Полиморфтыдислалия – артикуляция аппаратындағы іс-қимылдары ұқсас айтылатын екі немесе бірнеше топтағы дыбыстардың жинақталған мүкістіктері.
Ринолалия (гр.т. rhinos - мұрын, lalia - сөйлеу тілі) - сөйлеу тілі аппаратының анатомо –физиологиялық ақаулығына байланысты дауыстың әуезділігі мен дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Дыбыстар мұрындық реңкімен айтылады.
Сөйлеу аппараты – тіл дыбыстарын айтуға қатысатын екі бөліктен тұратын (орталық және шеткі) мүшелер жүйесі.
Сөйлеу тілі бұзылуының симптомы – сөйлеу әрекетінің қандай болса да бұзылыстың белгісі (көрінісі). Сөйлеу тілі бұзылуының симптоматикасы - сөйлеу әрекетінің бұзылыстар белгілерінің жыинтығы.