Аграфия (гр.т.grapho – жазу) – сөйлеу қабілетінің түрлі кемшіліктеріне байланысты жазу қабілетінің бұзылуы.
Алексия (грек тілінен leis-оқу)- бас миының зақымдалу салдарынан оқу қабілетінің жойылуы. Ол жазу қабілетінің жойылуымен (аграфиямен) және сөйлеу тілінің бұзылуымен тығыз байланысты.
Анамнез(грек т. anamnesis- еске түсіру)- ауру адамның тұрмыс жағдайы және оның сыртқатының басталу себебі мен даму барысын білдіру туралы мағлұмат.
Анартрия ( гр.т.arthroo-буын) – сөйлей алмау. Анартрия дизартрияның ауыр түрі. Дыбыс жарғақтарын қозғауға қатысатын еттің салына байланысты сөйлеу қабілетінен толық айырылу.
Анализатор- сыртқы және ішкі дүниенің күрділі тітіркендіргешерін жеке элементтерге ажыратып, яғни талдау ( анализ) жасайтын нервтік механизм.
Аппарат (гр.т. apparatus) – адамның, жануар мен өсімдіктің организмдеріндегі ерекше бір қызметті атқаратын мүшелердің жиынтығы (мысалы, ас қорыту аппараты, артикуляциялық аппарат).
Артикуляция (лат.т. articulare - бөлшектеу, айықындап анық айту) – сөйлеу тілі мүшелерінің дыбыстарды айтқан кездегі қажетті орнымен іс-қимылдары, атқаратын қызметтері.
Афазия (гр.т. phasis - сөйлеу тілі) – жартылай немесе толығынан сөйлеу қабілетінен айырылу. Мидың жарақаттануынан, мидағы абсцесс, энцефалит ауыруларының негізінде пайда болады.