I теоретические основы логопедии



бет208/220
Дата05.02.2022
өлшемі11,49 Mb.
#15214
түріОқулық
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   220
2-педагогикалық тапсырма
Түзету жұмысының негізгі бағыттарын анықтау.
Бала туралы мәлімет: Асель О. 5 жас. Қыз зиялы отбасында тәрбиеленеді. Айналасындағылардың сөйлеу тілі мазмұны жағынан қиын, жылдамдығы жағынан тез. Тыныш, тілалғыш бала болып өсуде. Өзбетіншілікке, қалауына жетуге талпынысын көрсетпейді. Ересектер баланың өзбетіншілік әрекеттерін оятпайды, керісінше инициатива әрқашан олардың қолында. Сәтсіздікке жоғары сезімділік, өзіне сенбеу әдеті қызға тән.
Сөйлеу тілі жай, сенімсіз. Зерттеу барысында өзіне сенімсіз, бірде-бір конструкциялық тапсырманы өзі орындамайды.Үлкендермен қарым-қатынасы нашар.
Ата-аналарға ұсыныс:


1-педагогикалық тапсырма
Сөйлеу қорытынды тұжырымдау, түзету жұмысының негізгі
бағыттарын анықтау.
Бала туралы мәлімет: Ата-аналар қызының күшейген тұттықпасы жайында келген. Сөйлеу тілі нашар, сөздік қоры аз. Анасы қызының балабақшадағы басқа балаларға қарағанда тапсырманы баяу орындайтынын айтты. Үйде баланы жылдамдыққа тәрбиелейді, тапсырманы баяу орындаса жазаланады.
Ата-аналарға ұсыныс:
2-педагогикалық тапсырма
Сөйлеу қорытынды тұжырымдау, түзету жұмысының негізгі
бағыттарын анықтау.
Бала туралы мәлімет: М. Ерлан – белсенді. Өз бетінше әрекет етуге талпынады. Ұзақ уақыт өзі ойнайды, басталған сабақты үлкендердің өтініші бойынша тоқтатпай тек өз қалауынша жасады.
Ата-аналар мұндай тыңдамаушылықпен күресе бастады, баланың әрекетін күштеп тоқтатты. Балада бей берекетсіздік, қозу қаситеттері пайда болды, өзіне тән өнімділікті, салмақтылықты жоғалтты.
«Қайта тәрбиелеу» кезеңі баланың сөз тіркесі қалыптасқан кезеңімен сәйкес келді. Осы кезде ата-анасы баланың тілін күштеп түзеп, «ересектердің тіліне» көндірді . Балада тұтықпа пайда болды.
Ата-аналарға ұсыныс:
ХІV. Жауаптың дұрыс нұсқасын таңда:


1-тапсырма
Сөйлеу тілінің бұзылуының қандай түрінде тыртысу байқалады:

  1. брадилалия

  2. тахилалия

  3. дезартрия

  4. логоневроз

  5. дислалия



2-тапсырма
Тұтықпасы бар баланың сөйлеу тілін тексеруді қандай тапсырмадан бастаған тиімді:

  1. спонтанттық сөйлеу

  2. суретке қарап әңгіме

  3. түсінік айту

  4. қайталап айту

  5. бірге айту



3-тапсырма
Тұтықпаға бейімдейтін негізгі себеп:

  1. психиканың зақымдануы

  2. қорқу

  3. зақымдану (травма)

  4. нерв жүйесінің әлсіздігі

  5. сөйлеу материалдарының шамадан тыс жүктелуі



4-апсырма
Тұтықпаның невроз тәріздес түріне тән белгілер:
1. тілдің ерте, тез шығуы
2. жылдам сөйлегенде жалғаулардың жұтылуы
3. тілдің кеш шығуы, сөздік қордың аздығы
4. тұтықпа бірден басталады
5.тұттықпа екі жастада пайда болуы мүмкін.


5-тапсырма
Тұтықпаның негізгі белгісін ата:

  1. вегетативті нерв жүйесінің бұзылуы

  2. ұсақ, жалпы моториканың бұзылуы

  3. сөйлегендегі діріл

  4. сөйлеу тілдң дамымауы

  5. сөйлеуден қорқу

6-тапсырма
Тұтығуға тән емес белгі:

  1. кемшілікті сезбейді

  2. сөйлеуге назар аудару сөйлеуді нашарлатады

  3. таныс мәтінді дұрыс оқиды

  4. қысым жасалғанда сөйлеу нашарлайды

  5. таныс емес жағдайда сөйлеу нашарлайды



7-тапсырма
Емдеу-сауықтыру жұмыстарына не жатады:

  1. жеке зерттеу

  2. ЛФК, массаж

  3. логопедиялық тексеру

  4. психотерапия элементтері

  5. логопедиялық сабақтар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет