I теоретические основы логопедии



бет210/220
Дата05.02.2022
өлшемі11,49 Mb.
#15214
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   220
Тәжірибелік тапсырмалар
І. Алалияға шалдыққан және есту қабілеті бұзылған балаларға тән белгілерді сәйкестендіру. Кестені толтыру.

Кесте. Алалия және есту қабілетінің бұзылысын ажырату





Белгілері

Сенсорлы алалия

Есту қабілеті бұзылған балалар

1. Дауысы: төмен, модулденбеген, интонация – ланбаған







2. Ерте жаста анасының даусына, бәсең дауысқа реакциясы бар.







3. Дыбыс күшейткіш аппаратты қолдану қарсы реакция тудырады.







4. Дауысы ұяң, интонациясы бай, сөз екпіндер оқытусыз пайда болады.







5. Дыбыс күшейткіш аппаратты қолдану сөйлеу тілін қабылдауын жақсартады.







6. Ерте балалық шақта дыбыстарға, анасының дауысына реакция береді.







7. Дыбысталған сөйлеу тілі өз бетінен пайда болады.







8. Дыбысталған сөйлеу тілі оқыту нәтижесінде пайда болады.







ІІ. Жауаптың дұрыс нұсқасын таңда.




1-тапсырма
Моторлы алалия ненің зақымдалу салдарынан болуы мүмкін
1) Доминантты ми сыңарының самай жағының
2) Төменгі маңдай қатпарларының артқы бөлігінің
3) Мишықтың
4) Пирамидалық жолдардың
5) Қыртыс асты түйіншектің


2-тапсырма
Моторлы алалияға тән емес фактор.
1) Айтқан сөзді түсінудің бұзылуы
2) Қатынас мотивациясының қалыптаспауы
3) Бір қимылдан екінші қимылға көшу қиынға соғады
4) Оральды апраксия
5) Сөйлеу тілінің моторлы іске асыруының қиындықтары.


3-тапсырма
Сенсорлы алалияға тән емес фактор.
1) күрделі қимылын дифференциалдауды қиындықпен игереді.
2) Сөзсіз дыбыстарды сезгіштігі жоғары
3) Фонематикалық есту қабілеті қалыптаспаған
4) Тіл дыбыстарын естіп қабылдау қабілеті төмен
5) Зат пен заттың атын білдіретін сөздің арасындағы байланыс қалыптаспайды


4-тапсырма
Моторлы алалияны түзету жұмысын неден бастайды
1) Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру
2) Дыбыс айтуын түзету
3) Сөйлем құрастыру
4) Белсенді, енжар сөз қорын толықтыру
5) Сөз өзгерту, сөз жасау


5-тапсырма
Алалияның этиологиясы
1) ОНЖ функционалдық зақымдалуы
2) Сөйлеу аппарытының шеткі бөлігінің органикалық бұзылуы
3) ОНЖ органикалық зақымдалуы
4) Сөйлеу моторикасының функционалдық бұзылуы
5) Сөйлеу аппаратының анатомиялық ақаулықтары


6-тапсырма
Алалияны болдырмайтын фактор
1) Туғанда жарақат алуы
2) Асфиксия
3) Тұқым қуалау
4) Іште жатқанда менингит, энцефалит болуы
5) Іште жатқанда немесе туғаннан кейін мидың жарақатануы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет