16-тапсырма
Түзету-педагогикалық іс-әрекетте ауыз және мұрын арқылы тыныс алуды ажырату үшін қолдануға болатын жаттығу:
тілдің ұшына үрлеу
жіңішке қағаз жолақшасына үрлеу
мұрын арқылы ауа алып, ауыз арқылы шығару
мамықты үрлеу
резеңке допқа белсенді түрде үрлеу
17-тапсырма
Операцияға дейінгі кезеңде жұмыстың қай түрін қолдануға болмайды:
«Шамды үрлеп өшір»
жұмсақ таңдай массажы
стақанға үрлеу
«Кімнің добы әрірек ұшады»
«Допты қақпаға кіргіз»
18-тапсырма
Жабық ринолалияны жоюдағы жұмыс түрлерін қажетті кезектілікте орналастыр:
ом, ам, эм, ум буындарымен жұмыс
мұрын арқылы айтылатын дыбыстардың сөз соңында айтылуын үйрету (там, қалам).
«м» және «н» дыбыстары бойынша жұмыс
мұрын, ауыз арқылы тыныс алуды ажырату
хирургиялық көмек
ма, мо, ми, мэ буындарымен жұмыс.
ДИЗАРТРИЯ
1. Дизартрияның әр түрлі формаларының этиологиясын және патогенезін сипаттау.
2. Мидың локальді бұзылуын ескере отырып дизартрияның клиникалық көрінісіне сипаттама беру.
3. Дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілін сипаттау.
4. МДБ (минимальді дизартриялық бұзылыс) анықтама беру, көрінісін сипаттап беру.
5. Дизартрия мен дислалияның дифферинциалды диагностикасының негізгі міндеттері мен принциптерін ашып беру.
6. Дизартриясы бар балаларды тексерудің мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін сипаттау.
7. Дизартрия кезінде түзету жұмысының негізгі бағыттарын сипаттау.
8. Дизартриясы бар балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық жағын түзетуінің ерекшеліктерін ашып беру.
9. Сал бұлшық еттерін белсендіруге арналған массаж тәсілдерін ашып айту.
10. Спастикалық бұлшық еттерін босансытуға арналған массаж тәсілдерін ашып айту.
11. Массаждың әсерінің механизмін түсіндіру.
12. «Еңжар, белсенді-еңжар, белсенді гимнастика» деген ұғымды ашып айту.
13. Дизартрия кезінде арнайы логопедиялық гимнастиканың міндетін түсіндіру.
Тәжірибелік тапсырмалар
1. Анамнез мәліметтерін талдап, қорытынды шығару.
1-үзінді
Сөйлеу статусі
Гуілдеу қай кезде пайда болды? 4,5 айда
Былдыр қай кезде пайда болды? 6-7 айда
Бірінші сөздері шыққан кезі? 2 жастан кейін
Фразалық сөйлеу тілі қалыптаса бастаған кезі? 5 жасқа таяу.
Қорытынды::
2-үзінді
Моторлы аясының дамуы.
Басын қашан ұстай бастады? 3-4 айында
Қашан отыра бастады? 6-6,5 айында
Қашан жүре бастады? Көмекпен 4 жасынан бастап.
Қорытынды:
3-үзінді
Өз-өзіне қызмет көрсету дағдылары: бала өз бетінше киіне алмайды, аяқ қиімінің бауын байлай алмайды, қолына қасық, кесені әзер ұстайды.
Қорытынды:
2. Дизартрияның көмескі түрі мен дислалияны ажыратуға арналған сынақтар қатарын іріктеп, дәптерге жазу.
3. Дизартриясы бар балалардың жалпы моторикасын дамытуға бағытталған тапсырмаларды іріктеп, дәптерге жазу.
4. Дизартриясы бар балалардың ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған тапсырмаларды іріктеп, дәптерге жазу.
5. Дизартриясы бар балалардың артикуляциялық моторикасын дамытуға бағытталған тапсырмаларды іріктеп, дәптерге жазу.
6. Дизартриясы бар балалардың стереогнозын және конструктивті праксисін дамытуға бағытталған тапсырмаларды ойлап, дәптерге жазу.
7. «Рефлексті болдырмайтын қалпының» бірнеше түрлерін іріктеп, дәптерге жазу.
8. Тәжірибелік есептерді шешу.
1-тапсырма
Тексеру барысында логопед мұрын-ерін және маңдай қатпарларларына, көз саңылауына назар аударады. Бас сүйек ми жүйкесінің қандай қызметі (функциясы) тексеріліп жатқанын анықтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |