатысты міндеттерді тандаңдар:
а) ринолалиясы бар баламен операцияға дейінгі кезеңге,
ә) операциядан кейінгі кезеңге:
1. Естіп бақылау және фонематикалық қабылдауын дамыту
2. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуын қалыптастыру
3. Сауатын ашу
4. Артикулеманы қалыптастыру
5. Таңдай пердесін белсенділеу
12. Ринолалияда дыбыстармен жұмыстың кезектілігін жазу.
13. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын атау:
10-тапсырма
Ашық ринолалияны түзетуде қолданбайтын логопедиялық жұмыстың қағидасын ата:
физиологиялық тыныс алуды қолдану қағидасы
артикуляциямен тыныс алуды бір уақытта қалыптастыру
кешенділік қағидасы
сөйлеу тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтуын басынан бастап
қалыптастыру
дыбыстар бойынша жұмыстың кезектілігі дыбыстардың артикуляциялық базасының дайындығына байланысты болады.
11-тапсырма
Ринолалияда түзету-педагогикалық іс-шаралардың дайындық кезеңіне тән емес жұмыс ерекшеліктері:
артикуляция мен тыныс алуды бір уақытта дамыту
дыбыстарды айтқан кезде баланы естіп бақылауына максимальді түрде назарын аудартпау
жаңа жаттығуды меңгеру алдында меңгерген жаттығулар кешенін үнемі қайталап отыру
дисграфияның алдын алу
ауыз арқылы дұрыс тыныс алуын қалыптастыру
12-тапсырма
Операцияға дейін ринолалиясы бар баламен түзету-педагогикалық іс-шаралардың негізгі кезеңіндегі логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері:
өз дыбыс айтуын саналы түрде естіп бақылау (қадағалау)
үйреніп жатқан дыбыстардың әріп таңбаларын еңгізу
баланың естіп бақылауына назарын аудартпау
дыбыстарды машықтандыру және ажырату
дисграфияның алдын алу
13-тапсырма
Ринолалиядағы операциядан кейінгі логопедиялық жұмыс неге бағытталған:
ұсақ моториканы жетілдіруге
жалпы моториканы жетілдіруге
дыбыс айту дағдыларын жаңа жағдайда бекітуге
дұрыс диафрагмальді тыныс алуын жетілдіруге
ауыз арқылы қысқа тыныс алуын дамытуға
14-тапсырма
Берілген жаттығулардың қайсысы таңдай пердесін белсендіру үшін қолданылады:
еріндер жымияды
жалпақ тіл
есінеу
тілді тақылдату
сағат
15-тапсырма
Берілген жаттығулардың қайсысы таңдай пердесін белсендіру үшін қолданылмайды:
өз бетінше жөтелу
есінеу
суды шағын жұтымдармен жұту
науа
басты шалқайтып тамақты шайқау
Достарыңызбен бөлісу: |