2-педагогикалық тапсырма
Логопед тұттығатын баланың сөйлеу тілін мына кезектілікпен
тексереді: өз бетімен сөйлеуі (спонтанная речь), сурет бойынша әңгіме құрастыру, таңдаған мәтінді айту, логопедтің артынан қайталау, логопедпен қоса айту, сыбырлап айту.
Логопедтің әрекетімен келісесіңдер ме?
Көзқарастарыңды негіздеңдер.
V. Мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың сөйлеу картасының үзіндісін талдау:
а) Тексеру барысында дидактикалық қағидаоардың жүзеге асуын нақты мысалда көрсету;
б) Тұтықпаның шығу ерекшеліктерін анықтау үшін қолданған тәсіл мен әдістерді атау.
VI. Логопедиялық зерттеу хаттамасын «Анамнез», «Жалпы дамуы», «Жалпы және артикуляциялық моторикасының жағдайы» бөлімдер бойынша құру.
.
VII. И.И.Руденконың мақаласы бойынша хабарлама дайындау. («Сөйлеу кемістігі бар мектепке дейінгі балалармен логопедиялық ритмика»). [Коррекционная педагогика 2005, №1]
VII. Педагогикалық міндеттерді шешу:
1-педагогикалық тапсырма
Сабақ үзіндісі бойынша әдістеменің авторын анықтау.
Логопед: - Сен не істеп жатырсың?
Бала: - Мен жалаушаларды жабыстырып отырмын.
Логопед: - Ал сен, Сауле, не істеп жатырсың?
Бала: - Мен де жалаушаларды жабыстырып жатырмын.
Логопед: - Ал сен, Асхат, не істеп жатырсың?
Бала: - Мен көк жалаушаларды жабыстырып жатырмын.
2-педагогикалық тапсырма
Сабақ үзіндісі бойынша тұтықпаны түзету әдістемесін анықтау:
Логопед: - Тыңдаңдар, сосын артынан қайталаңдар, мен еденнен допты көтердім.
Бала: қайталайды
Логопед: - Бұл доп – ашық көк түсті
Бала: қайталайды.
3-педагогикалық тапсырма
Логопед В. И. Рожденственскаяның әдістемесі бойынша сабақ
жүргізеді. Бірінші сабақтан спонтанды сөйлеу тілін жаттықтырады. Логопед дұрыс жасады ма?
4-педагогикалық тапсырма
Сабақ С. А. Миронованың әдістемесімен жүргізіледі.
Екінші сабақта логопед бір балаларға бір құрамды жауаппен, басқаларға – екі құрамды жауаппен жауап беруін талап етеді.
Талдаңдар.
5-педагогикалық тапсырма
Логопед М. А. Чевелева әдістемесі бойынша сабақ жүргізеді.
- босансу жаттығулары;
- тыныс алу жаттығулары;
- дауыс жаттығулары;
- сөздік жаттығулар (сөз бен қимылды үйлестіруге арналған);
- сөздік үстел үсті ойындары, мәтінді айту.
Сабақтың үзіндісін талдап, қорытынды жасау.
Кестені толтырыңдар.
8-кесте. Мектепке дейінгі тұтықпа балалардаы оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының мазмұны.
Квартал
|
Сөйлеу тілі түрі
|
Көрнекілік
|
1 квартал
2 квартал
3 квартал
4 квартал
|
|
|
Х. Тұтығатын балалар үшін арнайы балабақшаның бағдарламасынан әр кварталдың міндетін және мазмұнын жазып алу.
ХІ. Тұтығатын балаларға арналған арнайы балабақшаның жұмысының перспективті жоспары негізінде сабақ жоспарын құру.
Топтағы студенттермен талдау.
ХІІ. Тұтығатын балалаға арналған арнайы балабақшаның кварталды және сабақ жоспарымен танысу.
ХІІІ. Педагогикалық тапсырманы орындау.
1-педагогикалық тапсырма
Логопедиялық сабақ үзіндісін талдау. Сабақ конспектісі қандай
әдістеме бойынша құрылған? Жұмыс деңгейін анықтау.
Логопед: - Сен оң жаққа неше таяқша қойдың?
Бала: - екі
Логопед: - Ал сол жаққа ше?
Бала: - бір
Ескерту: Баланың сөйлеу тілі толық емес жауаптан тұрады, ол тек көз алдындағы заттың атын атаумен шектелген.
Достарыңызбен бөлісу: |