I теоретические основы логопедии



бет201/220
Дата05.02.2022
өлшемі11,49 Mb.
#15214
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   220
Логопедиялық топтық сабақты талдау үлгісі
1.Жұмыс кезеңдеріне және сөйлеу тілі қорытындысына сәйкес сабақтың тақырыбы, мақсаттарының, құрылуы
2. Тақырыбы бойынша сабақтар жүйесіндегі осы сабақтың орны, алдыңғы және кейінгі сабақтармен байланысы.
3. Сабақтың көрнекі құралдары:
а) сабаққа көрнекіліктің дайындығы және оның бар-жоғы.
ә) балалардың даму ерекшеліктеріне және сабақ мақсатына көрнекіліктің сәйкес келуі, оларды осы сабаққа іріктеудің орындылығы.
б) көрнекі құралдардың жалпы дидактикалық және эстетикалық талаптарға сәйкес келуі.
в) сабақтың оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталуы және олардың лайықтылығы.
4. Сабақ кезеңдерінің бір бірімен байланысы, ақталғандығы.
Сабақтың білімділік, түзетушілік және тәрбиелік мақсаттарының бір- біріне бағыныңқылығы және байланысы. Ой әрекетін белсендіру тәсілдері.
5. Сабаққа сөйлеу материалының іріктеліп алынуы.
а) сөйлеу материалдарының сабақтың фонетика, лексика, грамматикалық тақырыбына сәйкестігі;
ә) сөйлеу материалының қолжетерлігі.
6. Сөйлеу әрекетінің түрлері:
а) еліктеу, оқу, суреттерді атау, сұрақтарға жауап беру,өзіндік сөйлеу:
ә) сабақта сөйлеу белсенділігі.
7. Грамматикалық құрылысын қалыптастыруда сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуін белсендіру әдістері.
8. Топтық және жеке жұмыстың үйлесімділігі.
9. Пәнаралық және пәнішілік байланыстың жүзеге асырылуы.
10. Сабақта өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуы.(көмек түрлері және сипаттары).
11. Мұғалімнің сабаққа дайындығы:
а) теориялық білімі, әр түрлі тәсілдерді қолдану біліктілігі және жұмыс түрлері, сабақты жүргізу техникасын білуі.
ә) арнайы әдебиеттерді қолдана білуі.
б) сабақ барысында әр баланың тұлғалық ерекшелігіне сәйкес мақтау- мадақтау және ұялту әдістерін қолдану біліктілігі.
в) мұғалімнің сөйлеуі: анықтылығы, нақтылығы, эмоционалдығы.
12. Оқушылардың сабаққа қатысуы:
а) қызығушылығы;
ә) белсенділігі;
б) инициативтілігі;
13. Сабақтың тұтастығы және аяқталуы. Логопедиялық сабақ барысында оқушылардың алған білімі, дағдылары.
14. Қорытынды және ұсыныстар:
а) сабақты өткізу кезіндегі қиындықтар;
ә) сабақты жалпы бағалау, негізгі жетістіктері, шығармашылық ізденістері;
б) негізгі кемшіліктер мен ескертулер;
24. Логопедиялық сабақтардың конспектілерін талдау негізінде сабақтың, өңделуіне, мазмұнына қойылатын талаптарды атау. Жұмыс дәптеріне жазу.
25. Төмендегі үлгі бойынша дислалиясы бар балалармен өткізілген логопедиялық сабақтың толық конспектісін құрастыру:
- сөйлеу тілінің қорытындысын шығару,
- балалардың жасын көрсету;
- дыбыс бойынша жұмыстың кезеңін,тақырыбын белгілеу;
- сабақтың мақсаттарын белгілеу (білімділік, түзетушілік)
- дыбыс бойынша жұмыстың кезеңіне байланысты түзету немесе дыбысты машықтандыру тәсілдерін белгіле;
- сөйлеу тілі, көрнекілік, дидактикалық материал іріктеп алу;
- балаларға берілетін тапсырмалардың кезектіліген белгілеу;
- сабақтың бөлімдерін нақты сипаттау.
26. Сабақтардың үзінділерін ойын түрінде өткізу. Талдау.


1-тапсырма
Дыбысты түзету жұмысының алгоритмімен танысыңыздар.

  1. Дыбысты қою кезеңіндегі жұмыс алгоритмі:

- дыбыстың қалыпты артикуляциясын айту (ДҚА);
- дыбыс айтуының бұзылуының түрін анықтау (ДАБТ);
- артикуляциялық жаттығулар кешенін анықтау (АЖ);
- дыбысты қою тәсілін анықтау (ДҚТ);
- дыбысты жеке айтуы (ДЖА).

  1. Дыбысты машықтандыру кезеңіндегі жұмыс алгоритмі:

- дыбыстың қалыпты артикуляциясын айту (ДҚА);
- дыбысты жеке айтуын бекіту (ДЖА);
- дыбысты буынға кіргізу (ДБК);
- дыбысты сөйлемге кіргізу (ДСК).

  1. Дыбысты ажырату кезеңіндегі жұмыс алгоритмі:

- дыбыстардың қалыпты артикуляциясын салыстыру (ДҚАС);
- дыбыстардың жеке айтуын ажыратуға үйрету (ДЖА);
- дыбыстарды буында ажырату (ДБА);
- дыбыстарды сөзде ажырату (ДСөз.А);
- дыбыстарды сөйлемде ажырату (ДСА)
- дыбыстарды өз бетінше сөйлеуінде ажырату (Д.өз б.СА).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   220




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет