I теоретические основы логопедии



бет200/220
Дата05.02.2022
өлшемі11,49 Mb.
#15214
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   220
13-тапсырма
Балаға тіл ұшын тістер арасына қысып «ы» дыбысын ұзақ созып айту ұсынылды. Қай дыбысты қою жүргізіліп отыр:

  1. с

  1. ш

  1. л

  2. к

  3. б

14-тапсырма
Бала келесі артикуляциялық жаттығуларды жасай алады: «серуен», «қоршау», «жел», «жымию». Артикуляциялық аппаратты қай дыбысты қоюға дайындап жатырмыз:

  1. ш-ж

  1. с

  1. р

  2. н

  3. л

15- тапсырма
Сенсорлы функциональді дислалияның себебі болатын факторды ата:

  1. артикуляция мүшелерінің органикалық зақымдануы

  2. жіңішке естіп ажыратудың пайда болуына кедергі жасайтын нейродинамикалық әлсіздік

  3. Сөйлеу тілі моторикасының дамымауы

  4. Артикуляциял аппаратының құрылымында зақымдану байқалғанда

  5. Жұмсақ және қатты таңдай жарықшағы болғанда



16-тапсырма
«Кесе» артикуляциялық жаттығуын алдымен ауыз қуысынан тыс, сосын ауыз қуысында жасау қай дыбысты қоюда қолданылады:

  1. з

  2. ц

  3. к

  4. ш

  5. л



17- тапсырма
Балаға «Саңырауқұлақ» жаттығуын жасатып, кейіннен жасалған түйісуді күшті ауа ағынымен үземіз. Қай дыбыс бойынша жұмыс жасап отырмыз:

  1. ж

  2. з

  3. р

  4. ш

  5. б

18-тапсырма
Дыбысты дұрыс айтудың орнына бала тілдің фонетикалық жүйесінде жоқ дыбысты айтса, қандай бұзылыс болып есептеледі:

  1. ауыстыру

  2. дыбысты айтпау

  3. бұрмалап айту

  4. еліктеу

  5. жетілмеу



19- тапсырма
Балаға мынандай артикуляциялық жаттығуларды жасатады: «қайық», «дауылпазшы», «ат шабады». Артикуляциялық аппаратты қай дыбысты қоюға дайындап жатыр

  1. ж

  1. з

  1. д

  2. р

  3. г

20- тапсырма
Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар.
Күфігім
Өві адамға үйірфек,
Өліп-өфіп ойнайды.
Қиқулафып вүгірфек,
Қафып вүр деп ойлайды.


21-тапсырма
Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар.
Әде
Дұмтағанда барамыд
Тілін дәйім аламыд.
Әде бідің панамыд,
Әде үлкен анамыд.
22-тапсырма
Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар.
Әкем менің - қауынсы,
Сесем менің - сауынсы,
Ағам менің - егінсі,
Зеңгем менің - тігінсі.
23-тапсырма
Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар.
Кеште
Тұлымшағы титтей,
Қарындашым беште.
Ойын қуып кетпей,
Отыр тігіп кеште.


24-тапсырма
Тіс аралық сигматизмінде мына өлең қалай айтылар еді?
Пеш қасында мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі оның қышып отыр.


25-тапсырма
«Р» дыбысының бұзылып айту үлгісін жасаңдар (фонологиялық бұзылу түрін).
Көл бойында
Көк құс отыр.
Көк құстың маңайында
Көп құс отыр.

20. Дыбыс айтуды түзетуде қолданылатын бірнеше тәсілдер ойластырыңыздар. Сол тапсырмалар мен тәсілдерге түзетушілік негіз беріңіздер.


21. Сөйлеу тілінің дыбыстарын балалардың жас ерекшеліктерін, бағдарлама талаптарын ескеріп түзетуге арналған тапсырмаларды студенттердің өздік жұмысында төмендегідей схема бойынша құрауы:
а) тапсырма атауы
ә) түзетушілік негізі
б) қай жастағы балаларға арналған
в) тапсырма сипаттамасы
Іскер ойын ретінде тапсырмаларды орындау.
Студенттердің ұсынған тапсырмаларын талдау.

22. Базалық мектепке барып, дислалиясы бар баламен әр кезеңдегі логопедиялық сабақтарды көру. Сабақтардың стенограммаларын жазу.


23. Қатысқан сабақтарды схема бойынша талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет