Дыбысты қою кезеңіндегі жұмыс алгоритмінің үлгісі
ДҚА (дыбыстың қалыпты артикуляциясы)
ДАБТ (дыбыс айтуының бұзылуының түрі)
АЖ (артикуляциялық жаттығулар)
ДҚТ (дыбысты қою тәсілі)
ДЖА (дыбысты жеке айтуы)
Дыбысты қою кезеңінде берілетін тапсырмалар
ДҚА: - Дыбыс артикуляциясының профилін сызу.
- Дыбысқа сипаттама беру.
ДАБТ: - бұзылған дыбыстың артикуляциясын сызу.
- ақаулыққа бейімдейтін факторларды атап беру.
- профильде ақаулыққа тән белгілерін көрсету.
- дыбыстың бұзылуын анықтау (магнитофон, бейне таспаға
жазылған үлгілер бойынша, дыбыс бұзылуын модельдеу).
- дыбыс бұзылуын модельдеу.
АЖ: - дыбысты қоюға дайындау мақсатымен артикуляциялық жаттығу
кешенін іріктеу.
- айна алдында артикуляциялық жаттығуларды орындау.
- студенттердің АЖ іріктеу және орындауында қателерін табу,
оларға негіздеме беру.
ДҚТ: Дыбыс қою үшін ең тиімді тәсілді атап көрсету:
а) еліктеу арқылы
б) механикалық
в) аралас
г) сақталған дыбыстан
д) артикуляцияны бөліктерге бөлу.
ДЖА: Дыбысты жеке айтуын қалыптастыру және бекіту.
- дыбысты жеке айтуын машықтандыруға арналған ойын тәсілдерін
іріктеу.
- үнсіз артикуляция бойынша логопед қандай дыбысты айтқысы
келді, соны сезу.
- аталған сөздердің басында қандай дыбыс естіледі (бала тек бірінші
дыбысты атайды.
- осы тапсырманы орындаған кезде қандай міндеттер шешіледі?
- дыбысты қою кезеңінің логопедиялық сабақ үзіндісімен танысып,
қолданған тәсілдерін талдау.
дыбысты қою кезеңінің сабақ конспектісін құру.
Тақырыбы: «Ш-Ж дыбыстары».
Сабақ үзіндісімен танысып, алгоритм бойынша оның орнын анықтаңыздар.
Сабақ үзіндісі
Тақырыбы: «Ш дыбысы мен әрпі»
Логопед: Маған қарашы. Мен қай дыбысты айтқым кеп тұр? (дыбыстың үнсіз артикуляциясы).
Бұл дыбысты айтқан кезде ерін, тіс, тіл қандай қалыпта болатынын есіңе түсір.
Сабақ үзіндісі
Логопед: Екеуміз «Жаңғырық» ойынын ойнайық. Мен буындарды ақырын айтамын, ал сен оларды қатты дауыспен қайтала ( ша, шо, шу, аш, ош, уш)
Сабақ үзіндісі
Логопед: Алдыңда жатқан суреттерді дұрыс таратып бер. Тышқанға «Ш» дыбысымен, ал қонжыққа –«Ж» дыбысымен.
Логопедиялық сабақтар жоспарының үлгілерімен танысыңыздар.
РИНОЛАЛИЯ
1. Ринолалияға сипаттамасын айтып үш қырынан: медициналық, педагогикалық, психологиялық жағынан анықтама беріңіздер:
2. Ринолалиядағы сөйлеу тілі процесінің этиологиясын, симптоматикасын, механизмін ашып көрсету.
3. Ринолалиясы бар балалар тұлғасының ерекшеліктерін сипаттаңдар.
4. Осы сөйлеу тілі бұзылысының дислалия және ринофониядан айырмашылығын көрсетіңдер.
5. Ринолалияны жоюдың әдістемелерін (А. Г.Ипполитова, И. И. Ермакова) сипаттап беріңдер.
6. Ринолалиясы бар балаларды медициналық-психологиялық-педагогикалық оңалтудың негізгі бағыттарын атаңдар.
Тәжірибелік тапсырмалар
1. Ринолалиясы бар бала туралы анамнезді жинау үшін сұрақтар тізімін
дайындап, жұмыс дәптеріне жазу.
2. Ринолалиясы бар балалардың сөйлеу тілінің просодикалық жағын тексеруге арналған тапсырмаларды дайындап жұмыс дәптеріне жазу. Сұраққа жауап беру: «Ринолалиясы бар баланы тексергенде просодиканың қандай ерекшеліктеріне назар аудару қажет?».
3. Ринолалиясы бар баланың артикуляциялық аппаратының құрылымы мен қозғалысын тексеруге арналған тапсырмалар тізімін дайындап жұмыс дәптеріне жазу. Сұраққа жауап беру: «Ринолалиясы бар баланы тексергенде артикуляциялық аппарат құрылымының және қозғалысының қандай ерекшеліктеріне ерекше назар аудару қажет?»
4. Субмукозды (кілегей асты) жарықшақтықты айқындау тәсілдерін іріктеп жұмыс дәптеріне жазу.
5. Ринолалиясы бар оқушылардың жазуындағы қателер мысалдарын келтіріп, олардың пайда болу себептерін түсіндіру.
6. Ринолалиясы бар балалардың биологиялық есту қабілетінің не себептен төмен болатынын дәлелеу.
7. Ринолалиясы бар балалардың көбінің фонематикалық түсініктері неліктен кешігіп қалыптасатынын дәлелдеу.
8. Кестені толтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |